"Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгілеу және "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 298 қаулысы.

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бері шарттары (өтініш беруші – "SINOPEC Engineering" қазақстандық филиалы) бекітілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 298 қаулысымен
бекітілген

"Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасын
іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру
шарттары (өтініш беруші – "SINOPEC Engineering" қазақстандық
филиалы)

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек жөніндегі уәкілетті органына жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тарту өтінішіне қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

      2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

      3) қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;

      4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді көшірме немесе салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).

      2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай арақатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы тиіс;

      2) "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы тиіс;

      3) "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс;

      4) "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Шетелдік қызметкерлердің елге кіруі "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

      4. Шетелдік жұмыс күшін тарту "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

      5. Еңбек нарығында ұсыныстар болған жағдайда уәкілетті орган жұмыс беруші өкілінің қатысуымен бос лауазымға үміткер қазақстандық азаматтардың кандидатурасын қарайды. Кездесудің уақыты мен орнын уәкілетті орган белгілейді, бұл туралы жұмыс берушіге және тиісті үміткерге хабарланады.

      6. Осы шарттарда реттелмеген шетелдік жұмыс күшін тартудың өзге де шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында регламенттеледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 298 қаулысына
қосымша

"Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы
бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған
квоталар

Жобаның атауы

Өтініш беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота (адам)

барлығы

оның ішінде:

бірінші санат

екінші санат

үшінші санат

төртінші санат

1

2

3

4

5

6

7

8

9

"Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту"

"SINOPEC Engineering" қазақстандық филиалы

Атырау қ., Атырау

облысы

2009-2015 жж.

399

1

28

165

205


Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ" на 2013 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2013 года № 298.

      В соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан от 22 июля 2011 года "О миграции населения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоты на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ" на 2013 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Утвердить прилагаемые условия выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ" (заявитель – Казахстанский филиал "SINOPEC Engineering").

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. АХМЕТОВ


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 марта 2013 года № 298

Условия выдачи разрешений на привлечение иностранной
рабочей силы для реализации приоритетного проекта
"Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ"
(заявитель – Казахстанский филиал "SINOPEC Engineering")

      1. Документы, прилагаемые к заявлению на привлечение иностранной рабочей силы, представляемые работодателем либо уполномоченным им лицом в уполномоченный орган по труду административно-территориальной единицы, на территории которой реализуется приоритетный проект, должны содержать:

      1) сведения о привлекаемых иностранных работниках с указанием фамилии, имени, отчества (в том числе латинскими буквами), даты рождения, гражданства, номера, даты и органа выдачи паспорта (документа, удостоверяющего личность), страны постоянного проживания, страны выезда, образования, наименования специальности, квалификации (должности) в соответствии с применяемыми в Республике Казахстан квалификационным справочником должностей руководителей, специалистов и других служащих, типовыми квалификационными характеристиками должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций, единым тарифно-квалификационным справочником работ и профессий рабочих, тарифно-квалификационными характеристиками профессий рабочих и государственным классификатором Республики Казахстан 01-99 "Классификатор занятий", утверждаемыми центральным исполнительным органом по труду;

      2) нотариально заверенные переводы (копии, если документ заполнен на государственном или русском языках) документов об образовании, легализованных в установленном законодательством Республики Казахстан порядке, за исключением случаев, предусмотренных вступившими в силу международными договорами Республики Казахстан;

      3) информацию о трудовой деятельности работника (при наличии квалификационных требований по стажу работы по соответствующей профессии) с приложением письменного подтверждения о трудовой деятельности работника на официальном бланке работодателя, у которого ранее работник работал, или иных подтверждающих документов, признаваемых в Республике Казахстан;

      4) нотариально заверенную выписку из договора, свидетельствующего об участии в реализации приоритетного проекта, либо копию с предъявлением оригинала для сверки (для подрядных и субподрядных организаций).

      2. Выдача уполномоченным органом разрешений работодателям на привлечение иностранной рабочей силы осуществляется при соблюдении следующих соотношений:

      1) количество граждан Республики Казахстан должно быть не менее 50% списочной численности работников, относящихся к первой категории в генеральных подрядных и их субподрядных организациях, для реализации проекта "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ";

      2) количество граждан Республики Казахстан должно быть не менее 50% списочной численности работников, относящихся ко второй категории в генеральных подрядных и их субподрядных организациях, для реализации проекта "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ";

      3) количество граждан Республики Казахстан должно быть не менее 70% списочной численности работников, относящихся к третьей категории в генеральных подрядных и их субподрядных организациях, для реализации проекта "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ";

      4) количество граждан Республики Казахстан должно быть не менее 70% списочной численности работников, относящихся к четвертой категории в генеральных подрядных и их субподрядных организациях, для реализации проекта "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ".

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 12.03.2014 № 232 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Въезд иностранных работников осуществляется при соблюдении условий, предусмотренных статьей 35 Закона Республики Казахстан от 22 июля 2011 года "О миграции населения".

      4. Привлечение иностранной рабочей силы осуществляется при соблюдении подпункта 2) пункта 2 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения".

      5. В случае наличия на рынке труда предложений уполномоченный орган рассматривает с участием представителя работодателя кандидатуры казахстанских граждан, претендующих на занятие вакантной должности.

      Время и место встречи определяются уполномоченным органом, о чем извещаются работодатель и соответствующий претендент.

      6. Иные условия привлечения иностранной рабочей силы, не урегулированные настоящими условиями, регламентируются Правилами и условиями выдачи разрешений иностранному работнику на трудоустройство и работодателям на привлечение иностранной рабочей силы, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 января 2012 года № 45.

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 29 марта 2013 года № 298

Квоты на привлечение иностранной рабочей силы
по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация
Атырауского НПЗ" на 2013 год

Наименование проекта

Заявитель

Место реализации

Срок реализации

Квота (чел.)

всего

из них:

первая категория

вторая категория

третья категория

четвертая категория

1

2

3

4

5

6

7

8

9

"Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ"

Казахстанский филиал "SINOPEC Engineering"

г. Атырау, Атырауская область

2009 – 2015 гг.

399

1

28

165

205