Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1541 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 қаулысымен

«Магистральдық кұбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1541 қаулысына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      1. Осы қаулымен «Магистральдық кұбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
      Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру күзетілетін объектілерде өткізу және объектішілік тәртіптерді енгізуді және қамтамасыз етуді, магистральдық құбырдың меншік иесінің (оператордың) қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл жасауын, күзет бекеттерін, жұмылдыру топтарын, жедел әрекет ету топтарын қоюды, күзетілетін объектілер персоналының, келушілердің іс-әрекеттерін бақылауды, күзетілетін объектілерге қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесуді, күзет пен қауіпсіздіктің техникалық құралдарын енгізуді, күзет күштерінін күзет пен қауіпсіздіктің техникалық құралдарының іске қосылу дабылдарына әрекет етуін көздейді.
      Магистральдық құбырлардың күзеті күзету, патрульдеу тәсілдерімен немесе техникалық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
      Экстремалды жағдайлардың туындауын болдырмау, жолын кесу және оқшаулау бойынша күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері мен объекті персоналының іс-қимылы тиімділігін арттыру мақсатында магистральдық құбырдың меншік иесі (оператор) күзет қызметі субъектісімен бірлесіп, эр объектіде күзет пен қорғаныс жоспарларын және өзара іс-қимыл жасасу схемаларын әзірлейді. Өзара іс-қимыл жасасу схемалары Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.
      Магистральдық құбырларды терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бірнеше магистральдық құбыр аймағы жанасқан жағдайда, олардың жанасу жерлерінде жұмыс немесе іс-қимыл өндірісінде келісім-хаттар күзет аймақтары жанасатын барлық тиісті магистральдық құбырлардың меншік иелерінен (операторларынан) алынуы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз