«Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының көрнекті ғалым гидрогеологы, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафиннің туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. «2012-2014 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 3-өөкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген 2012-2014 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:
«
8-1. |
Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафиннің 100 жылдығы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ, Алматы қаласының әкімдігі |
2012 жыл |
».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1075 қаулысымен
бекітілген
Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафиннің туғанына 100 жыл толуына
дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шараның Атауы |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Қаржыландыру көздері |
Болжамды шығыстар (мың теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
У.М.Ахмедсафиннің ғылыми суретті библиографиясын басып шығару |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
2012 жылғы маусым-тамыз |
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының және «У.М.Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке қаражаты |
300,0 |
2 |
У.М.Ахмедсафиннің 100 жылдығына арналған халықаралық конференцияны ұйымдастыру және өткізу. Конференция қорытындылары бойынша материалдар жинағын басып шығару |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
2012 жылғы қаңтар-қыркүйек |
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының және «У.М.Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке қаражаты |
4 660,0 |
Барлығы |
4 960,0 |