Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 - 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 қарашадағы № 491-IV Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 қарашадағы № 52-V Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 2012.11.20 N 52-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
      2012 жыл – 1 380 000 000 мың теңге;
      2013 жыл – 1 380 000 000 мың теңге;
      2014 жыл – 1 200 000 000 мың теңге.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.03.16 № 5-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011 - 2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2010 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 23, 135-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады