«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 821 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына Астана қаласындағы авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымына мынадай негізгі шарттармен кредит беру ұсынылсын:
1) қарыз сомасы – 20000000000 (жиырма миллиард теңге);
2) мерзімі – 2 (екі) жыл;
3) негізгі борышты өтеу – мерзімнің соңында;
4) сыйақыны төлеу – жарты жылдық төлемдермен;
5) сыйақы ставкасы – жылдық 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайыз;
6) қамтамасыз ету – қамтамасыз етусіз.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2014 жылы арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде Астана қаласының әкімдігіне 2014 жылы 20000000000 (жиырма миллиард) теңге сомада қаражат бөлуді көздесін.
3. Астана қаласының әкімдігі осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шара орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен 2014 жылы уәкілетті ұйымның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы алдындағы 20000000000 (жиырма миллиард) теңге мөлшеріндегі кредитті қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов