Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1541 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығын қараңыз.

      «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1541 қаулысымен  
бекітілген     

Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) күзетілетін объект - магистральдық құбырдың бірыңғай өндірістік-технологиялық кешеніне кіретін күзетілетін мүлік (ғимарат, құрылыс, құрылым, жер учаске, тұрғын немесе тұрғын емес үй-жай, өзге мүлік);
      2) магистральдық құбыр - өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;
      3) магистральдық құбырды күзету - тұлғалардың магистральдық құбырға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерін болдырмауға, сондай-ақ күзет пен қауіпсіздіктің техникалық құралдарын қасақана істен шығарудан қорғауға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
      4) магистральдық құбырдың күзет аймағы - магистральдық құбыр объектілеріне іргелес жатқан және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құбыр объектілерін қауіпсіз және іркіліссіз пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасауға арналған, оның шегінде аумақты белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне шектеу қойылатын немесе тыйым салынатын айрықша күзет және пайдалану жағдайларындағы (құрлықтағы және (немесе) судағы) аумақ;
      5) магистральдық құбырдың меншік иесі - Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі немесе магистральдық құбырға меншік құқығында иелік ететін заңды тұлға;
      6) магистральдық құбырдың физикалық қауіпсіздігі - тұлғалардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерінен туындайтын қатерлерден магистральдық құбырдың қорғалу жай-күйі;
      7) магистральдық құбырды физикалық қорғау - тұлғалардың зақымдауға әкеп соқтыратын құқыққа қарсы іс-әрекеттерінен туындайтын магистральдық құбырға қатысты қатерлерді болдырмауға бағытталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылық шаралар мен инженерлік-техникалық шешімдердің жиынтығы;
      8) оператор - өнімді магистральдық құбырмен тасымалдауды және (немесе) оны пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық құбырдың меншік иесі немесе магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлға не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйым;
      9) өнім - тасымалдауға дайындалған және тиісті өнім түрі бойынша техникалық регламенттерге сәйкес келетін тұрақты (тұрақты емес) газ конденсатын, табиғи газды, ілеспе газды, басқа да сұйық және газ тәріздес көмірсутектерді, мұнай өнімдерін қоса алғандағы мұнай;
      10) техникалық дәліз — магистральдық құбыр немесе қатар салынған магистральдық құбырлар мен коммуникациялар жүйесі өтетін аумақ.
      3. Магистральдық құбырды жобалау, салу, қайта құру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу кезінде магистральдық құбырдың физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оны физикалық қорғау бойынша талаптарды сақтау және:
      1) осы Қағидаларды;
      2) магистральдық құбырларды күзетуге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық және өзге де нормативтік құжаттаманы, соның ішінде стандарттарды, құрылыс нормаларын және ережелерін (ҚНжЕ);
      3) магистральдық құбырды және (немесе) оның бөліктерін салған (қайта құру, кеңейту,техникалық жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) кезде жұмыс құжаттамасының барлық түзетулерімен  және өзгерістерімен құрылыс-монтаждау жұмыстарының нақты орындалуын растайтын жобалау және орындау құжаттамасын басшылыққа алу қажет.

2. Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру тәртібі

      4. Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру:
      1) күзетілетін объектілерде өткізу және объектішілік тәртіптерді енгізуді және қамтамасыз етуді;
      2) магистральдық құбырдың меншік иесінің (оператордың) қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл жасауын;
      3) күзет бекеттерін, жұмылдыру топтарын, жедел әрекет ету топтарын қоюды;
      4) күзетілетін объектілер персоналының, келушілердің іс-әрекеттерін бақылауды;
      5) күзетілетін объектілерге қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесуді;
      6) күзет пен қауіпсіздіктің техникалық құралдарын енгізуді;
      7) күзет күштерінің күзет пен қауіпсіздіктің техникалық құралдарының іске қосылу дабылдарына әрекет етуін көздейді.
      5. Магистральдық құбырды күзету күзет қызметінің субъектісімен күзет қызметін көрсету туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.
      6. Күзет қызметін көрсету туралы шарт магистральдық құбырдың меншік иесі (оператор) және күзет қызметінің субъектісі арасында жасалады. Күзет қызметін көрсету туралы шарт негізінде күзет қызметін көрсету «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Күзет уақыты, күзету тәсілі, күзетшілер саны, қарулануы, техникалық және арнайы құралдары күзет қызметін көрсету туралы шарт талаптарымен айқындалады. Күзетшілер саны, қарулануы, техникалық және арнайы құралдары «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 және «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулыларымен бекітілген нормативтерден аспауы тиіс. Күзет қызметін көрсету туралы шарт жасасу алдында күзет қызметінің субъектісі мен магистральдық құбырдың меншік иесінің (оператордың) уәкілетті өкілдері күзетуге жататын магистральдық құбырларға тексеру жүргізеді.
      Магистральдық құбырларды тексеру құқыққа қарсы қол сұғушылыққа оның жасырынушылығын, тұрақтылығын айқындау мақсатында жергілікті жерде магистральдық құбырдың жай-күйін, қасиеттерін және ерекшеліктерін зерттеу және магистральдық құбырдың меншік иесінің (оператордың) талаптарын ескерумен магистральдық құбырды физикалық қорғау жөнінде шаралар әзірлеу мақсатында жүргізіледі.
      7. Магистральдық құбырлардың күзеті күзету, патрульдеу тәсілдерімен немесе техникалық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
      8. Күзет тәсілімен күзету күзет қызметінің субъектісі қызметкерлерінің әрекеті магистральдық құбырларды көзбен шолып байқау және бақылау-өткізу пункттерін ұйымдастыру, күзет бекеттерін қою (стационарлық, айналып шығу, периметр бойынша бекеттер, сақтандыру бекеттері) арқылы оны құқыққа қайшы қол сұғушылықтан физикалық қорғаудан тұрады.
      9. Патрульдеу тәсілімен күзету күзет қызметінің субъектісі қызметкерлерінің тобымен (жұмылдырылған топтар, жедел әрекет ету топтары), оның ішінде техникалық құралдарды пайдаланып, тікелей магистральдық құбырларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасауға немесе жасауға дайындықтардың жолын кесу мақсатында көлік құралымен немесе өзге де құралдармен магистральдық құбырды айналма, айнала жүру, көзбен шолу арқылы байқауды қамтиды.
      10. Техникалық құралдарды қолданып магистральдық құбырды күзету тәсілі күзет қызметінің субъектісі қызметкерлерінің магистральдық құбырды техникалық құралдардың көмегімен бақылау және құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан (техникалық бекеттер) оны физикалық қорғау әрекеттерінен тұрады.
      11. Магистральдық құбырлардың орналасу, күзетудің техникалық құралдарымен жабдықталуына және басқа да ерекшеліктеріне байланысты күзету тәсілдерінің негізгі элементтері мыналар болып табылады:
      1) күзетілетін объектіге кіретін жерде өткізу тәртібін қамтамасыз ету, көлік құралдары мен жеке тұлғалардың қозғалысын шектеу үшін қойылатын бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі - БӨП);
      2) жекелеген объектіде немесе бірнеше объектілерде ашық алаңда немесе қоршалған аумақта қойылатын, күзетшілер айналып жүргенде олардың жалпы ұзындығы 100 метрден аспайтын стационарлық бекет;
      3) айнала жүру арқылы бір немесе бірнеше объектілерді күзету үшін арналған, айнала жүру ұзындығы 100 м артық, бірақ 300 м аспайтын, айналма бекеті;
      4) бақылау және ақпарат жинау үшін күзеттің техникалық құралдар кешені орнатылған үй-жайда қойылатын техникалық бекет;
      5) кешенді күштердің, оның ішінде құқық қорғау органдары жеткенге дейін, күзетілетін объектілер инфрақұрылымының дабыл бергіші іске қосылғанда және оперативті жағдай шиеленіскен кезде кідіріссіз ден қою үшін арналған жедел ден қою тобы;
      6) күзетілетін аумақтың шекарасы бойынша, оның ішінде бекеттік бақылау мінбесінде БӨП-тен тыс күзетілетін объектінің аумағына кіруді бөгеу үшін қойылатын периметр бойынша бекеті;
      7) магистральдық құбырлардың күзет аймақтарында оларды мерзімді тексеру, күзетін қамтамасыз ету және оларға қатысты құқыққа қайшы қол сұғушылық әрекеттерін кесу жөнінде шаралар қабылдау мақсатында патрульдеуді жүзеге асыратын жұмылдыру тобы;
      8) қызметтік иттерді пайдалану арқылы кинологиялық бекеті;
      9) бар күзет куштеріне қосымша уақытша қойылатын сақтандыру бекеті.
      12. Магистральдық құбырдың күзету тиімділігін арттыру, физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында магистральдық құбырларды күзету үшін қызметтік иттерді пайдалануға болады.
      13. Экстремалды жағдайлардың туындауын болдырмау, жолын кесу және оқшаулау бойынша күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері мен объекті персоналының іс-қимылы тиімділігін арттыру мақсатында магистральдық құбырдың меншік иесі (оператор) күзет қызметі субъектісімен бірлесіп, әр объектіде күзет пен қорғаныс жоспарларын  және өзара іс-қимыл жасасу схемаларын әзірлейді. Өзара іс-қимыл жасасу схемалары Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.
      Магистральдық құбырларды терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      14. Магистральдық құбырларды күзету кезінде қорғау, патрульдеу тәсілдерімен, техникалық құралдарды пайдалану арқылы объектілерді күзету кезінде күзет күштерінің мынадай нормативтері белгіленеді:
      1) күзету тәсілімен объектілерді күзету кезінде:
      персонал мен келушілерді өткізуге және тексеруге арналған БӨП - БӨП-те кіруді басқарудың автоматтандырылған бақылау жүйелері болмаған кезде (рұқсат қағаздарын қолмен тексеру тәсілінде) бір күзетшінің сағатына 50-ге дейін жеке тұлғаларды өткізуі және кіруді басқарудың автоматтандырылған бақылау жүйелері болған кезде сағатына 100-ге дейін жеке тұлғаларды өткізуі есебімен әр БӨП-қа тәуліктік бір стационарлық күзет бекеті;
      көлік құралдарын тексеруге және өткізуге арналған БӨП - қозғалыс қарқындылығы бір БӨП арқылы сағатына 10-нан 20-ға дейінгі бірліктегі көлік құралдарының өтуі кезінде әр көліктің кіруіне арналған тәуліктік бір стационарлық күзет бекеті;
      жеке тұлғалар мен көлік құралдарын өткізуге және тексеруге арналған БӨП (құрамдастырылған үлгідегі) - әр БӨП-ке арналған тәуліктік екі стационарлық күзет бекеті. Құрамдастырылған үлгідегі БӨП күзетілетін объектінің дербес ерекшеліктерін, нақты қауіптер мен әрбір жеке объектіге қатысты жасалған құқыққа қайшы және өзге де әрекеттер санын талдауды ескере отырып енгізіледі;
      теміржол көлігін өткізуге арналған БӨП - әр БӨП-ке арналған тәуліктік екі стационарлық күзет бекеті. Теміржол көлігін өткізуге арналған БӨП күзетілетін объектінің дербес ерекшеліктерін, нақты қауіптер мен әрбір жеке объектіге қатысты жасалған құқыққа қайшы және өзге де әрекеттер санын талдауды ескере отырып енгізіледі;
      ашық алаңдағы немесе қоршалған аумақтағы оқшауланған объект не бірнеше объектілер - кіреберісте немесе ұзындығы 100 метрге дейін қозғалыс бағытында тәуліктік бір стационарлық күзет бекеті;
      оқшауланған, қоршаумен жабдықталған бір немесе бірнеше объектілердің аумағы - ұзындығы 100 метрден артық, бірақ 300 метрден аспайтын қозғалыс бағытындағы тәуліктік бір айналма күзет бекеті;
      Қысқа оқпанды қызметтік қарумен немесе зақымдау әрекеті бар оқтарымен оқпансыз қызметтік қарумен қаруландырылған күзетшінің міндеттерін орындау кезінде ұзындығы 250 метрге дейінгі қозғалыс маршрутында тәуліктік бір айналма күзет бекеті қойылады.
      Бекеттік бақылау мінбелерінен бақылау арқылы объектіні күзету және қорғау бойынша күзетшінің міндеттерін орындау кезінде тәуліктік бір стационарлық бекет немесе төңіректегі учаскенің периметрі бойынша бекет 400 метрге дейін (орманда - 250 метрге дейін, суда - 300 метрге дейін) белгіленеді.
      Күзеттің сенімділігін арттыру үшін тәуліктік әрбір бес күзет бекетіне тәуліктік бір сақтандыру бекеті есебімен сақтандыру бекеттері енгізіледі.
      Күзетілетін объектінің дербес ерекшеліктерін, нақты қауіптер мен оған қатысты жасалған құқыққа қайшы және өзге де әрекеттер санын талдауды ескере отырып, бір кинологиялық бекетке төрт қызметтік иттерді қою есебінен кинологиялық күзет бекеттерін пайдалануға болады.
      2) патрульдеу тәсілімен объектілерді күзету кезінде:
      жұмылдыру тобының экипажына бір мезгілде үш күзет қызметкері шығарылады.
      Магистральдық құбырларда құқыққа қайшы қол сұғушылықтарға жедел ден қою үшін күзетілетін объектіге жетудің қажетті есепті уақытын ескере отырып жедел ден қою топтарын пайдалануға болады. Жедел ден қою тобының экипажына бір мезгілде үш күзет қызметкері шығарылады.
      Сақтандыру іс-шараларын ұйымдастыру үшін үш жұмылдыру тобына тәуліктік бір сақтандыру бекеті есебімен сақтандыру бекеттері енгізіледі.
      Магистральдық құбырлардың желілік бөлігінің объектілерінде күзеттің сенімділігін арттыру үшін бір кинологиялық бекетке төрт қызметтік иттерді қою есебінен кинологиялық күзет бекеттерін пайдалануға болады.
      Кинологиялық бекеттер саны күзетілетін объектінің дербес ерекшеліктерін, нақты қауіптер мен әрбір жеке объектіге қатысты жасалған құқыққа қайшы және өзге де әрекеттер санын талдауды ескере отырып белгіленеді.
      3) техникалық құралдарды пайдаланып күзету кезінде:
      техникалық күзет пульті - тәуліктік бір техникалық күзет бекеті;
      бейнемониторинг пульті - күзетілетін объектіде 30 бейнекамераға дейінгі жүктеме кезінде тәуліктік бір техникалық күзет бекеті;
      қоршаумен және техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектінің периметрі - ұзындығы 1000 метрге дейінгі учаскеге тәуліктік бір техникалық бекет;
      күзетілетін объектілерден техникалық күзет құралдары іске қосылған кездегі іс-қимылдар үшін - техникалық күзет құралдарымен жабдықталған әр 30 ғимарат пен үй-жайлар үшін тәуліктік бір техникалық бекет.
      15. Магистральдық құбырлардың иелері (операторлар) күзетудің инженерлік-техникалық құралдарын (бұдан әрі - КИТҚ) енгізуді, олардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
      16. Бұзушылардың заңсыз кіруін анықтау үшін магистральдық құбырдың желілік бөлігі белгіленген іс-қимыл жасасу регламентіне сәйкес күзет қызметі субъектісінің кезекші қызметін хабарландырумен құбырлар мониторингінің тиісті автоматтандырылған жұмыс орнына ақпараттық сигналдарды беруге тиісті құбырларды күзету және ағатын жерлерді табу жүйелерімен жабдықталады.
      Бұзушылардың заңсыз кіруін анықтау үшін магистральдық құбырлардың күзетілетін объектілері мұрағаттық деректерді ұзақ сақтау шартымен, бақылауды басқару жүйесіне қол жеткізуді қоса алғанда, күзет-периметрлік дабыл беру және бейнебақылау біріктірілген жүйелерімен жабдықталады. Белгіленген өзара іс-қимыл жасасу регламентіне сәйкес күзет қызметінің субъектісі көрсетілген жүйенің тиісті автоматтандырылған жұмыс орнын пайдалана отырып объектіні күзетуді жүзеге асырады. Жекелеген учаскелердің (жергілікті нысандардың) КИТҚ кешенінің құрамына күзетілетін объекті аумағына кіруге әрекет ету туралы қатты дауыстап хабарлау және бұзушыға психологаялық әсер ету үшін күшті динамиктер мен сиреналарды қосуға рұқсат етіледі.
      Магистральдық құбырдың меншік иесі (операторы) тарапынан күзет қызметі субъектісінің іс-қимылына бақылау жүйесін пайдалануға қосымша рұқсат етіледі. Күзет қызметі субъектісінің іс-қимылына бақылау жүйесі мұрағаттық деректердің ұзақ мерзімді сақталуы және тиісті есептерді қалыптастыра отырып жинақталған деректерге талдау жүргізу мүмкіндігімен аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтуы тиіс.
      17. Күзетілетін учаскелерде түрлі физикалық қағидаттарды пайдалануға негізделген жоғары кедергіге қалыпты қарсы тұратын және жасырын орналастыру мүмкіндігі бар табу құралдары пайдаланылады.
      18. Магистральдық құбыр объектілерін тексеру нәтижелеріне байланысты олар объектілердің күзет аймақтарына адамдар мен келік құралдарының БӨП-ті айналып еркін өтуіне бөгет болатын қоршаумен жабдықталады.
      Күзет күштерінің қозғалысы үшін магистральдық құбырдың меншік иесімен (оператормен) күзет аймағында немесе одан тыс салынатын трасса бойындағы жолдар пайдаланылады.
      19. Қорғау және пайдаланудың ерекше жағдайларының бұзылуын болдырмау мақсатында егістік тереңдігі 35 сантиметрден аспайтын далалық ауылшаруашылық дақылдарын есіруге арналған агротехникалық жұмыс кешенінен басқа магистральдық құбырдың күзетілетін аймағында жүргізілетін және магистральдық құбырдың меншік иесімен келісуді талап ететін кез келген жұмыстар мен іс-әрекеттер магистральдық құбырдың меншік иесі беретін магистральдық құбырдың күзет аймағында жұмыс (іс-әрекет) өндірісіне арналған келісім-хаттың болуы кезінде ғана орындалуы мүмкін, бұл магистральдық құбырдың меншік иесінің (операторының) толық атауын, келісім-хаттың берілген күнін, жұмысты (іс-әрекетті) жасау орнын, жұмыстың (іс-әрекеттің) басталуын, жұмыстың (іс-әрекеттің) аяқталуын, жұмыстың (іс-әрекеттің) өндірушісін, жұмыстың (іс-әрекеттің) жауапты басшысын, орындалатын жұмысты (іс-әрекетті), магистральдық құбырдың меншік иесінің (операторының) өкілі болғанда орындалатын жұмыстың (іс-әрекеттің) кезеңдерін, жұмыс (іс-әрекет) өндірісі кезінде қауіпсіздік шараларын, жұмысты (іс-әрекетті) өндірушінің келісім-хатты алуы туралы белгіні қамтуы тиіс.
      20. Бірнеше магистральдық құбыр аймағы жанасқан жағдайда, олардың жанасу жерлерінде жұмыс немесе іс-қимыл өндірісінде келісім-хаттар күзет аймақтары жанасатын барлық тиісті магистральдық құбырлардың меншік иелерінен (операторларынан) алынуы тиіс.
      21. Заңды немесе жеке тұлға берілген келісім-хатқа сәйкес магистральдық құбырдың меншік иесі (операторы) өкілінің болуын талап ететін жұмыс немесе іс-әрекет сатыларының орындалуы үшін магистральдық құбырдың меншік иесіне (операторына) осы жұмыс (іс-әрекет) басталғанға дейін бес тәулік ішінде магистральдық құбырдың меншік иесі өкілін шақыру туралы жазбаша хабарлама жібереді.
      Магистральдық құбырдың меншік иесі (оператор) магистральдық құбырдың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру үшін жұмыс немесе іс-әрекет орнына жауапты өкілдің уақытылы келуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ күзет қызметі субъектілерінің жүргізетін жұмысы немесе іс-әрекеті туралы жазбаша түрде хабарлама береді. Егер жұмыс немесе іс-әрекет өртке қауіпті болып табылса, онда магистральдық құбырдың меншік иесі (оператор) өрт қауіпсіздігі күзетін жүзеге асыратын осындай жұмысты немесе іс-әрекетті жүргізу орнында субъектінің болуын қамтамасыз етеді.

Об утверждении Правил организации охраны магистральных трубопроводов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2012 года № 1541. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2015 года № 750

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.09.2015 № 750 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

ПРЕСС-РЕЛИЗ

     Примечание РЦПИ.
     В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 32.

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 22 июня 2012 года «О магистральном трубопроводе» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила организации охраны магистральных трубопроводов.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждены         
постановлением Правительства 
Республики Казахстан     
от 4 декабря 2012 года № 1541

Правила
организации охраны магистральных трубопроводов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации охраны магистральных трубопроводов (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 22 июня 2012 года «О магистральном трубопроводе» (далее - Закон) и определяют порядок организации охраны магистральных трубопроводов.
      2. Основные понятия, применяемые в настоящих Правилах:
      1) охраняемый объект - находящееся под охраной имущество (здание, строение, сооружение, земельный участок, жилое или нежилое помещение, иное имущество), входящее в единый производственно-технологический комплекс магистрального трубопровода;
      2) магистральный трубопровод - единый производственно- технологический комплекс, состоящий из линейной части и объектов, обеспечивающих безопасную транспортировку продукции, соответствующий требованиям технических регламентов и национальных стандартов;
      3) охрана магистрального трубопровода - система мероприятий, направленных на предотвращение противоправных действий лиц в отношении магистрального трубопровода, а также защиту технических средств охраны и безопасности от умышленного вывода из строя;
      4) охранная зона магистрального трубопровода - территория (на суше и (или) воде) с особыми условиями охраны и пользования, прилегающая к объектам магистрального трубопровода и предназначенная для обеспечения безопасности населения и создания необходимых условий для безопасной и бесперебойной эксплуатации объектов трубопровода, в пределах которой ограничиваются или запрещаются виды деятельности, несовместимые с целями ее установления;
      5) собственник магистрального трубопровода - Республика Казахстан, административно-территориальная единица Республики Казахстан или юридическое лицо, владеющее магистральным трубопроводом на праве собственности;
      6) физическая безопасность магистрального трубопровода - состояние защищенности магистрального трубопровода от угроз, источниками которых являются противоправные действия лиц;
      7) физическая защита магистрального трубопровода - совокупность правовых норм, организационных мер и инженерно-технических решений, направленных на предотвращение угроз в отношении магистрального трубопровода, источниками которых являются противоправные действия лиц, влекущие за собой повреждения;
      8) оператор - собственник магистрального трубопровода или юридическое лицо, владеющее магистральным трубопроводом на ином законном основании, осуществляющие транспортировку продукции по магистральному трубопроводу и (или) его эксплуатацию, либо уполномоченная ими организация, оказывающая операторские услуги;
      9) продукция - нефть, включая стабильный (нестабильный) газовый конденсат, природный газ, попутный газ, другие жидкие и газообразные углеводороды, нефтепродукты, подготовленные к транспортировке и соответствующие техническим регламентам по соответствующему виду продукции;
      10) технический коридор - территория, по которой проходят магистральный трубопровод или система параллельно проложенных
магистральных трубопроводов и коммуникаций.
      3. При проектировании, строительстве, реконструкции, расширении, техническом перевооружении, модернизации, капитальном ремонте магистрального трубопровода необходимо соблюдать требования по обеспечению физической безопасности магистрального трубопровода, а также его физической защите и руководствоваться:
      1) настоящими Правилами;
      2) нормативно-технической и иной нормативной документацией, устанавливающей требования к охране магистральных трубопроводов, в том числе стандартами, строительными нормами и правилами (СНиП);
      3) проектной и исполнительной документацией, подтверждающей фактическое выполнение строительно-монтажных работ со всеми поправками и изменениями рабочей документации при строительстве (реконструкции, расширении, техническом перевооружении, модернизации, капитальном ремонте) магистрального трубопровода и (или) его частей.

      2. Порядок организации охраны магистральных трубопроводов

      4. Организация охраны магистральных трубопроводов предусматривает:
      1) внедрение и обеспечение пропускного и внутриобъектового режимов на охраняемых объектах;
      2) взаимодействие со службой безопасности собственника магистрального трубопровода (оператора);
      3) выставление постов охраны, мобильных групп, групп оперативного реагирования;
      4) контроль за действиями персонала, посетителей охраняемых объектов;
      5) пресечение противоправных действий в отношении охраняемых объектов;
      6) внедрение технических средств охраны и безопасности;
      7) реагирование сил охраны на сигналы срабатывания технических средств охраны и безопасности.
      5. Охрана магистрального трубопровода осуществляется субъектом охранной деятельности на основе договора об оказании охранных услуг.
      6. Договор об оказании охранных услуг заключается между собственником магистрального трубопровода (оператором) и субъектом охранной деятельности. Оказание охранных услуг на основе договора об оказании охранных услуг регламентируется Законом Республики Казахстан «Об охранной деятельности». Время охраны, способ охраны, количество охранников, вооружение, технические и специальные средства определяются условиями договора об оказании охранных услуг. Количество охранников, вооружение, технические и специальные средства не должны превышать нормативы, установленные постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2002 года № 407 «О мерах по реализации Закона Республики Казахстан «Об охранной деятельности» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года № 1176 «О мерах по реализации Закона Республики Казахстан «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия». Перед заключением договора об оказании охранных услуг уполномоченными представителями субъекта охранной деятельности и собственника магистрального трубопровода (оператора) проводится обследование подлежащих охране магистральных трубопроводов.
      Обследование магистральных трубопроводов проводится с целью изучения на месте состояния, свойств и особенностей магистрального трубопровода с целью определения его латентности, устойчивости к противоправным посягательствам и разработки мер по физической защите магистрального трубопровода с учетом требований собственника магистрального трубопровода (оператора).
      7. Охрана магистральных трубопроводов осуществляется способами охраны, патрулирования или с использованием технических средств.
      8. Охрана способом охраны заключается в действиях работников субъекта охранной деятельности по визуальному наблюдению за магистральным трубопроводом и его физической защите от противоправных посягательств путем организации контрольно-пропускных пунктов, выставления постов охраны (стационарные, обходные, посты по периметру, профилактические посты).
      9. Охрана способом патрулирования включает в себя охрану магистрального трубопровода путем объезда, обхода, визуального наблюдения, в том числе с использованием технических средств, группой работников субъекта охранной деятельности на транспортном средстве либо на иных средствах (мобильные группы, группы оперативного реагирования) с целью пресечения попыток совершения или подготовки к совершению противоправных действий непосредственно в отношении магистральных трубопроводов.
      10. Способ охраны магистрального трубопровода с использованием технических средств заключается в действиях работников субъекта охранной деятельности по наблюдению с помощью технических средств за магистральным трубопроводом и его физической защите от противоправных посягательств (технические посты).
      11. Основными элементами способов охраны магистральных трубопроводов в зависимости от их расположения, оснащенности техническими средствами охраны и других особенностей являются:
      1) контрольно-пропускной пункт (далее - КПП), выставляемый на входе на охраняемый объект, для обеспечения пропускного режима, ограничения движения транспортных средств и физических лиц;
      2) стационарный пост, выставляемый на одном обособленном объекте, либо нескольких объектах на открытой площадке или огражденной территории при общей протяженности их обхода охранниками не более 100 метров;
      3) обходной пост, предназначенный для охраны одного или нескольких объектов путем обхода с протяженностью свыше 100 м, но не более 300 м;
      4) технический пост, выставляемый в помещении, где установлен комплекс технических средств охраны, для осуществления контроля и сбора информации;
      5) группа оперативного реагирования, предназначенная для безотлагательного реагирования при срабатывании сигнализации инфраструктуры охраняемых объектов и осложнении оперативной обстановки, до приезда комплексных сил, в том числе правоохранительных органов;
      6) пост по периметру, выставляемый по границе охраняемой территории, в том числе на постовых наблюдательных вышках для преграждения доступа на территорию охраняемого объекта вне КПП;
      7) мобильная группа, осуществляющая патрулирование в охранных зонах магистральных трубопроводов в целях их периодического осмотра, принятия мер к обеспечению охраны и пресечению попыток противоправных посягательств в отношении них;
      8) кинологический пост с использованием служебных собак;
      9) профилактический пост, выставляемый дополнительно временно к имеющимся силам охраны.
      12. В целях повышения эффективности охраны, обеспечения физической безопасности магистрального трубопровода могут применяться служебные собаки для охраны магистральных трубопроводов.
      13. В целях повышения эффективности действий работников субъекта охранной деятельности и объектового персонала по недопущению возникновения, пресечению и локализации экстремальных ситуаций собственник магистрального трубопровода (оператор) совместно с субъектом охранной деятельности разрабатывает на каждом объекте планы охраны и обороны и схемы взаимодействия. Схемы взаимодействия согласовываются с территориальными органами внутренних дел и национальной безопасности Республики Казахстан.
      Мероприятия по обеспечению антитеррористической защиты магистральных трубопроводов осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан о противодействии терроризму.
      14. При охране магистральных трубопроводов устанавливаются следующие нормативы сил охраны при охране объектов способом охраны, патрулирования, с использованием технических средств:
      1) при охране объектов способом охраны:
      КПП для пропуска и осмотра персонала и посетителей - один круглосуточный стационарный пост охраны на каждый КПП, из расчета пропуска одним постовым до 50 физических лиц в час при отсутствии на КПП автоматизированных систем контроля управления доступом (ручном способе проверки пропусков) и до 100 физических лиц в час при наличии автоматизированных систем контроля управления доступом;
      КПП для осмотра и пропуска транспортных средств — один круглосуточный стационарный пост охраны на каждый транспортный въезд, при интенсивности движения от 10 до 20 единиц транспортных средств в час через один КПП;
      КПП (комбинированного типа) - для пропуска и осмотра физических лиц и транспортных средств - два круглосуточных стационарных поста охраны на каждый КПП. КПП комбинированного типа вводятся с учетом индивидуальных особенностей охраняемого объекта, анализа реальных угроз и количества совершенных противоправных и иных действий в отношении каждого отдельно взятого объекта;
      КПП для пропуска железнодорожного транспорта - два круглосуточных стационарных поста охраны на каждый КПП. КПП для пропуска железнодорожного транспорта вводятся с учетом индивидуальных особенностей охраняемого объекта, анализа реальных угроз и количества совершенных противоправных и иных действий в отношении каждого отдельно взятого объекта;
      обособленный объект либо несколько объектов на открытой площадке или огражденной территории - один круглосуточный стационарный пост охраны на входе или на маршруте движения, протяженностью до 100 м;
      обособленная, оборудованная ограждением территория одного или нескольких объектов - один круглосуточный обходной пост охраны на маршруте движения протяженностью свыше 100 м, но не более 300 м.
      При исполнении обязанностей охранником, вооруженным короткоствольным служебным оружием либо бесствольным служебным оружием с патронами травматического действия, выставляется один круглосуточный обходной пост на маршруте движения протяженностью до 250 м.
      При исполнении обязанностей охранником по охране и обороне объекта путем наблюдения с постовых наблюдательных вышек на один круглосуточный стационарный пост либо пост по периметру определяется участок местности протяженностью - до 400 м (в лесу - до 250 м, на воде - до 300 м).
      Для повышения надежности охраны вводятся профилактические посты из расчета один круглосуточный профилактический пост на каждые пять круглосуточных постов охраны.
      С учетом индивидуальных особенностей охраняемого объекта, анализа реальных угроз и количества совершенных противоправных и иных действий в отношении него могут использоваться кинологические посты охраны из расчета четыре служебные собаки на один кинологический пост;
      2) при охране объектов способом патрулирования:
      в экипаж мобильной группы единовременно выставляются три работника охраны.
      Для оперативного реагирования на противоправные посягательства на магистральных трубопроводах с учетом необходимого расчетного времени прибытия к охраняемому объекту могут также использоваться группы оперативного реагирования. В экипаж группы оперативного реагирования единовременно выставляются три работника охраны.
      Для организации профилактических мероприятий вводятся профилактические посты из расчета один круглосуточный профилактический пост на три мобильные группы.
      Для повышения надежности охраны на объектах линейной части магистральных трубопроводов могут использоваться кинологические посты охраны из расчета четыре служебные собаки на один кинологический пост.
      Количество кинологических постов устанавливается с учетом индивидуальных особенностей охраняемого объекта, анализа реальных угроз и количества совершенных противоправных и иных действий в отношении каждого отдельно взятого объекта;
      3) при охране с использованием технических средств:
      пульт технической охраны - один круглосуточный технический пост охраны;
      пульт видеомониторинга - один круглосуточный технический пост охраны при нагрузке до 30 видеокамер на охраняемом объекте;
      периметр объекта, оборудованный ограждением и техническими средствами охраны, один круглосуточный технический пост на участок протяженностью до 1000 м;
      для действий при срабатывании технических средств охраны с охраняемых объектов — один круглосуточный технический пост на каждые оборудованные техническими средствами охраны 30 зданий и помещений.
      15. Собственники магистральных трубопроводов (операторы) обеспечивают внедрение инженерно-технических средств охраны (далее -
ИТСО), поддержание их в исправности.
      16. Для обнаружения несанкционированного вторжения нарушителей
линейная часть магистрального трубопровода оборудуется системами охраны трубопроводов и обнаружения утечек, информационные сигналы с которых должны передаваться на соответствующее автоматизированное рабочее место мониторинга трубопроводов с оповещением дежурной службы субъекта охранной деятельности в соответствии с установленным регламентом взаимодействия.
      Для обнаружения несанкционированного вторжения нарушителей охраняемые объекты магистральных трубопроводов оснащаются интегрированными системами охранно-периметральной сигнализации и видеонаблюдения, включая систему управления контроля доступом, с условием долговременного хранения архивных данных. В соответствии с установленным регламентом взаимодействия субъект охранной деятельности, используя соответствующее автоматизированное рабочее место указанной системы, осуществляет охрану объекта. В состав комплекса ИТСО отдельных участков (локальных объектов) допускается включение мощных динамиков или сирен для громкого оповещения о попытке проникновения на охраняемую территорию объекта и психологического воздействия на нарушителя.
      Дополнительно допускается использование системы контроля за действиями субъекта охранной деятельности со стороны собственника магистрального трубопровода (оператора). Система контроля за действиями субъекта охранной деятельности должна включать аппаратное и программное обеспечение с возможностью долговременного хранения архивных данных и проведения анализа накопленных данных с формированием соответствующих отчетов.
      17. На охраняемых участках используются средства обнаружения с высокой помехоустойчивостью и возможностью скрытого размещения,
основанные на использовании различных физических принципов.
      18. В зависимости от результатов обследования объектов магистрального трубопровода они оборудуются ограждением, препятствующим свободному проходу лиц и проезду транспортных средств в охранные зоны объектов, минуя КПП.
      Для передвижения сил охраны используются вдольтрассовые дороги, которые строятся в охранной зоне или вне ее собственником магистрального трубопровода (оператором).
      19. В целях исключения случаев нарушения особых условий охраны и пользования, любые работы или действия, производимые в охранных зонах магистрального трубопровода и требующие согласования с собственником магистрального трубопровода, кроме комплекса агротехнических работ для выращивания полевых сельскохозяйственных культур с пахотной глубиной не более 35 см, могут выполняться только при наличии письма-согласования на производство работ (действий) в охранной зоне магистрального трубопровода, выдаваемого собственником магистрального трубопровода (оператором), которое должно содержать наименование собственника магистрального трубопровода (оператора), дату выдачи письма-согласования, место производства работ (действий), начало работ (действий), окончание работ (действий), производителя работ (действий), ответственного руководителя работ (действий), выполняемые работы (действия), этапы работ (действий), выполняемые в присутствии представителя собственника магистрального трубопровода (оператора), меры безопасности при производстве работ (действий), отметку о получении письма-согласования производителем работ (действий).
      20. В случае соприкосновения охранных зон нескольких магистральных трубопроводов, письма-согласования на производство работ или действий в местах их соприкосновения должны быть получены от всех соответствующих собственников магистральных трубопроводов (операторов), чьи охранные зоны соприкасаются.
      21. Юридические или физические лица для выполнения этапов работ или действий, требующих присутствия представителя собственника магистрального трубопровода (оператора) согласно выданному письму-согласованию, направляют собственнику магистрального трубопровода (оператору) письменное уведомление о вызове представителя собственника магистрального трубопровода (оператора) за пять суток до начала этих работ (действий).
      Собственник магистрального трубопровода (оператор) обеспечивает своевременную явку ответственного представителя к месту работ или действий для осуществления контроля за соблюдением мер по обеспечению сохранности магистрального трубопровода, а также письменно уведомляет о производимых работах или действиях субъекта охранной деятельности. Если работы или действия являются пожароопасными, то собственник магистрального трубопровода (оператор) обеспечивает присутствие на месте проведения таких работ или действий субъекта, осуществляющего противопожарную охрану.