Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны беру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 332 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны беру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 11 сәуірдегі
№ 332 қаулысымен   
бекітілген      

Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны беру
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Тауарларды әкелу (Әкету) туралы хабарламаны беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны беру тәртібін мынадай жағдайларда:
      1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
      2) әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде реттейді.
      2. Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкетілген тауарлар туралы ақпараттарды көрсетуге арналған және кейіннен тауарларды әкелу (әкету) жөніндегі мәліметтерді қамтиды.

2. Хабарламаны беру тәртібі мен мерзімдері

      3. Хабарлама электрондық түрде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
      4. Хабарлама оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған әрбір шарт (келісімшарт) және тауарлардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) коды бойынша салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына тапсырады.
      5. Хабарлама:
      1) уақытша әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген күннен бастап;
      2) уақытша әкетілген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына әкетілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынылады.
      Бұл ретте хабарлама тауарларды әкелудің (әкетудің) әр күніне беріледі.
      6. Хабарламаны беру кезінде мынадай деректер көрсетіледі:
      1) 1-жолда ЖСН (БСН) - салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі;
      2) 2-жолда тауарларды әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә. көрсетіледі. Жол міндетті түрде толтырылуы тиіс.
      Заңды тұлға үшін атауы құрылтай құжаттарына сәйкес, жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), дара кәсіпкер үшін атауы дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес көрсетіледі.
      3) 3-жолда тауарлардың орын ауыстыруы:
      3 I ұяшық Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелу кезінде белгіленеді;
      3 II ұяшық Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды уақытша әкету кезінде белгіленеді;
      4) 4-жолда оның аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тауарларды әкелу (әкету) жүргізілген Кеден одағына мүше мемлекет;
      4 I ұяшық Беларусь Республикасының аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) тауарларды уақытша әкелу (әкету) кезінде белгіленеді;
      4 II ұяшық Ресей Федерациясының аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) тауарларды уақытша әкелу (әкету) кезінде белгіленеді;
      5) 5-жолда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес валюта коды міндетті түрде көрсетіледі;
      6) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес хабарлама қайтадан берілген жағдайда 6-жолда бұрын берілген хабарламаның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      7) 7-жолда әкелінген (әкетілген) тауарлардың толық атауы көрсетіледі;
      8) 8-жолда шартқа (келісімшартқа) сәйкес әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан жері көрсетіледі;
      9) 9-жолда тауарлардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) (10 белгі) бойынша коды көрсетіледі;
      10) 10-жолда оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарт (келісімшарт) туралы мәліметтер (атауы, құжаттың нөмірі және күні) көрсетіледі;
      11) 11-жолда оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған шартқа (келісімшартқа) сәйкес тауарларды уақытша әкелудің (әкетудің) мақсаты мен мән-жайлары көрсетіледі;
      12) 12-жолда оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған шартқа (келісімшартқа) сәйкес уақытша әкелінген (әкетілген) тауарлардың саны және/немесе тауарлардың ілеспе құжаттары, сондай-ақ өлшем бірлігі көрсетіледі;
      13) 13-жолда оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарт (келісімшарт) негізінде айқындалатын уақытша әкелінген (әкетілген) тауарлардың құны көрсетіледі;
      14) 14-жолда тауарларды уақытша әкелу (әкету) мерзімі, яғни болжамдалған әкелу (әкету) күні көрсетіледі;
      15) «Салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты» деген жолда құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Егер хабарламаны жеке тұлға табыс ететін болса, жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы көрсетіледі;
      16) хабарламаны табыс ету күні деген жолда хабарламаны салық органына тапсыру күні көрсетіледі;
      17) салық органының коды деген жолда салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;
      18) құжаттың кіріс нөмірі деген жолда хабарламаның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      7. Әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан орны туралы шарттың (келісімшарттың) ережелері өзгерген жағдайда, салық төлеуші алдыңғы тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламада көрсетілген мерзім өткенге дейін хабарламаны қайтадан тапсырады.
      Бұл жағдайда хабарламаны беру кезінде тек қана мынадай деректер:
      1) ЖСН (БСН);
      2) тауарлар әкелуді (әкетуді) жүзеге асыратын тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә.;
      3) алдыңғы табыс етілген хабарламаның тіркеу нөмірі;
      4) әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан орны толтырылады.
      Егер хабарламада көрсетілген әкелінген (әкетілген) тауарлардың тұру мерзімі біткенге дейін тараптардың (контрагенттердің) өзара келісімімен уақытша әкелінген (әкетілген) тауарлардың тұру мерзімі ұзартылған болса, салық төлеуші бұрын тапсырылған хабарламада көрсетілген мерзім өткенге дейін хабарламаны қайтадан тапсырады.
      Бұл жағдайда хабарламаны табыс ету кезінде тек қана мынадай деректер:
      1) ЖСН (БСН);
      2) тауарлар әкелуді (әкетуді) жүзеге асыратын тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә.;
      3) алдыңғы табыс етілген хабарламаның тіркеу нөмірі;
      4) оның негізінде әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарт (келісімшарт), оның негізінде әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарттың (келісімшарттың) нөмірі, оның негізінде әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарттың (келісімшарттың) күні;
      5) әкелу (әкету) мерзімі: әкелу (әкету) күні, әкету (әкелу) күні толтырылады.

Тауарларды әкелу (әкету)
туралы хабарламаны  
беру қағидаларына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 11 сәуірдегі
№ 332 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 919 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 51, 477-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1655 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 14, 238-құжат).
      3. «Жекелеген салық төлеушілердің уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені ұсыну және оны орындау қағидалары мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1656 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 14, 239-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 19, 291-құжат).

Об утверждении Правил представления уведомления о ввозе (вывозе) товаров и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 2013 года № 332. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 573

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.07.2015 № 573 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 8) пункта 1 статьи 14 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила представления уведомления о ввозе (вывозе) товаров.
      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждены              
постановлением Правительства      
Республики Казахстан         
от 11 апреля 2013 года № 332    

Правила
представления уведомления о ввозе (вывозе) товаров

1. Общие положения

      1. Правила представления уведомления о ввозе (вывозе) товаров (далее – Правила) разработаны в целях реализации подпункта 8) пункта 1 статьи 14 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) и регулируют порядок представления уведомления о ввозе (вывозе) товаров в следующих случаях:
      1) при временном ввозе товаров на территорию Республики Казахстан с территории государств – членов Таможенного союза, которые в последующем будут вывезены с территории Республики Казахстан без изменения свойств и характеристик ввезенных товаров;
      2) при временном вывозе товаров с территории Республики Казахстан на территорию государств – членов Таможенного союза, которые в последующем будут ввезены на территорию Республики Казахстан без изменения свойств и характеристик вывезенных товаров.
      2. Уведомление о ввозе (вывозе) товаров (далее – уведомление) предназначено для отражения информации о товарах, временно ввезенных на территорию Республики Казахстан с территории государств – членов Таможенного союза, а также временно вывезенных с территории Республики Казахстан на территорию государств – членов Таможенного союза, и содержит сведения по последующему вывозу (ввозу) товаров.

2. Порядок и сроки представления уведомления

      3. Уведомление представляется в электронном виде по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      4. Уведомление представляется налогоплательщиком в налоговый орган по месту нахождения (жительства) по каждому договору (контракту), на основании которого осуществлен временный ввоз (вывоз) товаров, и коду товаров по товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности (ТН ВЭД) отдельно.
      5. Уведомление представляется в течение двадцати рабочих дней:
      1) с даты ввоза на территорию Республики Казахстан с территории государств – членов Таможенного союза временно ввезенных товаров;
      2) с даты вывоза с территории Республики Казахстан на территорию государств – членов Таможенного союза временно вывезенных товаров.
      При этом уведомление представляется на каждую дату ввоза (вывоза) товаров.
      6. При представлении уведомления отражаются следующие данные:
      1) в строке 1 указывается ИИН (БИН) – индивидуальный идентификационный (бизнес-идентификационный) номер налогоплательщика;
      2) в строке 2 указывается наименование или Ф.И.О. лица, осуществляющего ввоз (вывоз) товаров. Строка подлежит обязательному заполнению.
      Указываются для юридического лица – наименование в соответствии с учредительными документами, для физического лица – фамилия, имя, отчество (при его наличии) налогоплательщика согласно документам, удостоверяющим личность, для индивидуального предпринимателя – наименование в соответствии со свидетельством о государственной регистрации индивидуального предпринимателя;
      3) в строке 3 перемещение товаров:
      ячейка 3 I отмечается при временном ввозе товаров на территорию Республики Казахстан с территории государств – членов Таможенного союза;
      ячейка 3 II отмечается при временном вывозе товаров с территории Республики Казахстан на территорию государств – членов Таможенного союза;
      4) в строке 4 государство – член Таможенного союза, с (на) территории (-ю) которого произведен ввоз (вывоз) товаров на (с) территорию (-и) Республики Казахстан:
      ячейка 4 I отмечается при временном вывозе (ввозе) товаров с (на) территории Республики Беларусь на (с) территорию (-и) Республики Казахстан;
      ячейка 4 II отмечается при временном вывозе (ввозе) товаров с (на) территории Российской Федерации на (с) территорию (-и) Республики Казахстан;
      5) в строке 5 обязательно указывается код валюты в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      6) в случае повторного представления уведомления в соответствии с пунктом 7 настоящих Правил в строке 6 указывается регистрационный номер ранее представленного уведомления;
      7) в строке 7 указывается полное наименование ввезенных (вывезенных) товаров;
      8) в строке 8 указывается местонахождение временно ввезенных (вывезенных) товаров согласно договору (контракту);
      9) в строке 9 указывается код товаров по товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности (ТН ВЭД) (10 знаков);
      10) в строке 10 указываются сведения о договоре (контракте), на основании которого осуществлен временный ввоз (вывоз) товаров (наименование, номер и дата документа);
      11) в строке 11 указываются цель и обстоятельства временного ввоза (вывоза) товаров согласно договору (контракту), на основании которого осуществлен временный ввоз (вывоз) товаров;
      12) в строке 12 указывается количество ввезенных (вывезенных) товаров, соответствующее договору (контракту), на основании которого осуществлен временный ввоз (вывоз) товаров, и/или товаросопроводительным документам, а также единицы измерения;
      13) в строке 13 указывается стоимость временно ввезенных (вывезенных) товаров, определяемая договором (контрактом), на основании которого осуществлен временный ввоз (вывоз) товаров;
      14) в строке 14 указываются срок ввоза (вывоза), то есть предполагаемая дата ввоза (вывоза) товаров;
      15) в поле «Ф.И.О. налогоплательщика (руководителя)» указываются фамилия, имя, отчество руководителя в соответствии с учредительными документами. Если уведомление представляется физическим лицом, указываются его фамилия, имя, отчество согласно документам, удостоверяющим личность, для индивидуального предпринимателя – наименование в соответствии со свидетельством о государственной регистрации индивидуального предпринимателя;
      16) в поле «дата подачи уведомления» указывается дата представления уведомления в налоговый орган;
      17) в поле «код налогового органа» указывается код налогового органа по месту регистрации налогоплательщика;
      18) в поле «входящий номер документа» указывается регистрационный номер уведомления.
      7. В случае изменения условия договора (контракта) о местонахождении ввезенных (вывезенных) товаров, указанного в уведомлении, налогоплательщик повторно представляет уведомление до истечения срока, указанного в ранее представленном уведомлении.
      В этом случае при представлении уведомления заполняются исключительно следующие данные:
      1) ИИН (БИН);
      2) наименование или Ф.И.О. лица, осуществляющего ввоз (вывоз) товаров;
      3) регистрационный номер ранее представленного уведомления;
      4) местонахождение ввезенных (вывезенных) товаров.
      В случае если до истечения срока нахождения ввезенных (вывезенных) товаров, указанного в уведомлении, взаимным согласием сторон (контрагентов) продлен срок нахождения временно ввезенных (вывезенных) товаров, налогоплательщик повторно представляет уведомление до истечения срока, указанного в ранее представленном уведомлении.
      В этом случае при представлении уведомления заполняются исключительно следующие данные:
      1) ИИН (БИН);
      2) наименование или Ф.И.О. лица, осуществляющего ввоз (вывоз) товаров;
      3) регистрационный номер ранее представленного уведомления;
      4) договор (контракт), на основании которого осуществлен ввоз (вывоз), номер договора (контракта), на основании которого осуществлен ввоз (вывоз), дата договора (контракта), на основании которого осуществлен ввоз (вывоз);
      5) срок ввоза (вывоза): дата ввоза (вывоза), дата вывоза (ввоза).

Приложение               
к Правилам представления        
уведомления о ввозе (вывозе) товаров   

Приложение                 
к постановлению Правительства        
Республики Казахстан             
от 11 апреля 2013 года № 332         

Перечень
утративших силу некоторых решений Правительства
Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2010 года № 919 «Об утверждении перечня товаров, временный ввоз которых на территорию Республики Казахстан освобождается от уплаты налога на добавленную стоимость» (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 51, ст. 477).
      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1655 «Об утверждении Правил освобождения от уплаты налога на добавленную стоимость товаров, временно ввозимых на территорию Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 14, ст. 238).
      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1656 «Об утверждении Правил и формы представления отдельными налогоплательщиками обязательства о последующем вывозе с территории Республики Казахстан временно ввезенных товаров, транспортных средств и его исполнения» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 14, ст. 239).
      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1733 «Об утверждении Правил исполнения налогового обязательства по налогу на добавленную стоимость юридическими лицами-нерезидентами, осуществляющими деятельность без образования постоянного учреждения, при временном ввозе на территорию Республики Казахстан товаров, не предусмотренных перечнем товаров, временный ввоз которых на территорию Республики Казахстан освобождается от уплаты налога на добавленную стоимость, утвержденным Правительством Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 19, ст. 291).