Арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошталық жөнелтілімдері үшін ақшалай өтемақының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1205 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 679 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 679 қаулысымен.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 10 бұйрығын, ҚР Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 622 бұйрығын қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 77-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошталық жөнелтілімдері үшін ақшалай өтемақы мөлшері айына 130 теңге сомасында бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады