Мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiне, әскери оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына пошта жөнелтiлiмдері үшiн ақшалай өтемақы мөлшерiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 622 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10324 тіркелді.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 16.05.2024 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiне, әскери оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына пошта жөнелтiлiмдері үшiн айына сомасы 130 теңге ақшалай өтемақы мөлшерi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 16.05.2024 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 16.05.2024 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Бұйрық алғаш жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


И. Тасмағамбетов

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Бас прокуроры


1-сынып мемлекеттік


заң кеңесшісі

А. Дауылбаев

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі


2015 жылғы 15 қаңтар

Б. Сұлтанов

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет


қызметі бастығының міндетін уақытша атқарушы


генерал-майор


2014 жылғы 30 желтоқсан

Қ. Оразқұлов

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы


2015 жылғы 8 қаңтар

Н. Әбіқаев

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


полиция генерал-лейтенанты


2015 жылғы 12 қаңтар

Қ. Қасымов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады