Мемлекеттік мүлікті есепке алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 391 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ 391 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 211-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Бюджеттік бағдарлама» деген 7-бөлімде:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7.1-кіші бөлімде:
      «016 Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет, осымен байланысты дауларды реттеу» деген бюджеттік бағдарламада:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
      мына:

      «

мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекеттік қатысы бар заңды тұлғалардың Тізілімінде тіркелген есепке алу объектілерінің көлемі

бірлік

27 000

26 700

27 600

27 400

27 300

27 200


                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

мемлекеттік мүлік тізілімінде  тіркелген есепке алу объектілерінің саны

бірлік

27 000

26 700

27 600

27 400

27 300

27 200


                                                                   ».

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.02.2014 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 784-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасында:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлікті есепке алуды мемлекеттік мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтерді енгізу жолымен жүргізеді.».
      6. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      7. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.03.2014 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. «Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Мониторинг нәтижелері мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) электронды есеп түрінде енгізіледі.».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ 391 қаулысына   
қосымша       

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.03.2014 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ 391 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік
жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 61-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 478-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 580 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 162-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 926 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 396-құжат).
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат).

О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан по вопросам учета государственного имущества

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2013 года № 391

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
      3 Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждены     
постановлением Правительства
Республики Казахстан 
от 24 апреля 2013 года № 391

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 18.09.2013 № 983 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 8 февраля 2011 года № 94 «О Стратегическом плане Министерства финансов Республики Казахстан на 2011 - 2015 годы» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 18, ст. 211):
      в Стратегическом плане Министерства финансов Республики Казахстан на 2011 - 2015 годы, утвержденном указанным постановлением:
      в разделе 7 «Бюджетные программы»:
      в подразделе 7.1. «Бюджетные программы»:
      в бюджетной программе «016 Приватизация, управление государственным имуществом, постприватизационная деятельность и регулирование споров, связанных с этим»:
      в показателях прямого результата строку:
«

Количество объектов учета, зарегистрированных в реестре государственных предприятии и учреждении, юридических лиц с участием государства в уставном капитале

ед.

27 000

26 700

27600

27 400

27 300

27 200


                                                       »
      изложить в следующей редакции:
«

Количество объектов учета, зарегистрированных в реестре государственного имущества

ед.

27000

26 700

27600

27400

27300

27200


                                                       ».
      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 04.02.2014 № 46 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 13.02.2014 № 88 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2011 года № 1103 «Об утверждении Правил приобретения государством прав на имущество по договору дарения» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 55, ст. 784):
      в Правилах приобретения государством прав на имущество по договору дарения, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 13 изложить в следующей редакции:
      «13. Уполномоченный орган по государственному имуществу или местные исполнительные органы ведут учет имущества, права на которое приобретены государством по договору дарения путем внесения сведений о нем в реестр государственного имущества.».
      6. Утратил силу постановлением Правительства РК от 10.08.2015 № 636 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      7. Утратил силу постановлением Правительства РК от 10.08.2015 № 636 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      8. Утратил силу постановлением Правительства РК от 04.03.2014 № 177 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      9. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2012 года № 1546 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга эффективности управления государственным имуществом, в том числе государственными предприятиями и юридическими лицами с участием государства»:
      в Правилах осуществления мониторинга эффективности управления государственным имуществом, в том числе государственными предприятиями и юридическими лицами с участием государства, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 13 изложить в следующей редакции:
      «13. Результаты мониторинга включаются в реестр государственного  имущества (далее - реестр) в виде электронного отчета.».

Приложение к            
постановлению Правительства     
Республики Казахстан        
от 24 апреля 2013 года № 391      

      Сноска. Приложение утратило силу постановлением Правительства РК от 04.03.2014 № 177 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Приложение к      
постановлению Правительства
Республики Казахстан 
от 24 апреля 2013 года № 391

Перечень утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 марта 1998 года № 246 «О мерах по обеспечению информационного обмена и ведения информационной базы данных по государственной собственности» (САПП Республики Казахстан, 1998 г., № 9, ст. 61).
      2. Пункт 10 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2001 года № 1369 «О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2001 г., № 36-37, ст. 478).
      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2002 года № 580 «О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 марта 1998 года № 246» (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 15, ст. 162).
      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 сентября 2006 года № 926 «О внесении изменений и  дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 марта 1998 года № 246» (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 36, ст. 396).
      5. Пункт 1 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года № 352 (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 13, ст. 157).