Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 679 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 10 бұйрығын, ҚР Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 622 бұйрығын қараңыз.
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 77-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошталық жөнелтілімдері үшін ақшалай өтемақы мөлшері айына 130 теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов