"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1105 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015
жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
      2013 жыл – 1 380 000 000 мың теңге;
      2014 жыл – 1 188 000 000 мың теңге;
      2015 жыл – 1 188 000 000 мың теңге.
      2-бап. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 - 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2011 жылғы 15 қарашадағы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 19, 146-құжат; 2012 ж., № 7, 54-құжат) Заңының күші жойылды деп танылсын.
      3-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады