Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафиннің туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1075 Қаулысы

      «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының көрнекті ғалым гидрогеологы, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафиннің туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. «2012-2014 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 3-өөкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген 2012-2014 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:

«

8-1.

Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафиннің 100 жылдығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, Алматы қаласының әкімдігі

2012 жыл

».

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1075 қаулысымен
бекітілген    

Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафиннің туғанына 100 жыл толуына
дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шараның Атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1

У.М.Ахмедсафиннің ғылыми суретті библиографиясын басып шығару

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2012 жылғы маусым-тамыз

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының және «У.М.Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке қаражаты

300,0

2

У.М.Ахмедсафиннің 100 жылдығына арналған халықаралық конференцияны ұйымдастыру және өткізу. Конференция қорытындылары бойынша материалдар жинағын басып шығару

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2012 жылғы қаңтар-қыркүйек

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының және «У.М.Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке қаражаты

4 660,0





Барлығы

4 960,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады