Орман қорын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1087 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1) «Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1182 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 482-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 1002 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 746-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2012 жылғы 27 тамыздағы  
№ 1087 қаулысымен    
бекiтiлген      

Орман қорын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және орман қорын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу тәртiбiн айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).
      2. Орман қорын мемлекеттiк есепке алу (бұдан әрi – есепке алу) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi, орман пайдалануды, орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiне жүйелi бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.
      Ерекше қорғалатын орманды аумақтар мемлекеттік орман қоры құрамында жеке бөлінеді және ескеріледі.
      Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің және мемлекеттік табиғи резерваттардың шекараларында орналасқан мемлекеттік табиғат ескерткіштері солардың құрамында ескеріледі.
      3. Ескерiлетiн көрсеткiштерiне байланысты есепке алу жыл сайынғы және кезеңдiк есепке алу болып бөлiнедi, олар есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жүргiзiледi.
      4. Жыл сайынғы есепке алуды жүргiзу кезiнде аудандар, қалалар, облыстар және республика бойынша төменде көрсетілген деректер:
      1) мемлекеттiк орман қорының санаттары бойынша мемлекеттiк орман қоры алқаптарының алаңдары (мемлекеттiк орман иеленушiлер бойынша);
      2) жекеше орман қорының алаңдары (жекеше орман иеленушiлер бойынша) ескерiледi.
      5. Кезеңдiк есепке алу бес жылда бiр рет жүргiзiледi.
      Кезеңдiк есепке алуды жүргiзу кезiнде басым ағаш және бұта тұқымдылары мен жас топтары бойынша сүрек қорларының бар-жоғы, орман шаруашылығын жүргiзу және орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн бағалау үшiн қажет орман қорының қорғалу және экономикалық сипаттамалары туралы жыл сайынғы есептiң деректерiне қосымша деректер ескерiледi.
      6. Орман қорының алаңы 0,05 гектардан асатын (дөңгелектеп алғанда 0,1 гектарға дейiн) барлық учаскелерi есепке алынуға жатады. Орман қорын есепке алуды жүргізу жөніндегі құжаттамада мәлiметтер тұтас гектарлар күйiнде келтiрiледi.
      7. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      «1) орман қорын қорғау, күзету, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы);
      2) мемлекеттік орман орналастыру ұйымы – орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы қарауындағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметі орман ресурстарының есебін, орман қорын аумақтық орналастыруды, ормандардың мемлекеттік мониторингін, орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануды жоспарлауды қамтамасыз етуге бағытталған.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртібі

      8. Есепке алу құжаттамасын жүргiзу тәртiбiн, есепке алу көрсеткiштерiнiң тiзбесiн, тиiстi құжаттардың нысандарын, есепке алу материалдарын беру мерзiмдерiн уәкiлеттi органның ведомствосы айқындайды.
      9. Мемлекеттiк орман қорында есепке алынуға:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда);
      2) мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн берiлген табиғи және қолдан өсiрілген ормандар, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;
      3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелер жатады.
      10. Жекеше орман қорының құрамында есепке алынуға жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген жерлерде солардың қаражаты есебінен құрылған:
      1) қолдан өсірілген екпелер;
      2) тұқымнан және (немесе) өсу жолымен пайда болған табиғи өсіп-өнген екпелер;
      3) жекеше орман питомниктері;
      4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
      5) агроорман-мелиоративтік екпелер;
      6) жеке меншіктің қарауындағы шаруашылық мақсаттағы автомобиль жолдарының бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер жатады.
      11. Есепке алу деректерi жыл сайын жаңартылып тұрады. Жаңарту және есепке алу құжаттарына өзгерiстер енгiзу орман орналастыру материалдарына сәйкес жүргізіледі, оларды жыл сайын орман иеленушілер есепке алу деректеріне мына көрсеткіштердің негізінде енгізеді:
      1) шаруашылық қызметпен қамтылған немесе табиғи факторлардың салдарынан (өрттер, су тасқындары, жер сілкіністері, селдер және басқа да төтенше жағдайлар) өзгерiстерге ұшыраған учаскелердi көзбен шолып куәландыру актiлерi;
      2) мемлекеттiк органдардың:
      жер учаскелерiн орман қорының жерлері және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi санатына қосу;
      мемлекеттік орман қорының жерлерін алу;
      мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан басқасына ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғалатын учаскелерді бөлiп алу;
      мемлекеттiк орман қорында ормансыз жерлерді орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн оларды орманды жерлерге ауыстыру;
      мемлекеттiк орман қорындағы ормансыз жерлердi орманды жерлерге ауыстыру;
      мемлекеттiк орман қорының жерлерiн орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттар жерiне ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қорының жерлерiн мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алу жөнiндегi шешiмдерi.
      12. Есеп жүргізуді ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн, сондай-ақ қағазға басылған нұсқаларын пайдалана отырып мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады.
      Автоматтандырылған ақпараттық есепке алу жүйелерi мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендер базасында құрылады, олардың жұмыс iстеу тәртiбiн уәкiлеттi органның ведомствосы айқындайды.
      13. Аудандық жер қатынастары бөлімдерінде бекітілген есепке алуды жүргiзу үшiн қажет материалдарды есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне электронды және қағазға басылған күйінде:
      1) облыстардың Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары мен өзге мемлекеттік органдар өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер бойынша;
      2) уәкiлеттi орган ведомствосының қарауындағы мемлекеттiк орман иеленушілер;
      3) жекеше орман иеленушiлер бередi.
      14. Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері берiлген есепке алу материалдарын тексереді, оларды өңдейдi және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органымен келiсім бойынша оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына электронды және қағазға басылған күйінде мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жiбередi.
      15. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы есепке алу материалдарын есептік жылдан кейінгі жылдың 4 ақпанына дейін тексереді. Дәлсiздiктер байқалған және (немесе) толық көлемде берілмеген жағдайларда есепке алу материалдары пысықтауға қайтарылады. Пысықталған есепке алу материалдары есептік жылдан кейінгі жылдың 10 ақпанына дейін мемлекеттік орман орналастыру ұйымына қайта жіберіледі.
      16. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы есепке алу деректерiн аудандар, қалалар, облыстар және жалпы республика бойынша өңдеп, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызына түсіндірме жазбахатпен уәкілетті органның ведомствосына қарауға және бекітуге электронды түрде, сондай-ақ қағазға басылған нұсқада жолдайды.
      17. Уәкілетті органның ведомствосы есепке алу деректерін аудандар, қалалар, облыстар және жалпы республика бойынша орман қорының жыл сайынғы және кезеңдік есептерін бекітеді.
      18. Есепке алуды жүргiзу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил ведения государственного учета лесного фонда

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2012 года № 1087. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2015 года № 870

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.10.2015 № 870 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-02/163.

      В соответствии с подпунктом 17-12) статьи 12 Лесного кодекса
Республики Казахстан от 8 июля 2003 года Правительство Республики
Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения государственного учета лесного фонда.
      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2003 года № 1182 «Об утверждении Правил ведения государственного учета лесного фонда» (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 44, ст. 482);
      2) пункт 1 изменений и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2011 года № 1002 «О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 53, ст. 746).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 27 августа 2012 года № 1087

Правила
ведения государственного учета лесного фонда

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с подпунктом 17-12) статьи 12 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года и определяют порядок ведения государственного учета лесного фонда (далее – Правила).
      2. Государственный учет лесного фонда (далее – учет) ведется для организации охраны, защиты лесного фонда, воспроизводства лесов и лесоразведения, лесопользования, систематического контроля за количественными и качественными изменениями лесного фонда и обеспечения государственных органов, заинтересованных физических и юридических лиц информацией о лесном фонде в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      В составе государственного лесного фонда отдельно выделяются и учитываются особо охраняемые лесные территории.
      Государственные памятники природы, находящиеся в границах государственных природных заповедников, государственных национальных природных парков, государственных региональных природных парков и государственных природных резерватов, учитываются в их составе.
      3. Учет, в зависимости от учитываемых показателей, подразделяется на ежегодный и периодический, которые проводятся по состоянию на 1 января, следующего за отчетным годом.
      4. При ведении ежегодного учета учитываются нижеуказанные данные по районам, городам, областям и республике:
      1) площади угодий государственного лесного фонда в разрезе категорий государственного лесного фонда (по государственным лесовладельцам);
      2) площади частного лесного фонда (по частным лесовладельцам).
      5. Периодический учет проводится один раз в пять лет.
      При ведении периодического учета дополнительно к данным ежегодного учета учитываются наличие запасов древесины в разрезе преобладающих древесных и кустарниковых пород и групп возраста, данные о защитных и экономических характеристиках лесного фонда, необходимые для ведения лесного хозяйства и оценки хозяйственной деятельности лесовладельцев и лесопользователей.
      6. Учету подлежат все участки лесного фонда площадью более 0,05 гектара (с округлением до 0,1 гектара). В документации по ведению учета лесного фонда сведения приводятся в целых гектарах.
      7. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) ведомство уполномоченного органа, осуществляющее функции управления, контроля и надзора в области охраны, защиты, пользования лесным фондом, воспроизводства лесов и лесоразведения – Комитет лесного и охотничьего хозяйства Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан (далее – ведомство уполномоченного органа);
      2) государственная лесоустроительная организация – республиканское государственное казенное предприятие «Казахское лесоустроительное предприятие Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан», находящееся в ведении ведомства уполномоченного органа в области лесного и охотничьего хозяйства, деятельность которого направлена на обеспечение учета лесных ресурсов, территориального устройства лесного фонда, государственного мониторинга лесов, планирования ведения лесного хозяйства и лесопользования.
      Сноска. Пункт 7 в редакции постановления Правительства РК от 18.10.2013 № 1102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

2. Порядок ведения государственного учета лесного фонда

      8. Порядок ведения документации учета, перечень показателей учета, формы соответствующих документов, сроки представления материалов учета определяются ведомством уполномоченного органа.
      9. В государственном лесном фонде учету подлежат:
      1) леса естественного и искусственного происхождения (включая лесные и нелесные угодья) на землях особо охраняемых природных территорий;
      2) леса естественного и искусственного происхождения, а также не покрытые лесной растительностью земельные участки, предоставленные для нужд лесного хозяйства, на землях государственного лесного фонда;
      3) защитные насаждения на полосах отвода железных и автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения, каналов, магистральных трубопроводов и других линейных сооружений шириной десять метров и более, площадью более 0,05 гектара.
      10. В составе частного лесного фонда учету подлежат созданные за счет средств физических и негосударственных юридических лиц на землях, предоставленных им в частную собственность или долгосрочное землепользование, в соответствии с Земельным кодексом Республики Казахстан с целевым назначением для лесоразведения:
      1) искусственные насаждения;
      2) насаждения естественного происхождения, возникшие семенным и (или) вегетативным путем;
      3) частные лесные питомники;
      4) плантационные насаждения специального назначения;
      5) агролесомелиоративные насаждения;
      6) защитные насаждения на полосах отвода хозяйственных автомобильных дорог, находящихся в частной собственности.
      11. Данные учета обновляются ежегодно. Обновление и внесение изменений в учетные документы производится согласно материалам лесоустройства, которые ежегодно вносятся лесовладельцами в данные учета на основании следующих показателей:
      1) актов освидетельствования в натуре участков, охваченных хозяйственной деятельностью или подвергшихся изменениям в результате природных факторов (пожаров, наводнений, землетрясений, селей и других чрезвычайных ситуаций);
      2) решений государственных органов по:
      включению земельных участков в категорию земель лесного фонда и (или) земель особо охраняемых природных территорий;
      изъятию земель государственного лесного фонда;
      отнесению государственного лесного фонда к категориям, переводу из одной категории в другую, а также выделению особо защитных участков;
      переводу лесных угодий в нелесные угодья в государственном лесном фонде для использования их в целях, связанных с ведением лесного хозяйства и лесопользованием;
      переводу угодий, не покрытых лесом, в угодья, покрытые лесом в государственном лесном фонде;
      переводу земель государственного лесного фонда в земли других категорий для целей, не связанных с ведением лесного хозяйства, и (или) изъятию земель государственного лесного фонда для государственных надобностей.
      12. Ведение учета осуществляется государственной лесоустроительной организацией с использованием электронных систем сбора, обработки и хранения информации, а также на бумажных носителях.
      Автоматизированные информационные системы учета создаются на базе специализированных программно–технических комплексов, порядок функционирования которых определяется ведомством уполномоченного органа.
      13. Необходимые для ведения учета материалы, утвержденные в районных отделах земельных отношений к 20 января, следующего за отчетным годом, в территориальные подразделения ведомства уполномоченного органа на электронных и бумажных носителях предоставляются:
      1) Управлениями природных ресурсов и регулирования природопользования областей и иными государственными органами – по государственным лесовладельцам, находящимся в их ведении;
      2) государственными лесовладельцами, находящимися в ведении ведомства уполномоченного органа;
      3) частными лесовладельцами.
      14. Территориальные подразделения ведомства уполномоченного органа осуществляют проверку представленных материалов учета, обрабатывают и по согласованию с уполномоченным органом по земельным отношениям местных исполнительных органов областей направляют их в государственную лесоустроительную организацию к 1 февраля, следующего за отчетным годом на электронных и бумажных носителях.
      15. Государственной лесоустроительной организацией материалы учета проверяются до 4 февраля, следующего за отчетным годом. В случае выявления неточностей и (или) представления в неполном объеме, материалы учета возвращаются на доработку. Доработанные материалы учета до 10 февраля, следующего за отчетным годом, повторно направляются в государственную лесоустроительную организацию.
      16. Государственной лесоустроительной организацией данные учета обрабатываются по районам, городам, областям и республике в целом и с пояснительной запиской к 20 марта, следующего за отчетным годом, направляются в ведомство уполномоченного органа на рассмотрение и утверждение в электронном виде, а также на бумажных носителях.
      17. Ведомством уполномоченного органа утверждаются ежегодные и периодические учеты лесного фонда по районам, городам, областям и республике в целом.
      18. Ведение учета осуществляется за счет средств республиканского бюджета.