"Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 1159 Қаулысы

      «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 821 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына Астана қаласындағы авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымына мынадай негізгі шарттармен кредит беру ұсынылсын:
      1) қарыз сомасы – 20000000000 (жиырма миллиард теңге);
      2) мерзімі – 2 (екі) жыл;
      3) негізгі борышты өтеу – мерзімнің соңында;
      4) сыйақыны төлеу – жарты жылдық төлемдермен;
      5) сыйақы ставкасы – жылдық 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайыз;
      6) қамтамасыз ету – қамтамасыз етусіз.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2014 жылы арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде Астана қаласының әкімдігіне 2014 жылы 20000000000 (жиырма миллиард) теңге сомада қаражат бөлуді көздесін.
      3. Астана қаласының әкімдігі осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шара орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен 2014 жылы уәкілетті ұйымның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы алдындағы 20000000000 (жиырма миллиард) теңге мөлшеріндегі кредитті қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

О некоторых вопросах реализации программы "Доступное жилье - 2020"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 сентября 2012 года № 1159

      В целях реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2012 года № 821 «Об утверждении Программы «Доступное жилье – 2020» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Рекомендовать акционерному обществу «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына» предоставить кредит уполномоченной организации акимата города Астаны на реализацию пилотного проекта по сносу аварийного жилья города Астаны на следующих основных условиях:
      1) сумма займа – 20000000000 (двадцать миллиардов) тенге;
      2) срок – 2 (два) года;
      3) погашение основного долга – в конце срока;
      4) выплата вознаграждения – полугодовыми платежами;
      5) cтавка вознаграждения – 0,02 (ноль целых две сотых) процента годовых;
      6) обеспечение – без обеспечения.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке при формировании проекта республиканского бюджета на 2014 год предусмотреть выделение средств в 2014 году акимату города Астаны в сумме 20000000000 (двадцать миллиардов) тенге.
      3. Акимату города Астаны после выполнения мероприятия, указанного в пункте 2 настоящего постановления, в установленном законодательством порядке обеспечить исполнение обязательств уполномоченной организацией по возврату кредита в размере 20000000000 (двадцать миллиардов) тенге перед акционерным обществом «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына» в 2014 году.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                        К. Масимов