Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 919 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 332 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 332 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы " қыркүйектегі
№ 919 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі
қосылған құн салығын төлеуден босатылатын
тауарлардың тізбесі

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін, кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілген тауарлар, мынадай тауарларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуден босатылады:
      1) жекелеген даналарын жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелуді қоспағанда, қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы заттарды (олар уақытша әкелінген көлік құралдарына арналмаған жағдайда), шығыс материалдарын және үлгілерді, шикізатты, жартылай фабрикаттарды;
      2) жекелеген даналарын жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелуді қоспағанда, алкогольді және алкогольсіз ішімдіктерді, темекі өнімдерін қоса алғанда, тамақ өнімдері, сусындары;
      3) өндіріс қалдықтары;
      4) қымбат бағалы және қымбат бағалы емес металдар, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда;
      5) энергияның электр, жылу және өзге де түрлері;
      6) магистралды құбырлар мен мұнай құбырлары арқылы жеткізілетін тауарлар;
      7) минералды өнімдер;
      8) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері;
      9) өңделмеген терілер;
      10) жекелеген даналарын және әскери-оқу жаттығулар, байқау үшін көрсету мақсатында әкелуді қоспағанда, қару-жарақ пен оқ-дәрілер, олардың бөлшектері мен керек-жарақтары;
      11) тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әкелетін тауарлар;
      12) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады