Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі
заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды,
олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат):
1) 96-баптың екінші бөлігінде:
ж) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жүзеге асырған;»;
мынадай мазмұндағы п) тармақшасымен толықтырылсын:
«п) ұйымдасқан топпен адам өлтіру –»;
2) 241-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өкiмет өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру -
екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
3) мынадай мазмұндағы 338-1-баппен толықтырылсын:
«338-1-бап. Төтенше жағдай режимін бұзу
Ауыр зардаптарға әкеп соққан төтенше жағдай ахуалында қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулерді бұзу, сол сияқты жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін орындамау -
айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл төлеуге не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239 құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33 құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2012 ж., № 6, 44-құжат; № 14, 93-құжат):
1) 58-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 (екінші бөлігінің п) тармағында), 162 (төртінші бөлігінде), 165, 166-1, 167, 171, 233 (төртінші бөлігінде), 235-1 (бесінші бөлігінде), 250 (төртінші бөлігінде), 259 (төртінші бөлігінде), 260 (төртінші бөлігінде), 261 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, қылмыстық заңда жасағаны үшін өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер айыпталушының өтініші бойынша бір судьяның және он алқабидің құрамында қаралады.»;
2) 137-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«137-бап. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды
қамауда ұстаудың тәртiбi
Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар тиiсiнше гаупвахталарда және бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде де ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 65-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар анықтау органының бастығы айқындайтын арнайы бейiмделген үй-жайларда ұсталады. Төтенше жағдай режимі ахуалында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар жергілікті жердің коменданты белгілейтін осы мақсаттар үшін бейiмделген үй-жайларда ұсталуы мүмкін. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстаудың тәртiбi мен шарттары заңнамада айқындалады.»;
3) 301-баптың 3-1 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Алдын ала тыңдау барысында судья Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 (екінші бөлігінің п) тармағында), 162 (төртінші бөлігінде), 165, 166-1, 167, 171, 233 (төртінші бөлігінде), 235-1 (бесінші бөлігінде), 250 (төртінші бөлігінде), 259 (төртінші бөлігінде), 260 (төртінші бөлігінде) 261 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстарды қоспағанда, қылмыстық заңда жасағаны үшін өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішінің бар-жоғын анықтайды.»;
4) 543-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«543-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың қарауына жататын iстер
1. Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 (екінші бөлігінің п) тармағында), 162 (төртінші бөлігінде), 165, 166-1, 167, 171, 233 (төртінші бөлігінде), 235-1 (бесінші бөлігінде), 250 (төртінші бөлігінде), 259 (төртінші бөлігінде), 260 (төртінші бөлігінде) 261 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген қылмыстар бойынша істерді, сондай-ақ көрсетілген әрекеттерді есі дұрыс емес күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейін жүйке ауруына ұшыраған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қоспағанда, қылмыстық заңда жасағаны үшін өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды.
2. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған болса, егер қылмыстардың осындай жиынтығына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 (екінші бөлігінің п) тармағында), 162 (төртінші бөлігінде), 165, 166-1, 167, 171, 233 (төртінші бөлігінде), 235-1 (бесінші бөлігінде), 250 (төртінші бөлігінде), 259 (төртінші бөлігінде), 260 (төртінші бөлігінде) 261 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстарды қоспағанда, жасағаны үшін қылмыстық заңда өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісінің сотта алқабилердің қатысуымен қаралуына құқығы бар.
3. Егер iс бойынша бiрнеше адам айыпталып жатса, егер олардың ең болмағанда бiреуi қылмыстық iстi алқабилердiң қатысуымен қарау туралы өтiнiш бiлдiрсе, алқабилердiң қатысуымен сотта оны қарау барлық сотталушыларға қатысты осы бөлiмде көзделген ережелер бойынша жүргiзiледi.».
3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж, № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат):
1) 170-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тараптардың кәсіби медиаторлар ұйымдарының медиация рәсімінің тәртібі мен қағидаттарының түсіндірмесін алуын қамтамасыз етеді;»;
2) 250-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Талап қоюшының не жауапкердің өтінішімен осы Кодекстің 249-бабының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша, егер тараптар өздерінің сот отырысында болмауының дәлелді себептерін растайтын дәлелдемелер ұсынса, сот арызды қараусыз қалдыру жөніндегі өз ұйғарымының күшін жояды. Сот арызды қараусыз қалдыру жөніндегі ұйғарымның күшін жою туралы өтінішті сот отырысында өтініш білдірген адамның қатысуымен, ол сотқа келіп түскен сәттен бастап он күн ішінде қарайды.»;
3) мынадай мазмұндағы 317-16-баппен толықтырылсын:
«317-16-бап. Шығарып жіберу туралы сот актісін орындауды
тоқтата тұру
Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот көрсеткен мерзімге дейін шағым немесе наразылық түскен жағдайда, сот шешімі шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс шағым немесе наразылық қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.».
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 69-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу және кеден ісі саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу және кеден ісі саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.
3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын, бюджеттік қатынастар саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатпайды.
Қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.»;
2) 122-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«122-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елуден екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi, әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 163-баптың бесінші бөлігінің төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (көмiртегiнiң қос тотығымен байытылғанынан басқасы) спирт өлшеуіш аппараттарынсыз және (немесе) бақылаушы есепке алу аспаптарынсыз не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын бақылаушы есепке алу аспаптарымен өндіру;
этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (көмiртегiнiң қос тотығымен байытылғанынан басқасы) ақаулы, сол сияқты есептегі нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшеуіш аппараттарымен және (немесе) бақылаушы есепке алу аспаптарымен өндіру;»;
4) 167-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-4-бөлікпен толықтырылсын:
«6-4. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірнеше түрлерін олардың біртекті түрлеріне және (немесе) оларды жеткізу (орындау, көрсету) орнына қарай лоттарға бөлмеу -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
ескертпеде:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«алтыншы бөлiкте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын;»;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«6-3-бөлікте – конкурстық комиссия төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссия мүшелерін;»;
мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«6-4-бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын түсіну керек.»;
5) 206-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«206-2-бап. Қаржылық бақылау шараларын бұзу
1. Мемлекеттік лауазымдағы адамның, келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мерзім ішінде табыстары және салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы декларацияларды қасақана бермеуі –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Қосымша салық есептілігін және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс ету арқылы бұзушылықты жойған жағдайда, адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
6) 231-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
қызметтiң тиiстi түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүзден тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) 232-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соқтыратын осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау –
қызметтiң тиiстi түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден сегiз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8) 233-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
лицензиядан айыра отырып және жүргiзiлiп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) 330-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өздеріне қатысты әкімшілік қамау қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер –
айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
10) 336-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өздеріне қатысты әкімшілік қамау қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
11) 358-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де уәкiлеттi
мемлекеттік органдардың салық заңнамасында
белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Салық заңнамасына сәйкес осы бөлiкте көрсетiлген органдар бюджетке аударуға тиiс салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi мемлекеттік органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық заңнамасында салық қызметi органдарына табыс ету үшiн айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың табыс етпеуi, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті органдардың салықтық бақылау нәтижесінде анықталған және бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарды орындамауы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi мемлекеттік органдардың бiржолғы талондарды бермеуi және (немесе) белгiленген бағасынан төмен беруi, сол сияқты салық заңнамасында бiржолғы талондарды беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтамауы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бiрiншi, екiншi және 2-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) –
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
12) 362-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер құқық бұзушылық қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерін қамтымаса, төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi мына бөліктерде бұзу немесе талаптарды орындамау, жергілікті жердегі коменданттың бұйрықтары мен өкімдерін орындамау:»;
13) 373-баптың 3-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әкiмшiлiк жаза шаралары қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған не жиналысты, митингтi, шерудi, демонстрацияны ұйымдастырушы жасаған нақ сол iс-әрекеттер –
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.»;
14) 377-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен астам мерзімге жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тiркеусiз тұруы –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
15) 396-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мұндай рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылатын жағдайда, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алмай, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынып, Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберілуіне әкеп соғады.»;
16) 403-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«403-бап. Авария немесе жойқын күштер жағдайында шаралар
қолданбау
Кеден органы белгілеген орынға жеткiзуге қабылдаған немесе транзитпен өткізілетін тауарлардың және көлiк құралдарының аварияның немесе жойқын күштiң әсерi жағдайында сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, олардың рұқсатсыз қандай да бір пайдаланылуына жол беру, Қазақстан Республикасының жақын тұрған кеден органына істің мән-жайы, осындай тауарлар мен көлік құралдарының орналасқан жері туралы хабарламау не оларды Қазақстан Республикасының жақын тұрған кеден органына тасымалдануын немесе бұл органның лауазымды адамдарын тауарлардың және көлік құралдарының орналасқан жеріне жеткізілуін қамтамасыз етпеу –
жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
17) 405-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«405-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын
Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз
беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден
органына жеткiзбеу
1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органы белгілеген орынға жеткiзбеу –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей мәні болған тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып не онсыз, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдарды тиісті тізілімнен алып тастай отырып, қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының кеден органына тапсыруға қабылданған кедендiк бақылауда тұрған тауарлардың және көлiк құралдарының кедендiк немесе өзге құжаттарын жоғалту немесе жеткiзбеу –
ескерту жасауға не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдарды тиісті тізілімнен алып тастай отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Кеден одағының мүше мемлекеттерінің кеден органы белгілеген жеткiзу мерзімін сақтамау –
ескерту жасауға не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдарды тиісті тізілімнен алып тастай отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
18) 410-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, кедендiк тазалау аяқталмаған тауарлармен операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей мәні болып табылатын тауарлар және көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдарды тиісті тізілімнен алып тастай отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
19) 412-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«412-бап. Сәйкестендіру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою,
зақымдау не жоғалту
Кеден одағының мүше мемлекеттерінің кеден органы қолданған сәйкестендіру құралдарын қасақана өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не жоғалту –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
20) 417-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«417-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн, оларды
сақтау және олармен операциялар жүргiзу тәртiбiн бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн және оларды сақтау тәртiбiн, кеден қоймасында сақтау мерзiмдерiн, тауарларды бiр қоймадан екiншi қоймаға өткізу тәртiбiн бұзу, сол сияқты кеден қоймаларында, уақытша сақтау қоймаларында және еркін қоймаларда тауарлармен операциялар жүргiзу –
кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдарды тиісті тізілімнен алып тастай отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
21) 421-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып не онсыз, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тиісті тізілімнен алып тастай отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіштің мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей мәні болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып не онсыз, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тиісті тізілімнен алып тастай отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіштің мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
22) 423, 424, 425, 426, 427 және 428-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«423-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсiммен орналастырылған
тауарлармен және көлiк құралдарымен заңсыз
операциялар жүргізу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану
және (немесе) билiк ету
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсiмiне сәйкес келмейтiн операциялар жүргізу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету, сол сияқты есеп жүргiзу және есептiлiктi ұсыну тәртiбiн және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген өзге де шектеулердi, талаптарды және кедендiк рәсiмiнiң шарттарын сақтамау –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, тиісті тізілімнен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдарды алып тастай отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
424-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк
шекарасы арқылы өткiзу кезінде тыйым салулар мен
шектеулердi қолдану тәртiбiн сақтамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленетiн тыйым салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн бұза отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, тиісті тізілімнен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдарды алып тастай отырып, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
425-бап. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды
өткiзу тәртібін бұза отырып, Кеден одағының кедендiк
шекарасы арқылы тауарларды өткiзуi
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып, жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар өткiзуi, оның iшiнде «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң жеке пайдалануға арналған кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын мiндеттi жазбаша декларациялау жөнiндегi талаптарын, сондай-ақ тауарларды иесiмен бiрге жөнелтiлмейтiн багажбен өткiзу тәртiбiн сақтамау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
426-бап. Кеден бақылауынан басқа Кеден одағының кедендiк
шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын
өткiзу
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылаудан басқа Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу, яғни тауарларды Қазақстан Республикасының кеден органдары айқындаған орындардан тыс жерде Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы немесе көрсетiлген орындарда Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, тиісті тізілімнен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдарды алып тастай отырып, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – кеден төлемдері, салық және өсімақы сомасының тиесілі сомасынан жүз процент мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз процент мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, тиісті тізілімнен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдарды алып тастай отырып, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – кеден төлемдері, салық және өсімақы сомасының тиесілі сомасынан екі жүз процент мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз процент мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
427-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн
тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, соның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа тәсiлдердi пайдалану немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті тізілімінен алып тастай отырып, құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар мен заттарды жасырып, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
428-бап. Құжаттарды немесе ұқсастыру құралдарын алдап
пайдаланып, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу
Қазақстан Республикасының кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жалған құжаттар, заңсыз жолмен алынған құжаттар, дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты құжаттар беру арқылы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу, сондай-ақ сәйкестендiрудiң қолдан жасалған құралдарын не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты ұқсастыру құралдарын пайдалану, осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыс белгiлерi болмаған кезде –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті тізілімінен алып тастай отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
23) 429-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жүз, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
24) 430-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден одағының кеден аумағына кеден бақылауынан басқа не осындай бақылаудан жасырын, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдаланумен, әкелiнген, не декларацияланбаған немесе жалған декларацияланған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, иемденiп алу, пайдалану немесе билiк ету, сол сияқты басқаларға қарағанда өзге мақсатпен оларға осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз пайдаланылатын немесе иелiктен айырылатын, кеден төлемдерi мен салықтары бөлiгiнде оларға кеден жеңiлдiктерi берiлген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және иемденiп алу –
жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті тізілімінен алып тастай отырып, жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
25) мынадай мазмұндағы 430-1-баппен толықтырылсын:
«430-1-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз
өткізілген тауарларды сату
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы көрінеу заңсыз өткізілген тауарларды сату, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері болмаса –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларды тәркілеу арқылы немесе онсыз жүзден екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
26) 431-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«431-бап. Кедендiк төлемдер және салықтар бөлiгiнде оларға
қатысты кедендiк жеңiлдiктер берілген және (немесе)
шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын
пайдалану және оларға билiк ету тәртiбiн бұзу
Кедендік төлемдер және салықтар бөлiгiнде оларға қатысты кедендік жеңiлдiктер берілген және (немесе) шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын осыларға байланысты кеден органының рұқсатынсыз осындай жеңілдіктер берілген өзге мақсаттарға пайдалану мен билiк ету –
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті тізілімінен алып тастала отырып, бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
27) 434, 434-1 және 438-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«434-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мерзімдерін
бұзу
Төлеушілердің, оның ішінде кеден өкілі, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар адамдардың белгіленген мерзімдерде кедендік төлемдерді және салықтарды төлемеуі, сол сияқты шартты түрде шығарылған тауарларды негізгі кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды, кеден баждарын және салықтарды төлеуден босатудың берілуі байланысты болған мақсаттардан өзге мақсаттарға пайдалану кезінде, сондай-ақ кедендік төлемдерді және салықтарды мерзімдік төлеуді көздейтін кеден рәсімдеріне тауарларды мәлімдеу кезінде кедендік декларацияны табыс ету мерзімдері бұзылған жағдайда төлемеуі –
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға кеден өкілдері немесе уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінен алып тастала отырып, кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың тиесілі сомасының елу пайызы мөлшерінде, бірақ барлық жағдайда екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
434-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік
төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың тиесілі
сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы
талаптарын орындамау
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері қолданылған кезде төлеуші кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайларда банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің белгіленген мерзімдерде кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың тиесілі сомаларын төлеу туралы Қазақстан Республикасы кеден органының талаптарын орындамауы –
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға – отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың тиесілі сомасының елу пайызы мөлшерінде, лицензия мерзімін алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, бірақ барлық жағдайда екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
438-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік
тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды
жою туралы талаптарын орындамау
Тұлғалардың Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, сол сияқты кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы талаптарын, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мерзімдерде орындамауы - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
28) 471-бап мынадай мазмұндағы 1-3 және 2-1-бөліктермен толықтырылсын:
«1-3. Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген, көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ не көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адам жасаған іс-әрекеттер –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ не ондай құқықтан айырылған адам жасаған іс-әрекеттер –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.»;
29) 532-бап алып тасталсын;
30) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80-84, 85 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95-110-1, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 136 - 136-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-6 (2-1-бөлігінде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 147-11, 147-12, 147-13 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бірінші, төртінші және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 168-3, 168-5, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 187, 188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 200, 202, 203, 208-1, 209, 213 (төртінші-алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 219-6, 219-8 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 222-226, 228-229, 230-1, 230-2, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 235-1 (бірінші бөлігінде) 237, 237-1, 240-2, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бірінші бөлігінде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 306-3 (екінші және үшінші бөліктерінде), 308, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 309-5, 310-1 (1-1 және екінші бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктерінде) 318, 319, 319-1, 320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321, 322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 324-2, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 332 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 357-7 (екінші бөлігінде), 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 380 (екінші бөлігінде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 389-1, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 393, 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерінде), 394-1, 396 (төртінші бөлiгінде), 400-1, 400-2, 405, 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 430-1, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513-518, 520-537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
31) 543-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Осы Кодекстің 394-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін – көші-қон полициясының арнаулы атағы бар қызметкерлері.»;
32) 554-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 123- баптарының (екінші бөлігінде), 175 (экологиялық қауiптi шаруашылық және өзге қызмет түрлерiн жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінің екінші бөлігінде), 220 (бірінші бөлігінде), 240, 240-1, 241-246 (бірінші бөлігінде), 247-250, 261, 264, 265, 270-272, 275 (екінші бөлігінде),276, 291, 294, 296, 301, 302 (бірінші бөлігінде), 303 (бірінші бөлігінде), 304 (бірінші бөлігінде), 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 306-1 (бірінші, екінші, төртінші бөлігінде), 306-3 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;
33) мынадай мазмұндағы 554-2-баппен толықтырылсын:
«554-2-бап Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган
1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 147-11 (бірінші – алтыншы бөліктері), 356, 357-2 (бірінші бөлігі) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік айыппұл салуға мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары құқылы.»;
34) 570-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгi), 141, 161-1,164, 169-1, 176 (бiрiншi бөлiгi), 205 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерi), 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
35) 584-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Он сегіз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары шығарып жіберу немесе адамды өзіне берілген арнайы құқықтардан айыру түріндегі (көлік құралдарын жүргізу құқығын қоспағанда) әкімшілік жазаға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік жауапқа тартылып отырған адамның қатысуы міндетті.»;
36) 636-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы:
жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (231 (екінші бөлігі), 232, 233, 235 (екінші бөлігі), 235-1 (төртінші бөлігі), 237, 278 (бірінші бөлігі), 356, 357-1-баптары);
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ішкі бақылау бойынша уәкілетті орган (356-бап);»;
отыз төртінші, отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«қаржы полициясы органдарының (140 (екінші бөлігі), 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 151, 151-1, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 159 (үшінші және төртінші бөліктері), 158-4, 162, 163 (үшінші және төртінші бөліктері), 176 (бірінші бөлігі), 179, 179-1, 200, 203, 211, 213 (бесінші және алтыншы бөліктері), 214, 217, 218-1 (жетінші бөлігі), 275-1, 306-2, 355, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3, 357-5, 514-519, 521, 522, 529, 533-535, 537-1-баптары);
салық қызметі органдарының (154, 155, 156, 157, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері), 168-1, 206-2, 208-1, 209, 213 (төртінші – алтыншы бөліктері), 214, 218-1 (жетінші бөлігі), 357-1, 357-2, 357-5, 359, 361, 374 (бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы бөліктері), 533-535-баптары);
кеден органдарының (140 (екінші бөлігі), 218-1 (жетінші бөлігі), 400-1,400-2, 405 (бірінші бөлігі), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 – 430-1, 433-баптары), сондай-ақ осы Кодекстің 323 (екінші бөлігі), 357-1, 461 (3-1-бөлігі) баптарында көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша;»;
қырық жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның (147-11, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі) баптары;»;
37) 642-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша не осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын лауазымды адамның (уәкiлеттi мемлекеттiк органның) орналасқан жерi бойынша, ал аумақтық бөлімшелер болмаған кезде орталық уәкілетті мемлекеттік органда қаралады.»;
38) 646-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1)-3), 5, 6) тармақшаларында көзделген шешімдер ұйғарым түрінде шығарылады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің 4), 7) тармақтарында көзделген шешімдер қаулы түрінде шығарылады.»;
39) 650-бап мынадай мазмұндағы 1-2-бөлікпен толықтырылсын:
«1-2. Өзіне қатысты іс қаралған адамның іс-әрекеттерінде осы Кодекстің 2-бөлімі ерекше бөлігінің басқа бабында немесе бабының бөлігінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, сот құқық бұзушылықтың жіктелуін заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көзделетiн бабын немесе бабының бөлігін өзгертуге құқылы.»;
40) 654-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықтаған кезде, сондай-ақ әкімшілік заңнаманы бұзушылық болған кезде судья жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) тиісті ұйымдар мен лауазымды адамдарға оларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыным енгізеді.».
5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжат; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат):
1) 20-бапта 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төтенше резерв табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың әкімшілік-құқықтық режимін қамтамасыз етуге қажетті бірінші кезектегі шаралар қабылдау және Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегін көрсету мақсатында пайдаланылады.»;
2) 53-баптың 1-тармағының 2) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметтi ұйымдастыру;».
6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат, 152; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 6-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) төтенше жағдайлар кезінде халыққа медициналық көмектің, төтенше жағдай режимін енгізудің тәртібін, түрлері мен көлемін айқындайды;»;
2) 9-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) төтенше оқиғалар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;»;
3) 51-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек - әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде апат медицинасы қызметінің медициналық көмек ұсыну нысаны.».
7. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырады;
2) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;
3) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттіктерін айқындайды;
4) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылау техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпараттық қорғау құралдарының жүйелерін әзірлейді және құрады;
5) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;
6) кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;
7) тауарлар мен көлік құралдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;
8) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы ақпараттандыруды, оның ішінде Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар туралы уақытылы ақпараттандыруды тұрақты негізде қамтамасыз етеді;
9) кеден статистикасын жүргізеді;
10) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
2) 4-бапта:
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган – кеден саясатын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
50-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50-1) уәкілетті заңды тұлға – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және/немесе кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы заңды тұлға;»;
3) 32-баптың 10-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда біліктілік аттестатын беру туралы өтінішті уәкілетті орган аттестаттың күшін жою туралы бұйрықты шығару күнінен бір жыл өткеннен кейін қарайды.»;
4) 240-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден органдары ұстаған және осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген тұлғалар талап етпеген тауарлар осы Кодекстің 238-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімде уәкілетті заңды тұлғалармен сатылуға жатады, ал осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда мұндай тауарлар жойылуға немесе өзгеше пайдалануға жатады.»;
5) 479-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) лауазымдық құзыреттерді атқаруға кедергі келтіруші аурулардың жоқтығы туралы, тиісті лауазымдарға қызметке тұру үшін денсаулық жағдайына арнайы талаптар біліктілік талаптарында көрсетілген жағдайларда, медициналық мекеме берген қорытындының болуы;».
8. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; № 5, 41-құжат):
1) 12-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдары мен мекемелерi әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттардағы төтенше оқиғалар, төтенше жағдайды енгізу жағдайларында Ішкi әскерлерге олардың әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердi басқаруы үшiн оларға өз мiндеттерiн орындауы кезінде байланыс жүйелерi мен арналарын тегiн бередi.»;
2) 26-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жаппай тәртiпсiздiктi тыйған кезде, сонымен бірге түзеу мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен түрмелерде, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдайды енгізу кезінде.».
9. «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат; 1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 18, 111-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Қалалар мен басқа елдi мекендердiң категориялары
Қалалар және басқа елдi мекендер:
1) республикалық маңызы бар қалаларға бөлiнедi, бұларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар және, әдетте, бiр миллион адамнан астам халқы бар елдi мекендер жатқызылады;
2) облыстық маңызы бар қалаларға бөлiнедi, бұларға саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар, iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын елдi мекендер жатқызылады;
3) аудандық маңызы бар қалаларға бөлiнедi, бұларға аумағында өнеркәсiп орындары, коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектiлерiнiң дамыған жүйесi, кемiнде 10 мың адам халқы бар, оның халқының жалпы санының үштен екiсiнен астамы жұмысшылар, қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерi болып табылатын елдi мекендер жатқызылады;
4) кенттерге бөлiнедi, бұларға өнеркәсiп орындарының, құрылыстардың, темiр жол стансаларының және басқа экономикалық маңызды объектiлердiң жанындағы, кемiнде 3 мың адамы бар, оның кемiнде үштен екiсi жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi болып табылатын елдi мекендер жатқызылады;
кемiнде екi мың адам халқы бар, оның жыл сайын емделу мен тынығу үшiн келетiндер саны кемiнде тең жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi; оларға қалалықтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халқының кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен ұдайы айналысатын саяжай поселкелерi де жатқызылады;
5) ауыл (село) - саны кемінде 50 адам болатын, халқының кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, бал ара шаруашылығында, балық аулау мен балық өсіру шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді мекен;
6) халқының саны кемiнде 50 адам шаруа және басқа да қоныстар ең жуық елдi мекеннiң құрамына енгiзiледi.».
10. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат, 321; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Төтенше жағдайларда көлiк жұмысын ұйымдастыру
Төтенше жағдайлар туындаған кезде апаттарды және олардың салдарын жою үшiн көлiк кәсiпорындарының шарттық қатынастары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, көлік саласындағы уәкілетті органның, жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.
Көлiк кәсiпорындары көлiк құралдары иелеріне төтенше жағдайларда көлік жұмысын, төтенше жағдай режимін ұйымдастыру үшін бірінші кезекте қызмет көрсетілуге қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Көлiк кәсiпорындарының жұмылдыру әзiрлiгi шараларын қамтамасыз етуге байланысты тасымал, азаматтың қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары, төтенше жағдайларды жою, төтенше жағдайды енгізу бойынша шараларды жүзеге асыру жөнiндегi шығындары заңнамаға сәйкес бюджеттен өтеледi.
Көлiк кәсiпорындары дүлей апаттар мен авариялардың, сондай-ақ төтенше сипатқа ие өзге де жағдайлардың салдарын жою жөнiнде дереу шаралар қабылдауға мiндеттi.»;
2) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
«22-1-бап. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға
көлік беру міндеті
Жеке және заңды тұлғалар меншік нысандарына қарамастан (шет мемлекеттердің және дипломатиялық иммунитеті бар халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық жәрдемге мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін көлікті пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.
Осы бапта көзделген жағдайларда көлік құралдары иелеріне көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.».
11. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
11-баптың 1-тармағының 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) өзге мүмкiндiктер болмағанда меншiк нысанына қарамастан (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) оқиғалар, дүлей апаттар болған жерлерге бару және қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу, азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу, төтенше жағдайларды жою үшін, кiдiртуге болмайтын өзге де жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде көлік иелерiне көлiк құралдарын пайдаланғаны үшін шығыстарды, сондай-ақ залал келтiрiлген жағдайда тиісті залалды мемлекеттік бюджет есебінен өтей отырып, кез-келген көлік түрін пайдалануға;».
12. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
1) 1-баптың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, әскери жағдайда және соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, бейбіт уақытта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау, төтенше жағдайдың әкімшілік-құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын қабылдау, гуманитарлық көмек көрсету үшiн қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;»;
2) 16-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары бейбіт уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жағдайда және тәртіпте әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау, төтенше жағдайдың әкімшілік-құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын қабылдау, гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.».
13. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат):
1) 3-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Меншiк нысанына қарамастан заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды нотариус оларды талап еткен кезден бастап он күнтізбелік күн мерзiмінен кешiктiрмей нотариусқа табыс етуге мiндеттi.»;
2) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Лицензияның күшi мұндай шешiм нотариустың назарына жеткiзiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған жағдайда нотариустың тоқтатуға себеп болған мән-жайларды жою туралы мәліметі жеткізілген күннен бастап лицензиар үш күнтізбелік күндік мерзімде лицензияның күшiн қалпына келтiру туралы шешiм шығарады.»;
3) 32-бап мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) нотариустарда тағылымдамадан өтушілердің тағылымдамадан өту тәртібі мен төлемі мөлшерін белгілейді;»;
4) 38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 37-бабында аталған лауазымды адамдар өсиеттi куәландырған күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде, ал егер бұл дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, мұндай мүмкiндiк пайда болысымен куәландырған өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының тұрғылықты жерiндегi нотариусқа сақтауға дереу беруге мiндеттi.»;
5) 41-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Басқа бiр мүдделi адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактінi сотта даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi бойынша нотариаттық iс-әрекет жасау күнтізбелік он күннен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылады. Егер осы мерзiм iшiнде соттан өтiнiштiң түскенi туралы хабар алынбаса, нотариаттық iс-әрекет жасалуға тиiс.»;
6) 48-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамға нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылған жағдайда, нотариус ол нотариаттық iс-әрекет жасатуға өтiнiш берген күннен бастап, күнтізбелік он күннiң iшiнде жазбаша түрде бас тарту себебi көрсетiлген дәлелдi қаулыны бередi.»;
7) 95-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдемеде баяндалған мән-жайды растап, теңiз саудасын реттейтiн заңдарға сәйкес, кеме капитаны нотариусқа қарап шығу үшiн кеме журналын және кеме журналынан капитан куәландырған үзiндiнi мәлiмдемемен бiрге не портқа кiрген немесе, егер оқиға портта орын алса, ол болған кезден бастап күнтізбелік жетi күннен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.».
14. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат):
1) 5-бапта:
1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шарт жасасу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.»;
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Заң көмегіне ақы төлеу қағидаларымен белгіленеді.»;
2) 8-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматы адвокаттың тағылымдамадан өтушісі болып табылады.»;
3) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Лицензия беруден бас тарту
Лицензиялау туралы заңнамалық актiлерде көзделген негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуға тиіс.»;
4) 17-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттiк қызметшiлер мен мемлекеттiк емес ұйымдардың басшылары адвокаттың нақты iс бойынша заң көмегiн көрсетуiне байланысты өтiнiшiне он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге мiндеттi.»;
5) 20-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуi тиіс, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқығы жоқ.»;
6) 33-баптың 4–тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (құрылтайшылары) мемлекеттiк тiркеуден өткен соң он күнтізбелік күн ішінде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасына жазбаша хабарлауға және оның қарамағына адвокат кеңсесiнiң құрылтай құжаттарын беруге мiндеттi.».
15. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 1-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi – мәлiметтері Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстермен және толықтырулармен бірге) қағазға басылған және электрондық мәтiндерiнiң жиынтығы;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) нормативтiк құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат, сондай-ақ жазбаша ресми құжатпен бірдей электрондық-сандық нысандағы және электрондық-сандық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;»;
2) 2-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктегі 3) тармақша алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген нормативтік актілер құқық нормаларын қамтымауға тиіс.»;
3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап Мерзімдерді есептеу
1. Заңнамада белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен немесе басталуы сөзсіз болатын оқиға көрсетіле отырып айқындалады. Мерзім жылдармен, тоқсандармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін уақыт кезеңі ретінде де белгіленуі мүмкін.
2. Жылдармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалатын күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен басталады және мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті саны көрсетілмеген айға келсе, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
Айлармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалатын күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен басталады және мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті саны жоқ айға келсе, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
Апталармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалатын күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен басталады және мерзімнің соңғы аптасының тиісті күнінде аяқталады.
Күндермен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалатын күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен басталады және белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады.
Сағаттармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалатын оқиға болған минуттан басталады және белгіленген кезеңнің соңғы минутында аяқталады.»;
4) 21-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ, егер олар «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» жинағында жарияланса, жақшада аталған жинақтағы олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты көрсетіледі.»;
5) 21-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық акті жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ, егер олар «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» жинағында жарияланса, жақшада аталған жинақтағы олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты көрсетіледі.»;
6) 30-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы ресми басылымдар болып табылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіндегі нормативтік құқықтық актілер пайдаланылуы тиіс.»;
7) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де
орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық
актілерін ресми жариялау
1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері олар Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде ресми жариялануға жіберіледі.
3. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері міндетті түрде уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жарияланады.»;
8) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін,
әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен
әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми
жариялау
1. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері осы Заңның 30-бабында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері олар Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде ресми жариялануға жіберіледі.
3. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері міндетті түрде уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жарияланады.»;
9) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк
органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің
және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн олардың
күшiне енгiзiлу шарты ретiнде мемлекеттiк тiркеу
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын, және мемлекеттік құпияларды қамтитын актілерді қоспағанда, мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген нормативтiк құқықтық актiлері Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады. Мұндай тiркелу олардың күшiне енуінің қажеттi шарты болып табылады.
Әділет органдарына ұсынылған актiлердi мемлекеттік тіркелуі құқық нормасының болуы, актінің заңнамаға сәйкестігі нысанасына заңдық сараптаманы жүргізу және мемлекеттік тіркеу нөмірі беріле отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заңдық күші жоқ және оларды шығарған орган, егер әділет органдарының шешіміне белгіленген тәртіппен шағым жасалмаса, оларды жоюға тиіс.
2. Егер нормативтiк құқықтық акт:
1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса;
2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзса;
3) жоғары деңгейде тұрған нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;
4) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған органның құзыретi шегiнен шығып кетсе;
5) мүдделі органдармен келiсiлмесе;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түрінде қосымшалары болмаса;
7) мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіпті, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу мен келісу тәртібі бұзыла отырып қабылданса, әділет органдары мұндай актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
3. Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартылуына сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн.
4. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу және мемлекеттiк тiркеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.»;
10) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
16. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат):
1) 8-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі жоғары лауазымдардың тізбесі мен оларды анықтау әдістемесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексеруді жүзеге асыру тетігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2) 9-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен жағымсыз себептер бойынша босатылған адамдарды қоспағанда) осы бапта көрсетiлген декларациялар мен мәлiметтердi табыс етпеуi немесе толық, дұрыс табыс етпеуi, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiк беруден бас тартылу үшiн негiз болып табылады не заңда көзделген тәртiппен тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.»;
2) 18-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызмет құнын төлеуден бас тартылған жағдайда прокурордың, салық қызметi органдарының не заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап арызы бойынша соттың шешiмiмен мемлекеттiң кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Аталған органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкке сот шешiм шығарғанға дейiн тыйым салады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, салық қызметінің органдары не заңмен уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттік берілген адамдар немесе оларға теңестірілген адамдар міндеттерінің басталуы кезінен бастап бір айдан кешіктірмей мемлекетке заңсыз алынған мүлікті қайтару немесе оның құнының немесе заңсыз алынған қызмет құнының төлемін жасау бойынша сотқа заңсыз алынған мүлiктi және (немесе) заңсыз көрсетiлген қызметтiң құнын өндiрiп алу туралы талап арызбен жүгінеді.».
17. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат):
1) 20-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді құпияландыру мерзімі отыз жылдан аспауға тиіс. Ерекше жағдайларда бұл мерзім мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы бойынша ұзартылады.»;
2) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тартуға:
оны соттың әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы, онда заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығының болуы;
денсаулық сақтау саласындағы өкілеттікті жүзеге асырушы мемлекеттік орган бекіткен тізбеге сәйкес онда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізу үшін медициналық тұрғыдан қарсы дәлелдемелердің болуы;
оның өзінің шетелде тұрақты тұруы және оның басқа мемлекетте тұрақты тұруға кету үшін құжаттарды ресімдеуі;
тексеру шараларының нәтижесінде ресімделуші адамның Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін іс-әрекеттерінің анықталуы;
оның тексеру шараларынан жалтаруы және (немесе) оның өзі және жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы негіз болып табылады.».
18. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат):
1) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қылмыс жасады деген күдік бойынша қамауға алуды заңнамада белгіленген тәртіппен алыс сапардағы теңіз кемелерінің капитандары, шекара отрядтарының бастықтары, жергілікті жердің коменданты жүзеге асырған жағдайларда күдіктілер аталған лауазымды адамдар белгілеген және осы мақсат үшін ыңғайластырылған үй-жайларда ұсталады.»;
2) 9-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төтенше жағдай енгізілген кезде қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары ретінде жергілікті жер комендантының шешімімен санитарлық талаптарға жауап беретін және оларды өз еркімен қалдыру мүмкіндігін бермейтін өзге де үй-жайлар пайдаланылуы мүмкін.».
19. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 9-2-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органның функциялары стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау болып бөлінеді:»;
2) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер мәселе белгiленген құзыретінің шегiнен шығатын болса, уәкiлеттi лауазымды адам үш жұмыс күнінен аспайтын мерзiм iшiнде өтiнiш берушіге мiндетті түрде хабарлай отырып, өтiнiштi құзыреттi мемлекеттiк органға немесе лауазымды адамға жiберу туралы шешiм қабылдайды.»;
3) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Мерзімдерді есептеу
1. Заңнамада белгіленген мерзiм күнтiзбелiк күнмен немесе сөзсiз болуға тиiс оқиға көрсетiлiп белгiленедi. Мерзiм, сондай-ақ жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетiн уақыт кезеңi ретiнде де белгiленуi мүмкiн.
2. Жылдармен есептелетiн мерзiм күнтiзбелiк күннен немесе заңнамада көзделген оқиға болатын күннен басталады және мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айы мен күнiнде аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, мерзiм осы айдың соңғы күнiнде аяқталады.
3. Айлармен есептелетiн мерзiм күнтiзбелiк күннен немесе оның басталуы айқындалатын оқиға болатын күннен басталады және мерзiмнiң соңғы айының тиiстi күнiнде (күн санында) аяқталады. Егер айлармен есептелетiн мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзiм сол айдың соңғы күнiнде аяқталады.
4. Апталармен есептелетiн мерзiм күнтiзбелiк күннен оның басталуы айқындалатын оқиға болатын күннен басталады және мерзiмнiң соңғы аптасының тиiстi күнiнде аяқталады.
5. Күндермен есептелетiн мерзiм күнтiзбелiк күннен немесе оның басталуы айқындалатын оқиға болатын күннен басталады және белгіленген кезеңнің соңғы күнiнде аяқталады.
6. Сағаттармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалатын оқиға болатын минуттан басталады және белгіленген кезеңнің соңғы минутында аяқталады.».
20. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат):
1) 25-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінің есепті жылдағы орындалуына сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін тексеру комиссиялары жұмыстарының жылдық жоспары тиісті облыстың құрамына кіретін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінен қаржыландырылатын бақылау объектілерін, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ететін салық органдарын қамтуға тиіс.»;
2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында олардың салдарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;»;
3) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында олардың салдарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;»
4) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу үшін уәкілетті орган ретінде айқындайды;».
21. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 34-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тасымалдаушы, магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы, темір жол тармағының иеленушiсі әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөнiндегi шараларды жедел қолдануға мiндеттi.»;
2) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде тасымалдаушының шарттық қатынастары, сол жердің коменданты құзыретіне қарай әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу (анықтау, жолын кесу) және жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша уәкілетті органның шешімдері негізінде тоқтатылуы мүмкiн»;
3) 35-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген және тасымалдауға кедергi келтiретiн өзге де жағдайлар кезiнде магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы темiр жол қатынасының жекелеген бағыттарында тасымалдауға байланысты қызметтер көрсетудi уақытша тоқтату не шектеу туралы шешiм қабылдай алады.»;
4) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:
«35-1-бап. Темір жол көлігін құқық қорғау және арнаулы
мемлекеттік органдарға беру міндеті
Темір жол көлігінің иелері темір жол көлігін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға олардың меншік нысандарына қарамастан оқиға, төтенше жағдайлар болған жерлерге жету үшін және осы Заңның 35-бабында көзделген тәртіпте шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін беруге міндеті.
Темір жол көлігі иелеріне осы бапта көзделген жағдайларда көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.»;
5) 86-бабының 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тежеусiз күштiң, сондай-ақ әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың;».
22. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142- құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 69-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде порттың теңiз әкiмшiлiгiнің өкiмiмен жүктi қабылдау уақытша тоқтатылуы немесе шектелуi мүмкiн, бұл көлiктегi уәкiлеттi органға дереу хабарланады, ол тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша тасымалдауға жүк қабылдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудiң қолданылу мерзiмiн белгiлейдi.»;
114-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда;»;
115-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер жөнелтiлу портындағы (пунктiндегi) баратын порттағы (пункттегi) немесе жолаушы тасымалдау маршрутымен жүрiп келе жатқан жолдағы әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан, сондай-ақ тасымалдаушыға байланысты емес басқа да мән-жайлардың салдарынан осындай әрекеттер жасау қажет болса, тасымалдаушы кеменiң кетуiн кiдiрте тұруға, жолаушыны тасымалдау маршрутын, жолаушыны отырғызу және (немесе) түсiру орнын өзгертуге құқылы.».
23. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат):
1) Заңның кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық тәртібін белгілейдi.»;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай - адам шығындарына, адамдардың денсаулығына зиян келтiруiне, елеулi материалдық шығындарға немесе адамдардың тiршілiк әрекетi жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан әлеуметтік қатынастар саласындағы қауіпті қайшылықтар мен даулардың туындауы нәтижесінде қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;»;
3) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
«1-1-тарау. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық
режимі
3-1-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі төтенше жағдайды енгізуге негіз болып табылатын, төтенше жағдайдың алдын алу және жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың шұғыл ден қою және қызмет етудің айрықша жағдайын білдіреді.
2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі жекелеген жергілікті жерлерде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша, ал осы Заңның 3-2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу (анықтау, жолын кесу) жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган.
3. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі кезінде шұғыл ден қою және басқару жүйесінің жұмыс органы жедел штаб болып табылады.
4. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай қаупі немесе туындаған кезде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жәрдемдесіп, қажетті көмекті беруге міндетті.
5. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою үшін уәкілетті мемлекеттік органдар:
1) меншік нысандарына (дипломатиялық иммунитетке ие шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінен басқа) қарамастан оқиға, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару үшін және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін, сондай-ақ кезек күттірмейтін өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпте көлікті пайдалануға;
2) мемлекеттік материалдық резервті пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар қолдануға құқылы.
6. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимінің қолданылу мерзімі оны енгізуге негіз болған мән-жайлардың себептері мен салдарын жою мерзімдерінен аспауы тиіс.
3-2-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және
жою жөніндегі мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жоюды мемлекеттік органдар өз құзыретіне және төтенше жағдайдың туындауының мән-жайына қарай жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шектес мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан жаппай өтуінен; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылудан; терроризм актілерінен, билікті күштеп басып алудан немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып билікті күштеп ұстап тұрудан, диверсиядан, қаруланған көтерілістен туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу (анықтау, жолын кесу) жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген төтенше жағдайларды жою жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті атқарушы орган болып табылады.
3. Ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктерден, ұлтаралық және конфессияаралық даулардан; жекелеген жергілікті жерлерді, аса маңызды және стратегиялық объектілерді блокадалау немесе басып алудан; заңсыз қаруланған құрылымдардың ұйымдасуынан және қызметінен туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және ескерту жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
4. Қорғаныс министрлігі қаруланған жанжалды күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан арандатушылық іс-қимылдардан, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығының бұзылуын туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
3-3-бап. Жедел штабтар
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және жою мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және аймақтық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана), жедел штабтар құрылады, ал осы Заңның 3-2-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жергілікті атқарушы органдар жедел штаб құрады, оның құрамына жедел штаб басшысының орынбасары ретінде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу (анықтау, жолын кесу) жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органның өкілдері кіреді.
Терроризмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жедел штабтар «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылады.
2. Жедел штабтар өз қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
3-4-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша
бірінші кезектегі іс-қимылдар
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою бойынша бірінші кезекті іс қимылдарды мемлекеттік органдардың кешенді күштері мен құралдарын пайдалана отырып, уәкілетті мемлекеттік органдар бұрындары бекіткен жоспарларға сәйкес, ал осы Заңның 3-2-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою бойынша бірінші кезектегі іс-қимылдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу (анықтау, жолын кесу) жөніндегі уәкілетті органмен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен бұрындары келісілген және жергілікті атқарушы органдар бекіткен жоспарларға сәйкес ұйымдастырады.
2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар кезінде жедел штаб басшысының шешімі бойынша мынадай уақытша шектеулер қолданылуы мүмкін:
1) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуді тоқтата тұру және (немесе) желі және байланыс құралдарын пайдалануды шектеу;
3) қоғамдық тәртіпті, халықтың тыныс тіршілігін, көліктің қызмет етуін қамтамасыз ететін мемлекеттік қорғауға жататын объектілерді, сондай-ақ ерекше материалдық, тарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени құндылығы бар объектілерді күзетуді күшейту;
4) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіру;
5) қарудың, оқ-дәрілердің, жарылыс заттарының, күшті әсер ететін химиялық және улы заттардың сауда-саттығына шектеу немесе тыйым салу, дәрілік заттардың, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, этил спиртінің және алкоголь өнімінің айналымына ерекше режим белгілеу.
3. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарының шекараларын жедел штабтың басшысы айқындайды.»;
4) 4-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылудан; терроризм актілерінен; Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күштеп басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттерден; қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық iс-әрекеттерден; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзудан; жаппай тәртiпсiздiктер, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардан; экстремистiк топтардың жекелеген жерлердi, аса маңызды объектiлердi қоршап алуы немесе басып алуынан; заңсыз әскери құралымдар құру және олардың қызметiнен туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар;
5) 11-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Комендатураның қызметі Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен үлгі ереже негізінде жүзеге асырылады.»;
6) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жер комендантының
өкiлеттiктерi
1. Төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жердiң комендатурасы өзiнiң төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегі қызметiн жергілiкті атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады.
Жергілiкті жердiң комендатурасын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын комендант және жергілікті жер комендатурасының аппараты құрайды, оның құрамы төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлар негізге алына отырып айқындалады.
Комендант - Қазақстан Республикасының Президентіне, ал Мемлекеттік комиссия құрылған кезде Қазақстан Республикасының Президенті мен Мемлекеттік комиссия төрағасына бағынады.
Жергілікті жердің комендантына мынадай өкілдер тағайындалады:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Мемлекеттік шекара арқылы жаппай өту; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылу; терроризм актілері; Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп басып алуға немесе билікті күшпен ұстап тұруға бағытталған іс-әрекеттер; қарулы қақтығыстар, диверсия кезінде;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктер, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар; экстремистік топтардың жекелеген жерлерді, аса маңызды объектілерді қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз әскери құрылымдар және олардың қызметі кезінде;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық іс-әрекеттер; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу кезінде;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде.
2. Төтенше жағдай енгiзiлген жердiң коменданты:
1) Өз өкiлеттiгi шегiнде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде барлық жеке және заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органдарының, сондай-ақ iшкi iстер органдары, төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның бөлiмшелерi, төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлерде орналасқан (дислокацияланған) және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн қосымша тартылатын әскери құралымдар бастықтарының (командирлерiнiң) тиiстi аумақта орындауына мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
2) жеке тұлғалардың белгiленген мерзiмде белгiлi бiр жерден кетiп қалуына шектеулер енгiзедi, сол жердiң тұрғындары болып табылмайтын, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды олардың өз есебiнен тұрақты тұратын жерлерiне немесе төтенше жағдай жарияланған жерден тысқары жерлерге шығарып жiбередi, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген жерде заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады;
3) қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде орын жеткіліксіз болған жағдайда төтенше жағдай режимін бұзған тұлғаларды ұстайтын, қосымша орындар анықталады;
4) өз мiндеттерiн, коменданттың бұйрықтары мен өкiмдерiн тиiсiнше орындамауына байланысты ұйымдардың басшыларын төтенше жағдайдың күшiнде болу кезеңiнде қызметiнен шеттетедi;
5) Қазақстан Республикасының Президентiне төтенше жағдай енгiзiлген жерде осы Заңда көзделген қосымша шаралар мен уақытша шектеулердi қолдану қажеттiлiгi туралы ұсыныс жасайды және бұл шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қосымша қаржыландыру туралы ұсыныс енгізеді;
7) тиiстi жердiң тұрғындарын төтенше жағдай кезiнде қолданылатын енгiзiлген шаралар мен уақытша шектеулердi орындау қажеттiлiгi туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етедi;
8) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың барлық отырыстарына қатысуға және өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзуге құқылы;
9) төтенше жағдай енгiзiлген жер комендатурасының жанында журналистердi аккредитациялауды жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Жергілікті жер комендатурасының жұмысшыларға еңбек қатынасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
4. Төтенше жағдай енгiзiлген жердiң комендатурасын құру аталған аумақта жұмыс iстейтiн жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың қызметiн тоқтата тұрмайды.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіпке сәйкес, төтенше жағдай енгізілген аумақта төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жер коменданты өз өкімімен төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайларды жоюға кедергі келтіретін жергілікті атқарушы және өкілдік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің қолданылуын кезеңге тоқтатуға құқылы.»;
7) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Төтенше жағдай кезінде байланыс желілерін басқару
1. Мемлекеттiк органдардың төтенше жағдай кезінде, үкiметтiк байланысты қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар.
2. Байланыс операторларының байланыс желiлерi мен құралдары пайдаланылған кезде байланыс желілері мен құралдарын беру тәртібін және оның шеккен шығындарын өтеуді Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
3. Байланыс желiлерi мен құралдарының иелерi адамдар өмiрiнiң теңiздегi, жердегi, ауадағы, ғарыш кеңiстiгiндегi қауiпсiздiгiне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау саласында кезек күттірмес iс-шаралар жүргiзуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға абсолюттiк басымдық беруге тиiс.»;
8) 15-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер мен тосқауылдарға тұру, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шаралар, сондай-ақ туумен, үйленумен, қайтыс болумен байланысты отбасы салтын өткізуге тыйым салу немесе шек қою;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) төтенше жағдай енгiзiлген жерде ол күшiнде болатын бүкiл кезеңi iшiнде сайлаулар мен республикалық референдумдер өткiзуге тыйым салу көзделедi;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) үкiметтiк байланысты қоспағанда, байланыс желiлері мен құралдары қызметін тоқтата тұру көзделеді.»;
9) 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төтенше жағдай кезінде қолданылатын қосымша шаралар мен уақытша шектеулер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.».
24. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және автомобиль
көлігін төтенше жағдайларды жоюға тарту
Автомобиль көлiгiн жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша iс-шараларды қамтамасыз етуге байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заң актiлерiмен реттеледi.
Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен материалдық шығындар мен залалды кейiннен өтей отырып, өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға
автомобиль көлігін беру міндеті
Жеке және заңды тұлғалар меншiк нысанына қарамастан (шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық иммунитетi бар өкiлдiктерiнен басқа) оқиғалар, төтенше ахуал болған жерлерге бару және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының автомобиль көлігін пайдалану жөнінде заңды талаптарын орындауға міндетті.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті уәкілетті органның ұсынысы бойынша төтенше жағдайдың алдын алуға және жоюға тартылған күштер мен құралдарды тасымалдауды ұйымдастырады.
Автомобиль көлігінің иелеріне осы бапта көзделген жағдайларда көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген шығындар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.»
25. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат, № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 7-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желілеріне талаптарын бекiту;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) байланыс саласында қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруда өтініш берушінің сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту;»;
14-9) тармақша алып тасталсын;
2) 9-1-баптың 1-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) уәкілетті органның байланыс операторлары көрсететін қызметтерінің сапасына бақылау жүргізу кезінде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету.»;
3) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай енгізу кезінде
желілерді басқару
1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізген кезде байланыс желілерін басқаруды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі және төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар айқындайтын тізбе бойынша мемлекеттік органдардың байланысын басқару орталықтарымен, сондай-ақ қарауында телекоммуникация желілері бар уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара с-әрекет жасай отырып жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік органдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде, үкіметтік байланысты қоспағанда, байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдары пайдаланылған кезде олардың шеккен шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Байланыс желiлерi мен құралдарының иелерi адам өмiрiнiң теңiздегi, жердегi, ауадағы, ғарыш кеңiстiгiндегi қауiпсiздiгiне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау саласында шұғыл iс-шаралар жүргiзуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға барынша басымдық беруге тиiс.».
26. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат, 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету
және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту
1. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс, авариялық-құтқару жұмыстары және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен материалдық шығындар мен нұқсанды тең құнымен кейiннен өтей отырып, тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы.
2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға ішкі
су көліктерін беру міндеті
Жеке және заңды тұлғалар меншік нысандарына қарамастан (шет мемлекеттердің және дипломатиялық иммунитеті бар халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық жәрдемге мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін ішкі су көлігін пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.
Осы бапта көзделген жағдайларда кеме иесіне көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.»;
3) 53-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еңсерiлмейтiн күштiң, соғыс iс-қимылдарының, әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың немесе тасымалдаушыға байланысты емес өзге де себептердiң салдарынан жолаушыны баратын портына тасымалдау мүмкiн болмаған;»;
4) 60-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тасымалдауға қабылданған жүктi жеткiзу портына апару немесе оны көлiктiк жүкқұжатта көрсетiлген адамға беру еңсерiлмейтiн күш, соғыс iс-қимылдары, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың акт шығаруы (жария акт), дүлей сипаттағы құбылыстар, әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар немесе тасымалдаушыға байланысты емес өзге де себептер салдарынан мүмкiн болмаған кезде тасымалдаушы жүктi жеткiзуге кедергi келтiретiн себептердi көрсете отырып, ол туралы жүк жөнелтушiге, жүк алушыға, жөнелту және жеткiзу порттарында тиеу-түсiру жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарға хабарлайды және жүктi не iстеу керектiгi туралы жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының өкiмiн сұратады.»;
5) 93-баптың 1-тармағының 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еңсерiлмейтiн күштiң, сондай-ақ әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың;».
27. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат: 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат):
6-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 26-2) тармақшамен толықтырылсын:
«26-2) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге асыру;»;
2-тармақтың 4), 5), 6) тармақшалары алып тасталсын.
28. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат):
1) 7-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн субъектiге немесе лауазымды адамға келiп түскен өтiнiш субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде бұл туралы арыз берушiге хабарлана отырып, тиiстi субъектiлерге жiберiледi.»;
8-баптың 1, 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.
2. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде арыз берушiге хабарланады.
4. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде арыз берушiге хабарланады.»;
3) 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын өтініштерді қоспағанда, өтiнiштердi қарау үшiн маңызы бар актiлер, құжаттар мен басқа да материалдар өтiнiштердi тiкелей қарайтын субъектiлерге немесе лауазымды адамдарға өтініш келіп түскен күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде берiледi»;
11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтініштерді қарауды тоқтату туралы шешімді субъектінің басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды.».
29. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 24-баптың 1-бабының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде көмек көрсету, ғарыш аппараттары мен олардың экипаждарын iздестiру және эвакуациялау;»;
2) мынадай мазмұндағы 76-1-баппен толықтырылсын:
«76-1-бап. Әуе көлігін төтенше жағдайларда, төтенше жағдайды
енгізу кезінде пайдалану
Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде меншік нысандарына қарамастан әуе көлігі төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін пайдаланылады.
Авиакомпаниялар (шет мемлекеттердің және дипломатиялық иммунитеті бар халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) меншік нысандарына қарамастан құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың жеке құрамын оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге тасымалдау және жедел медициналық жәрдемге мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге міндетті.
Осы бапта көзделген жағдайларда авиакомпанияларға көрсеткен қызметтері үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.».
30. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 16-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектіні бір мезгілде тексеру жүргізу қажет болған кезде және осы органдардың әрқайсысы тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге және прокуратура органдары тағайындайтын тексеруге қатысуға тартылуы жағдайларын есептемегенде, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.»;
2) Заңның қосымшасының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 98) тармақшамен толықтырылсын:
«98) қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидасын сақтауына.».
31. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат, № 15, 97-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) техникалық телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган – техникалық телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
2) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.Телерадио хабарларын тарату саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына, бақылауды тиісінше уәкілетті орган және техникалық телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын осы Заңның 24-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында және 31-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.»;
3) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманың сақталуына, осы Заңның 31-бабында көзделген талаптардың сақталуы бөлігінде бақылау жүргізуді мемлекеттік техникалық қызметті тарта отырып, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган:
1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың телерадио хабарларын тарату мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді;
3) жергілікті атқарушы органдардың телерадио хабарларын тарату саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды және оған мониторинг жүргізуді жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді;
4) телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналарын қаржылай қамтамасыз ету бөлігінде (цифрлы эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ аналогтік телерадио хабарларын тарату арқылы) қызметін үйлестіреді;
5) телерадио хабарларын тарату мақсатында жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;
6) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;
7) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;
8) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
9) лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады;
11) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;
12) көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындайды;
13) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады;
14) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
15) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді;
16) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді;
17) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлейді;
18) Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін әзірлейді және оның құрамына ұсыныстар енгізеді;
19) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган:
1) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының цифрлық эфирлiк хабар таратуды енгізу бөлігіндегі қызметiн үйлестiредi;
2) мемлекеттiк техникалық қызметтiң жұмысын үйлестiредi;
3) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерiнiң және телерадио хабарларын таратудың мемлекеттік стандарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) өз құзыретi шегiнде телерадио хабарларын тарату саласында нормативтiк құқықтық және нормативтiк техникалық актiлердi, оның iшiнде телерадио хабарларын тарату жүйесiн техникалық пайдалану қағидасын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргiзу қағидасын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желiлерiне қосу қағидасын бекiтедi;
5) телерадио хабарларын тарату саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптарды сақтау бөлігінде бақылауды жүзеге асырады;
6) өз құзыретi шегiнде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
7) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызмет көрсету нарықтарында басым жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызмет көрсетулеріне бағаларды реттейдi;
8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
5) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты), өзге де ғимараттар мен құрылыстарды күтіп-ұстау саласындағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген үлгілік қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы тұрғын үй кешендерінде дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын, кабельдік коммуникацияларды орналастыру бойынша талаптарды белгілейді.»;
6) 9-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк техникалық қызмет – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтi телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның бақылауын техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға.»;
2-тармақтың 6), 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның жиiлiктi, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арналарын) iрiктеу бойынша жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзуiне техникалық сүйемелдеу;
7) телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның теле-, радиоарналарды халықтың қабылдауының сапасына бақылау жүргiзу кезiнде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету;»;
7) 15-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) пайдалануға рұқсатты Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия шешiмiнiң негiзiнде телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi орган бередi.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн радиожиiлiктердi есептеудi, оларды радиожиiлiк органдарымен келiсудi және халықаралық үйлестiрудi телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.»;
8) 42-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға толық көшу мерзiмiн цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға толық көшкенге дейiн кемiнде алты ай бұрын айқындайды. Цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға толық көшу мерзiмi туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жарияланады.».
32. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қатынастардан туындайтын даулар (дау-шарлар), егер медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не сот әрекет қабілеті шектелген деп таныған адамдардың не мүдделерін қозғаған немесе қозғауы мүмкін болған жағдайда, мұндай дауларға (дау-шараларға) медиация рәсімі қолданылмайды.»;
2) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының аумағында медиацияны жүзеге асыратын кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.»;
3) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Медиация соттың қарауында жатқан жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде сот талқылауын өткізу үшін белгілеген мерзімдерде аяқталуға тиіс.»;
4) 24-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер медиацияны жүргізу кезінде тараптардың бірі кәмелетке толмаған болып табылса, педагогтің немесе психологтің немесе кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің қатысуы міндетті.».
2-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 1993 жылғы 9 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
2) «Қазақ КСР Президентінің ар-намысы мен абыройын қорғау туралы» 1990 жылғы 23 мамырдағы Қазақ КСР-ның Заңы;
3) «Қазақ КСР Президентінің лауазымын тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-ның Заңы;
4) «Қазақ КСР-ның атауын өзгерту туралы» 1991 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақ КСР-ның Заңы;
5) «Қазақ КСР-ғы қоғамдық бірлестіктер туралы» 1991 жылғы 27 маусымдағы Қазақ КСР-ның Заңы;
6) «Қазақ КСР заңдарын және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен оның органдары, Қазақ КСР Президенті қабылдаған басқа да актілерді жариялау және күшіне енгізу тәртібі туралы» Қазақ КСР Заңына өзгерістер енгізу туралы» 1991 жылғы 15 маусымдағы Қазақ КСР-ның Заңы.
3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті