Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 561 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6531 болып енгізілді.

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 50-бабын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесі бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 17 қаңтардағы № 12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3431 тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Ж. Ы. Омаров) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің м.а.

Е. Аман


  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 561
бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 50-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру тәртібін анықтайды.

      2. Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыруды осы Ережемен белгіленген тәртіппен мемлекеттік орман иеленуші жүргізеді.

      3. Ормандарды молықтыру және орман өсіру, орманның табиғи жолмен жаңаруына ықпал ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілген немесе ормандардың табиғи жолмен жаңаруы орын алған орман көмкермеген жерлер (ағашы кесілген жерлер, өртеңдер, өспей қалған екпелер, алаңқай жерлер), сондай-ақ, егер оларда белгіленген тәртіппен орман дақылдары отырғызылса немесе олардың табиғи жолмен орман болып өсуі орын алса, орманға жарамды деп танылған ормансыз жерлер орман көмкерген жерлерге ауыстырылады.

      4. Осы Ереженің мақсаты табиғи аймағына байланысты орман дақылдары мен табиғи жолмен жаңарған екпелер белгілі бір сапалық және сандық өлшемдерге жеткен кезде оларды орман көмкерген жерлерге дер кезінде ауыстыруға жәрдемдесу болып табылады.

2. Орман дақылдары отырғызылған орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру тәртібі

      5. Орман дақылдары отырғызылған орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру осы алқаптарға орман мекемелері жүргізетін тексеру негізінде жүргізіледі.

      6. Орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапалы жай-күйі осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының табиғи аймақтары мен қосымша аймақтары бойынша орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапасын бағалаудың нормативтік көрсеткіштерімен (бұдан әрі - Нормативтер) анықталады.

      7. Орман мекемелерін әкімшілік облыстар шегінде табиғи аймақтар мен қосымша аймақтарға бөлу осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

      8. Нақты учаскедегі орман дақылдары сапасының сыныбы осы учаскедегі орман дақылдарының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер өлшемін 1-қосымшада көрсетілген сол көрсеткіштердің нормативтерімен салыстыру жолымен белгіленеді. Бұл ретте орман дақылдарының барлық көрсеткіштері тепе-тең болып есептеледі. Орман дақылдары сапасының ортақ бағасы үшін ең төмен мәнді сапа көрсеткішін алады.

      9. Бірінші және екінші сапа сыныптарына жатқызылған орман дақылдары орман көмкерген жерлерге ауыстырады. Екінші сапа сыныбының талаптарына жауап бермейтін орман дақылдары ақаулы дақылдар деп есептеледі. Оларда орман дақылдарының сапасын оларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін деңгейге дейін арттыру жөніндегі шаралар өткізілуі тиіс.

      10. Осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген талаптардан 20% және одан да көп мөлшерде асып түсетін, басты тұқым ағаштарының орташа биіктігі бойынша және барлық қалған көрсеткіштер бойынша 1-сапа сыныбының талаптарына сәйкес келетін орман дақылдары үздік сапалы орман дақылдарына жатады.

      11. Өздерінің көрсеткіштері бойынша жасынан басқа Нормативтердің барлық талаптарына сай келетін орман дақылдары 1-қосымшада көрсетілген жастан ертерек орман көмкерген жерлерге ауыстырылады.

      12. Бір белгісі бойынша - басты тұқымды көлегейлеп тастайтын қажетсіз ағаш тұқымдары қоспасының орташа биіктігі бойынша Нормативтерге сәйкес келмейтін орман дақылдарын қажет болған жағдайларда басты тұқымды көлегемейлеу шарасы және қайтадан түгелдеу өткізілгеннен кейін орман көмкерген жерлерге ауыстырады.

      13. Өсірілетін тұқымдардың өміршең өсімдіктері бар отырғызу (себу) орындары санының жеткілікті болмауы салдарынан Нормативтерге сәйкес келмейтін орман дақылдарын есептен шығарып, табиғи жолмен өскен шаруашылық мақсаттағы бағалы тұқымдар қоспасы жеткілікті мөлшерде болған жағдайда табиғи жас өскін ретінде орман көмкерген жерлерге ауыстырады, ал ол болмаған жағдайда - орман дақылдары қорына немесе құндылығы аз және аласа жіңішке екпелерді қайта жаңарту қорына жатқызады.

      14. Егер орман дақылдары өсірілетін тұқымның орташа биіктігінің жеткіліксіз болуы салдарынан орман көмкерген жерлерге ауыстырылмайтын жағдайда қайтадан түгелдеу және бұл мәселені алдағы жылдары қайта қарау туралы шешім қабылданады.

      15. Орман дақылдарын орман көмкерген жерлерге ауыстыру үшін өсірілетін өміршең өсімдіктердің алқап бойынша біркелкі орналасуы, ал қатарлап отырғызылған екпелерде - қатарлардағы ұшарбастардың жанаса бастауы міндетті шарт болып табылады.

      16. Учаске алқабы бойынша біркелкі емес орман дақылдарының сапасы біркелкі болмаған кезде учаскені табиғи күйінде және жоспарлау материалында белгілеп, әрбір сапа сыныбының орман дақылдарына сәйкес келетін жеке телімдерге бөлуге жол беріледі. Бұл ретте Нормативтерге сәйкес келетін дақылдардан оқшауланған өспей қалған немесе қайта жаңартуға жататын орман дақылдарының алқабы кемінде 0,5 гектар, ал 1 және 2-сыныпты орман дақылдарында - кемінде 3,0 гектар болуға тиіс.

      17. Екі рет отырғызу тәсілімен өсірілген орман дақылдары орман көмкерген жерлерге олар осы Ереженің 1-қосымшасында келтірілген нормативтік көрсеткіштерге жеткен кезде екінші рет отырғызу тәсілімен өсірілген дақылдарды ауыстыру жасында ауыстырылады.

      18. Орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарын тексеру деректері осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша далалық карточкаларға енгізіледі, олар орман дақылдарын отырғызу жылдары бойынша, сондай-ақ олардың сапалық жай-күйі бойынша топтастырылады.

      19. Далалық карточкалардың негізінде осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес Орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапалық жай-күйін бағалау ведомосы жасалады. Орманшылықтар бойынша қорытынды деректер келтірілген бұл ведомостар орман мекемелеріне, бар болса, орман мекемелерінің филиалдарына беріледі, ал соңғылары өз кезегінде орман мекемелеріне жиынтық деректерді ұсынады, олар белгіленген тәртіппен статистикалық есептілікті дайындау үшін пайдаланылады.

3. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар жүргізілген орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру

      20. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар жүргізілген орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру осы учаскелерді қаз-қалпында тексеру негізінде жүргізіледі.

      21. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөнінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде қалпына келтірілген учаскелерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру мүмкіндігі осындай іс-шаралар өткізілгеннен кейін бесінші жылы жүргізілетін бірінші есепке алу (түгелдеу) кезінде анықталады.

      22. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөнінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде пайда болған қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдыларды табиғи жолмен қалпына келтірудің жай-күйін бағалау "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) сәйкес шәкілдер бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Аталған учаскелерде ормандар осы шәкілдерде көрсетілген өлшемдерге тең немесе одан асып түсетін мөлшерде біркелкі қалпына келіп жатқан жағдайда учаскелер орман көмкерген жерлерге ауыстырылады.

      24. Шаруашылық мақсаттағы құнды тұқымдармен қалпына келген орман көмкермеген жерлерде осы тұқымдар аталған учаскелерде өсіп келе жатқан жапырақты тұқымды ағаштар мен бұталар биіктігінің үштен бірінен аспауға тиіс. Осы көлем аз мөлшерде болған жағдайда орман көмкерген жерлерге ауыстырғанға дейін осы жас екпелерде күтім жасау мақсатында ағаш кесу шараларын жүргізу қажет.

      25. Аймақтық шәкіл талаптарына сай келетін көрсеткіштер бойынша бас тұқымдармен қалпына келген учаскелер орман көмкерген жерлерге ауыстырылады және ағаш тұқымдарының жас өскіндері санатына енгізуге жатады.

      26. Орманды табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу шараларын жүргізу нәтижесінде пайда болған шаруашылық мақсаттағы құнды жас өскіндерге уәкілетті органмен келісім бойынша орман орналастыру мекемесі белгілеген нақты орман өсіру жағдайлары мен шаруашылық түрі үшін басты тұқымдар болып табылатын қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдар екпелері ғана жатады.

      27. Орманды табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөнінде жүргізілген шаралармен бірге орман көмкермеген жерлерде қаз-қалпында тексеру (түгелдеу) нәтижелері бойынша осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орманды табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу шараларының нәтижесінде өсірілген шаруашылық мақсаттағы құнды ағаш тұқымдарының жас екпелерін орман көмкерген жерлерге ауыстырудың жиынтық ведомосы жасалады.

4. Орман табиғи жолмен қалпына келген орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру

      28. Ағашы кесілген жерлерде, өртеңдерде, басқа да орман көмкермеген жерлерде, сондай-ақ табиғи жолмен орман өсіп келе жатқан ормансыз жерлерде табиғи жолмен қалпына келтірудің (орман өсірудің) нәтижелілігін бағалау және оларды орман көмкерген жерлерге ауыстыру осы Ереженің 3-бөлімімен айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      29. Осы Ереженің 28-тармағында көрсетілген алқаптарда табиғи жолмен қалпына келтірудің нәтижелілігін бағалау қалпына келтірудің нәтижелілігін бағалау шәкілдері бойынша өсу орнының жағдайларын ескере отырып, пайда болған жас екпелердің саны, құрамы, биіктігі және орналасуының біркелкілігі бойынша жүргізіледі.

      30. Осы Ереженің 28-тармағында көрсетілген алқаптарда орман көмкерген жерлерге ауыстыру шаруашылық мақсаттағы құнды тұқымдардың өміршең өскіні болған жағдайда және орманның табиғи жолмен қалпына келуін бағалаудың шәкілі бойынша нақты орман өсіру аймағы үшін шәкілдермен белгіленген "жақсы" деген нормадан кем емес мөлшерде кейіннен табиғи жолмен қалпына келген жағдайда жүргізіледі.

      31. Ағаштың түбір немесе тамыр өркендерінің пайда болуы арқылы вегетативтік жолмен қалпына келе алатын ағаш тұқымдары өскен кеспеағаштар мен өртендер табиғи жолмен қалпына келген жағдайда және, егер тұқыммен қалпына келтіру мүмкін болмаса, ал вегетативтік жолмен қалпына келтіру шаруашылық жүргізу мақсаттарына сәйкес келетін болса, көрсетілген учаскелер, егер өркендер саны бекітілген шәкілдер талаптарына сәйкес келетін болса, орман көмкерген жерлерге ауыстырылады.

      32. Орман табиғи жолмен қалпына келген учаскелерді орман көмкерген жерлерге -ауыстыру фактісі осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша актімен ресімделіп, оған түгелдеу комиссиясының мүшелері қол қояды. Комиссия орман мекемесі директорының бұйрығымен құрылады. Комиссияның құрамына директордың орынбасары мен орман мекемесінің мамандары кіреді. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы тиіс және бес адамнан кем болмауы керек.

      33. Осы құжаттардың негізінде осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес орманның табиғи жолмен қалпына келуі нәтижесінде пайда болған ағаш тұқымдарының жас екпелерінің орман көмкерген жерлерін орман көмкермеген жерлерге ауыстырудың жиынтық ведомосы жасалады.

      34. Орман мекемелері планшеттерде, таксациялық сипаттамаларда және басқа да есеп құжаттамаларында белгі қояды, сондай-ақ жоғарыда аталған өзгерістер статистикалық есептілікте көрініс табады.

      35. Мемлекеттік орман қорындағы басқа мақсаттарда пайдаланылмайтын ормансыз алқаптарға (шабындық, жайылымдық, тыңайған жер және басқалары) ағаш тұқымдары табиғи жолмен өскен (орман өсіру) жағдайда оларды орман көмкерген алқаптарға ауыстыру осы Ереженің 28-34-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

  Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережелеріне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 05.12.2022 № 729 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының табиғи аймақтары мен аймақ тармақтары бойынша орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапасын бағалаудың нормативтік көрсеткіштері

Тұқымдықтардың атауы

Негізгі орман түрлерінің немесе орман өсіру жағдайларының тобы

Орман дақылдарының немесе қорғаныштық алқа-ағаштардың жасы, жыл

Сапа сыныбы

Өсірілетін өміршең ағаштардың болуы, мың дана/гектар, кем емес

Өсірілетін ағаштардың орташа биіктігі, метр кем емес

1

2

3

4

5

6

1. Орманды дала аймағы 1.1 Оңтүстік және шоқ орманды аймақ тармағы

Салпыншақ қайың (сүйелді)

Жас және ылғалды шоққайыңдар

4

1
2

4,2
2,8

2,0
1,5

Сібір балқарағайы

Ылғалды және жас шоққайыңдарға ауысатын

5

1
2

4,0
2,5

1,5
1,1

Кәдімгі қарағай

Жас шоққарағайлар

6

1
2

5,3
3,5

1,4
1,0

Шаған

Ылғалдану шарттары қанағаттанарлық қара топырақты жағдайлар

4

1
2

3,0
2,0

1,5
1,1

1.2. Шағын адырлы Көкшетау облысы

Салпыншақ қайың (сүйелді)

Жас шоққайындар

4

1
2

4,0
2,7

1,8
1,4

Сібір балқарағайы

Қара және қою қоңыр топырақты 1 жас және ылғалды жағдайлар

5

1
2

3,5
2,0

1,4
1,0

Кәдімгі қарағай

Құрғақ және жас шоққарағай

6

1
2

6,0
4,0

1,2
0,9

Шаған

Ылғалдану шарттары қанағаттанарлық қара топырақты жағдайлар

4

1
2

2,8
2,0

1,5
1,1

2. Дала аймағы; 2.1. Бірқалыпты шөлейт дала аймағы

Салпыншақ қайың (сүйелді)

Ылғалдылығы әдеттегідей қайың орманы

4

1
2

4,0
2,7

1,8
1,4

Емен

Жайылма және тоғайлы ормандар жағдайлары

10

1
2

3,0
2,2

1,5
1,2

Сібір балқарағайы

Әдеттегі және оңтүстік қара топырақты жерлерінің тың жағдайлары

5

1
2

3,5
2,0

1,3
1,0

Кәдімгі қарағай

Құрғақ және жас шоққарағайлар

6

1
2

5,0
3,2

1,3
1,0

Терек

Ылғалдылығы қанағаттанарлық шалғын топырақ

4

1
2

2,8
2,0

1,5
1,1

Шаған

сондай

4

1
2

2,8
2,0

1,5
1,1

2.2 Шөлейт дала аймағы

Салпыншақ қайың (сүйелді)

Құрғақ және жас шоққайыңдар

5

1
2

3,2
2,2

1,8
1,4

Аласа шегіршін

Қою қоңыр топырақ

4

1
2

3,0
2,0

2,1
1,6

Сібір балқарағайы

сондай

6

1
2

3,5
2,0

1,3
1,0

Кәдімгі қарағай

Құрғақ және жас шоққарағайлар

6

1
2

6,0
3,5

1,2
0,9

Терек

Ылғалдылығы қанағаттанарлық жайылма және тоғайлы ормандар

4

1
2

3,0
2,0

3,5
2,5

Шаған

сондай

4

1
2

3,0
2,0

1,4
1,0

2.3. Қуаң дала аймағының тармағы

Салпыншақ қайың (сүйелді)

Құрғақ қайың орманы

6

1
2

3,2
2,2

1,3
1,0

Аласа шегіршін

Қою қоңыр топырақ

4

1
2

3,0
2,0

2,1
1,6

Тал

Жайылма және тоғайлы ормандар

4

1
2

3,0
2,0

3,5
2,5

Жиде

Сондай

4

1
2

3,0
2,0

1,5
1,1

Кәдімгі қарағай

Құрғақ шоққарағайлар

7

1
2

2,50
2,13

1,23
1,04

8

1
2

2,31
1,96

1,40
1,19

9

1
2

2,14
1,82

1,58
1,34

10

1
2

1,96
1,67

1,75
1,48

Жас шоққарағайлар

7

1
2

2,88
2,45

1,41
1,20

8

1
2

2,66
2,26

1,61
1,37

9

1
2

2,46
2,09

1,82
1,55

10

1
2

2,25
1,91

2,01
1,71

Терек

Жайылма және тоғайлы ормандар

4

1
2

3,0
2,0

3,0
2,3

Шаған

Сондай

4

1
2

3,0
2,0

1,5
1,0

3. Шөл аймағы 3.1. Солтүстік шөлдері аймағының тармағы

Аласа шегіршін

Сұр және сұр құба топырақ

4

1
2

3,0
2,0

1,6
1,0

Тал

Жайылма және тоғайлы ормандар

4

1
2

3,0
2,0

3,2
2,5

Жиде

сондай

4

1
2

3,0
2,0

1,5
1,1

Қара сексеуіл

Сұрғылт құба топырақтардағы сексеуіл тоғайы

5

1
2

1,2
0,8

0,8
0,5

Терек

Жайылма және тоғайлы ормандар

4

1
2

3,0
2,0

3,0
2,3

3.2. Оңтүстік шөлдері аймағының тармағы

Аласа шегіршін

Сұр, құмдауыт және сазды топырақ

4

1
2

3,0
2,0

1,8
1,2

Тал

Жайылма және тоғайлы ормандар

4

1
2

3,0
2,0

3,0
2,0

Жиде

Сондай

4

1
2

3,0
2,0

1,5
1,1

Қара сексеуіл

Тау етегіндегі орманды жазықтар мен құмдауыт жазықтардың сексеуіл тоғайы

5

1
2

3,0
2,0

0,9
0,6

Сазды және құмдауыт топырақтардағы сексеуіл тоғайы

5

1
2

1,5
1,0

0,8
0,5

Құм алдының құм үйінділеріндегі сексеуіл тоғайы

5

1
2

1,5
1,0

1,0
0,7

Сырдария өңірінің тақырлы карбонатты және сортаң топырақтағы сексеуіл тоғайлары

5

1
2

1,5
1,0

0,7
0,4

Арал теңізінің құрғаған табанының тұзды-құмды топырағындағы сексеуіл тоғайлары

5

1
2

0,3
0,2

0,5
0,4

Балқаш өңірінің тақырлы сазды топырақтарындағы сексеуіл тоғайлары

5

1
2

1,2
0,8

0,8
0,5

Терек

Суару жүйесінің бойындағы қорғаныштық орман жолақтарындағы суармалы сұр топырақты жерлер

3

1
2

2,5
1,8

3,0
2,0

4. Тау ормандары 4.1. Солтүстік Тянь-Шань

Кәдімгі сары өрік

Таудың қоңыр топырағы

4

1
2

1,5
1,2

1,2
0,8

Шренк шыршасы

Шағын және орташа қуатты топырақтардағы жас және ылғалды шырша ормандары

10

1
2

3,8
2,7

1,1
0,8

Сиверс алма ағашы

Тау ормандарының қара және қара-сұр топырақтардағы алма ағаштары

5

1
2

1,5
1,2

1,1
0,8

4.2. Оңтүстік және Кенді Алтай

Сібір шыршасы

Жас, ылғалды және жап-жасыл папоротник тәрізді шырша, жапырақты және балқарағай ормандары

8

1
2

4,0
2,8

1,0
0,7

Сібір балқарағайы

Жас және шөбі қалың, жап-жасыл папоротник тәрізді балқарағайлар мен майқарағайлар (1700 м дейін)

6

1
2

4,0
2,5

1,5
1,2

Майқарағай

Жас шөбі қалың, жап-жасыл папоротник тәрізді тауда, жазықта өсетін майқарағайлар

10

1
2

4,0
2,5

1,0
0,7

Кәдімгі қарағай

Таулы-орманды, таулы-шалғынды далалық қара топырақ

7

1
2

4,0
2,0

1,5
1,2

Сібір қарағайы (самырсын)

Таулы-орманды қышқылшым топырақ

8

1
2

4,0
2,5

1,0
0,7

      Ескертпе: Ғылыми зерттеулер мен жүргізілген эксперименттердің жалпылама талдауы негізінде себу нормасының ұлғаюы топырақтық өнгіштігі бір мезгілде төмендеген кезде өскіндердің абсолюттік санын арттыратыны анықталды. Сонымен қатар, өміршең көшеттер мен өсімдіктерді алу үшін сексеуіл қолайлы ауа-райы жағдайлары мен сапалы, қолайлы тұқымдар болған кезде ғана мүмкін болады. Баяндалғанның негізінде және Арал теңізінің құрғатылған түбі топырағының сортаңдылығын ескере отырып, кестеде көрсетілген тұзды-құмды топырақтарда Арал теңізінің құрғатылған түбі сексеуілдерінің нормативтік көрсеткіштері белгіленеді.

  Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне
2-қосымша

Қазақстан Республикасының орман мекемелерін табиғи аймақтар мен аймақ тармақтары бойынша әкімшілік облыстар шегінде бөлу

Табиғи аймақ тармағы

Әкімшілік облыс

Орман мекемелері

1

2

3

1. Орманды дала аймағы

1.1. Оңтүстік және шоқ орманды дала аймағының тармағы

Қостанай

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Михайлов, Ұзынкөл

Солтүстік Қазақстан

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Аққайың, Булаев, Бұрлық, Жамбыл, Есіл, Мамлют, Орлингор, Петропавл, Преснов, Сергеев, Соколов; "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (Айыртау филиалы)

1.2. Шағын адырлы Көкшетау облысы

Ақмола

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: "Ақкөл", "Барап", Үлкен Түкті, Бұрланды, Кіші Түкті, Маралды, Ұрымқай; Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы; Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі: "Бурабай", "Көкшетау" (Зеренді филиалы және Дубравский молықтыру учаскесі)

Солтүстік Қазақстан

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (Шалқар және Арықбалық филиалдары)

2. Дала аймағы

2.1. Бірқалыпты шөлейт дала аймағының тармағы

Ақмола

Куйбышев ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

Қостанай

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Боровской, Урицкий, Усаков

Павлодар

Үрлітөбе ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан

"Ақан-Сері" ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

2.2. Шөлейт дала аймағының тармағы

Ақмола

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: "Бұқпа", Кеңес, Краснобор, Отрадный

Ақтөбе

Мартөк ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Асубұлақ, Самар

Қостанай

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Арақарағай, Пригородный, Таран

Павлодар

Максим Горький ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

2.3 Қуаң дала аймағының тармағы

Ақмола

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Ерейментау, Степногор; Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы; "Жасыл аймақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны

Ақтөбе

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Ақтөбе, Қарабұтақ, Темір, Ойыл, Қобда

Шығыс Қазақстан

"Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты

Батыс Қазақстан (жайылма ормандарынан басқа)

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Ақжайық, Бөрлі, Орал, Шыңғырлау, Январцев

Қарағанды

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Қарағанды, Қу, Теміртау; Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Қостанай

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Басаман, Камышнин, Семиозер; Наурызым мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Павлодар

Павлодар ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі; Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі; "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты

3. Шөл аймағы

3.1 Солтүстік шөлі аймағының тармағы

Ақтөбе

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме: Үлкен Борсық

Атырау (жайылма ормандардан басқа)

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Атырау, Индер, Құрманғазы

Батыс Қазақстан (жайылма ормандардан басқа)

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Тайпақ, Чапаев, Орда

Қарағанды

Ақтоғай, Жаңаарқа, Ұлытау

3.2 Оңтүстік шөлі аймағының тармағы

Алматы (тау ормандарынан басқа)

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Алакөл, Бақанас, Бөрлітөбе, Жаркент, Қаскелең, Күрті, Үштөбе, Ұйғыр, Шелек; Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы; "Алтын-Емел" және "Шарын шатқалы" мемлекеттік ұлттық табиғи парктері

Жамбыл (тау ормандарынан басқа)

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Ақкөл, Ақыртөбе, Байзақ, Жамбыл, Көктерек, Қосқұдық, Луговой, Меркі, Мойынқұм, Сарысу

Қызылорда

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Арал, Жалағаш, Жаңақорған, Қазалы, Қармақшы, Қызылорда, Сырдария, Шиелі; Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы

Маңғыстау

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Бейнеу, Сәм; Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

Оңтүстік Қазақстан (тау ормандарынан басқа)

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Арыс, Бадам, Боралдай, Отырар, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара

4. Тау ормандары

4.1. Батыс Тянь-Шань

Жамбыл (таулы бөлігі)

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Ақыртөбе, Жамбыл, Қарақоңыз, Меркі; Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы (бір бөлігі);

Оңтүстік Қазақстан (таулы бөлігі)

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Боралдай, Төлеби, Түркістан, Түлкібас, Оғам; Ақсу Жабағылы (бөлігі), Қаратау мемлекеттік табиғи қорықтары

4.2. Солтүстік Тянь-Шань

Алматы (таулы бөлігі)

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Кеген, Нарынқол, Ұйғыр, Шелек; Алматы мемлекеттік табиғи қорығы; "Іле Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, "Медеу" мемлекеттік табиғи паркі

4.3. Жоңғар Алатауы

Алматы (таулы бөлігі)

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Алакөл, Жоңғар, Жаркент, Лепсі, Сарқанд, Талдықорған, Үйгентас

4.4. Оңтүстік және Кенді Алтай

Шығыс Қазақстан

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер: Үлкен нарым, Жоғарғы Үбі, Зайсан, Зырян, Күршім, Лениногор, Кіші Үбі, Марқакөл, Пихтов, Өскемен, Черемшан; Батыс Алтай, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорықтары; Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

  Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне
3-қосымша

      Нысан

_______ жылы орман көмкерген жерлерге
ауыстырылатын орман дақылдарын түгендеудің
№___далалық карточкасы

      1. Орман мекемесі __________________Филиалы_______________________

      2. Орманшылық ____________________________________________________

      3. Облысы ________________________________________________________

      4. Ауданы ________________________________________________________

      5. Учаскенің орналасқан жері: №___орам, №__________телім,

      6. Орман өсіру жағдайларының түрі ________________________________

      7. Алқаағаштар түрі ______________________________________________

      а. Орман дақылдары;

      b. Жыра мен сайлардағы, құмдар мен басқа да жайсыз жерлердегі қорғаныштық орман алқаағаштары;

      с. Жайылымдарды қорғайтын орман алқаағаштары

      8. Жүргізу жылы ___________________________________________________

      9. Учаскенің көлемі гектар ________________________________________

      10. Жылжу схемасы _________________________________________________

      Өсімдіктердің қатарларда орналасуы _________________________ метр,

      қатар аралығы ______________________________________________ метр,

      11. 1 га отырғызылатын өсімдіктердің саны __________________ дана

      12. Алқаағаштардың тексеру кезіндегі жай-күйі _____________________

Есепке алынатын учаскелердің №


Есепке алынатын аландардың мөлшері, метр2

Қатараралықтың нақты ені, метр

тұқым





Өсірілетін өміршең ағаштардың болуы, дана

Өсірілетін ағаштардың орташа биіктігі, метр

1

2

3

4

5

6


      кестенің жалғасы

Қорғаныштық алқа-ағаштар ұшарбастарының жанасу дәрежесі, %

Табиғи өскен ағаштар саны, дана

Табиғи өскен жұмсақ жапырақты тұқымдылардың орташа биіктігі

Жұмсақ жапырақты тұқымдардың дақылдар биіктігінен асып түсуі, метр (10 баған-6 баған)

Қатарларда

Қатараралықтарда

7

8

9

10

11


      1.

      2. және т.б

      Тұқымдылар бойынша сынаулардағы жиынтығы _________________________

      1 гектарға есептегенде

      13. Комиссияның қорытындысы:

      а) орман дақылдары сапа сыныбы, құрамы ____________________ бойынша

      орман көмкерген жерлерге ауыстырылады

      б) орман дақылдарының (қорғаныштық орман екпелерінің) жағдайын

      жақсарту шараларын жүргізу талап етіледі

      __________________________________________________________________

      (белгіленген шаралар мен өткізу мерзімдері көрсетіледі)

      в) қорғаныштық орман екпелері__________________бағамен пайдалануға

      беруге жатады

      г) белгіленген қайталап тексеру мерзімі

      _______________________________________

      (күні, айы, жылы)

      Комиссия мүшелері:

      (қызметі, тегі, аты-жөні)

      20__жылғы "___"____________.

      Комиссия қорытындысымен келісемін

      Басшы

      20__жылғы "__"_____________

      14. Орман мекемесі орталық комиссиясының орман дақылдарының сапасын бақылап бағалау туралы белгісі.

      (қызметі, тегі, аты-жөні)

      20__жылғы "__"___________

  Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне
4-қосымша

      Нысан

_______жылдың түгендеу деректері бойынша орман
көмкерген жерлерге ауыстырылған орман дақылдарының
сапалық жай-күйін бағалау
Ведомосы

      Орман мекемесі ______________ филиалы ____________

      Орманшылық _________________ облысы ______________ ауданы

Орман дақылдары отырғызылған жыл

Үстіміздегі жылы орман көмкерген жерлерге ауыстырылды, га

Соның ішінде сапа сыныптары бойынша, га

Жағдайы өте жақсы

I сынып

II сынып

Өсірілетін тұқымдылардың ішінара табиғи жолмен қалпына келетін дақылдары

1

2

3

4

5

6


      _____ жыл және одан үлкен

      _____ жыл

      _____ жыл

      20__жыл

      20__жыл

      20__жыл

      20__жыл

      20__жыл

      20__жыл

      ЖИЫНЫ%

      Комиссия мүшелері _______________________________________

      (қызметі, тегі, аты-жөні)

      20__жылғы "__"___________

  Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне
5-қосымша

      Нысан

_______жылы орманның табиғи жолмен қалпына келуіне жәрдемдесу шараларының нәтижесінде өсірілген шаруашылық жағынан бағалы ағаш тұқымдыларының жас талдарын орман көмкерген жерлерге ауыстырудың Жиынтық ведомосы

      Орман мекемесі ____________ филиалы _____________________

      орманшылық ______________________________________________

      (га)

Жәрдемдесу жылы


Есеп беру бойынша орманның табиғи жолмен қалпына келуіне жәрдемдесу алаңы

Қабылданды


Берілді



Жәрдемдесу жүргізілген жалпы алаң қорытындысында орман қолтығы астындағылар

Қалпына келгені

барлығы


с.і.

қылқан және қатты жапырақты тұқымдылар бойынша

1

2

3

4

5

6

7


      кестенің жалғасы

Басты тұқымдылармен қалпына келтіруаяқталған жоқ


Орман көмкерген жерлерге ауыстырылды





Есептен шығарылды

Орман көмкерген жерлерге ауыстырылмай қалғаны

барлығы




Соның ішінде үстіміздегі жылы

соның ішінде қылқан және қатты жапырақты тұқымдылар

барлығы





Соның ішінде орман қолтығында


барлығы





соның ішінде орман қолтығында болып есептеледі

8

9

10

11

12

13

14

15


      20 жыл және одан ерте

      20__жыл

      20__жыл

      20__жыл

      20__жыл

      ЖИЫНЫ:

      20___жылғы "__"_____________

      Басшы_______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады