Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-02/1057 бұйрығын қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 28 қаңтардағы
N 92 қаулысымен
бекiтiлген
Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры
туралы ақпаратты пайдалану
ережесi
1. Осы Ереже жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
2. Орман қоры туралы ақпарат өзiне орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және оған ведомостволық бағыныстағы ұйымдар өздерiнiң функцияларын жүзеге асыруы кезiнде алған орман қоры мемлекеттiк есебiнiң, мемлекеттiк орман кадастрының, мемлекеттiк орман мониторингiнiң, орман орналастырудың деректерiн және өзге де деректердi қамтиды.
3. Орман қоры туралы ақпаратты сақтауды, пайдалануды және оған иелiк етудi уәкілеттi орган, оның аумақтық органдары және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар жүзеге асырады.
4. Орман қоры туралы ақпаратты пайдаланушылар:
аумақтарды дамытуды жоспарлау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiнде бағдарламалар әзiрлеу, орман пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшiн төлемақыны есептеу мәселелерi және орман шаруашылығы саласындағы басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттiк басқару органдары;
жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы деректер алу мәселелерi бойынша - жобалау, iздестiру, ғылыми-зерттеу ұйымдары;
өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
5. Мемлекеттiк құпиялар және өзге де шектеулер қамтылмаған орман қоры туралы мәлiметтер жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады әрi мүдделi жеке және заңды тұлғаларға олардың өтiнiмдерi бойынша берiледi.
6. Орман қоры мемлекеттiк есебiнiң, мемлекеттiк орман кадастрының, мемлекеттiк орман мониторингiнiң, орман орналастырудың деректерiн және орман қоры туралы өзге де деректердi пайдалану қағаз немесе электронды тасымалдағыштарда стандартты түрде ресiмделген құжаттармен танысу және (немесе) оларды aлу, сондай-ақ байланыстың техникалық телекоммуникациялық құралдарын қолдана отырып, деректер банкіне тiкелей рұқсат етiлген қолжетiмдiлiк нысанында жүзеге асырылады.
7. Орман қоры туралы жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпарат көбейтiлуге жатпайды (бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудан басқа) және:
материалдарды ашық баспасөзде жариялау;
оларды радио мен теледидар арқылы беру;
халықаралық, шетелдiк және ашық конференцияларда, кеңестерде, симпозиумдарда жария ету;
кинофильмдерде көрсету;
мұражайларға, көрмелерге, жәрмеңкелерге қою;
жұрт алдында диссертация қорғау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де мақсаттар үшiн пайдалануы мүмкiн.
8. Мемлекеттік құпияға жатқызылған жоспарларда (сызбаларда) бар мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады.
9. Орман қоры туралы ақпаратты пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.