Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі N 926 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 391 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы N 620  қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк активтердi басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 1.8-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-тармақта:
      "тiзiлiмi туралы ереже" деген сөздер "тiзiлiмiн жүргiзу ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның тiзiлiмi туралы ережеде:
      "тiзiлiмi туралы ереже" деген сөздер "тiзiлiмiн жүргiзу ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың екiншi абзацында "көрсеткiштердi" деген сөзден кейiн ", оның iшiнде акциялары ұлттық холдингтiң және ұлттық басқарушы компанияның меншiгiндегi акционерлiк қоғамдардың (олардың еншiлес, тәуелдi ұйымдарын және өзiнiң қатысу үлесiн есепке алу және олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, қатысушылардың қаржылық есептiлiгiнде активтердi, мiндеттемелердi, осы қызметтен түсетiн кiрiстер мен шығыстарды көрсету үшiн бiрлескен қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда) қызметi туралы ақпаратты" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "экономика секторларында мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның Тiзiлiмге қол жеткiзуiн ұйымдастырады";

      6-тармақтың бесiншi абзацында "әкiмшiлiктендiру" деген сөзден кейiн ", ұсыну және қолдау" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-1-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген сөздердiң алдынан "Жергiлiктi атқарушы органдар," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттiк кiрiс" деген сөздер "Қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
      "26-1. Тiзiлiмдi жүргiзу жүйесiне жергiлiктi атқарушы органдардың қол жеткiзуiн ұсыну мен қолдауға байланысты жұмыстарды, сондай-ақ Тiзiлiмдi пайдалана отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың тапсырысы бойынша орындалатын өзге де жұмыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.";

      2-қосымшада:
      "Ұлттық Банк" деген бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi";
      "Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi" деген бөлiмде:
      тақырыбы "комитетi" деген сөзден кейiн "(республикалық меншiк бойынша)";
      реттiк нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"7   Мемлекеттiк басқару  - мемлекеттiк басқару органы (мемлекеттiк
     органы (мемлекеттiк    кәсiпорындар үшiн);
     орган)                 акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн
                            иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге
                            асыратын мемлекеттiк орган (акционерлiк
                            қоғамдар үшiн); мемлекеттiк қатысу
                            үлестерiн иелену және пайдалану
                            құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттiк
                            орган (жауапкершiлiгi шектеулi
                            серiктестiктер үшiн)";
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-жолмен толықтырылсын:
"9   Құру тарихы          - құруға, қайта құруға немесе таратуға
                            байланысты қабылданған шешiмдер туралы
                            деректер";
      "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбында "Мемлекеттiк кiрiс" деген сөздер "Қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
      "Жергiлiктi атқарушы органдар (коммуналдық меншiк бойынша)
      1  ОКПО коды         - объектiнiң жүйелендiрiлген коды
      2  Тiркеу нөмiрi     - заңды тұлғаны тiркеу кезiнде берiлетiн
                             жүйелендiрiлген код
      3  Жарғылық капитал  - жарғылық капиталдың мөлшерi
      4  Толық атауы 
      5  Мемлекеттiк үлес  - мемлекетке тиесiлi жарғылық капиталдан
                             %-пен есептегендегi мемлекеттiк үлестiң
                             мөлшерi
      6 Пакет              - жергiлiктi атқарушы органға тиесiлi
                             акциялардың саны (акционерлiк қоғамдар
                             үшiн)
      7 Мемлекеттiк басқару - мемлекеттiк басқару органы
        органы (мемлекеттiк  (мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн);
        орган)               акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн
                             иелену және пайдалану құқықтарын
                             жүзеге асыратын мемлекеттiк
                             орган (акционерлiк қоғамдар үшiн);
                             мемлекеттiк қатысу үлестерiн иелену
                             және пайдалану құқықтарын жүзеге
                             асыратын мемлекеттiк орган
                             (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер
                             үшін)
      8 Ауыртпалық         - ауыртпалық (қарыз, басқару) туралы
                             деректер
      9 Құру тарихы          құруға, қайта құруға немесе таратуға
                             байланысты қабылданған шешiмдер туралы
                             деректер".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады