Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015
жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2013 жыл – 1 380 000 000 мың теңге;
2014 жыл – 1 188 000 000 мың теңге;
2015 жыл – 1 188 000 000 мың теңге.
2-бап. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 - 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2011 жылғы 15 қарашадағы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 19, 146-құжат; 2012 ж., № 7, 54-құжат) Заңының күші жойылды деп танылсын.
3-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті