«Көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 тамыздағы № 1024 қаулысына баспасөз релизі
«Көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 тамыздағы № 1024 қаулысы Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 12-бабының 17-2) тармақшасының негізінде қабылданды.
Қаулы көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану тәртібін белгілейді.
Қаулыға «Құқықтық мониторинг, сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мен ҚР АШМ жанындағы Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңестің ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың оң қорытындысы бар.
Қаулы ормандарды қорғау жөніндегі шараларды көздейді, бұл ретте оны іске асыру жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайтуға немесе ұлғайтуға ықпал етпейді.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі