«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 213-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген 3-бөлімде:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген 3.1-кіші бөлімде:
«Қазақстан халқын бiрiктiру факторы ретінде төзiмдi тiлдiк орта құру» деген 3-стратегиялық бағытта:
«Мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк және бiрiктiру функцияларын кеңейту» деген 3.1.1-міндетте:
тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шараларда:
мына:
«
Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеру жүйесін құру бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Қазақ тілін латын графикасына ауыстыру жөніндегі дайындық жұмысын жүргізу |
- |
- |
Х |
Х |
Х |
»;
мына:
«
Мемлекеттiк тiлдi қолдану саласын кеңейту және мәртебесін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Мемлекеттiк тiлдi танымал етуге, оның беделін арттыруға және қолдану саласын кеңейтуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
»;
мына:
«
Қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелендіру жұмыстарын ұйымдастыру (ономастика, терминология, антропонимика саласында) |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру, жаңғырту және жүйелендіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (ономастика, терминология, антропонимика саласында) |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
»;
«Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау» деген 3.1.2-міндетте:
тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шараларда:
мына:
«
Шет тiлдерiн оқыту үдерiсiнiң кең бiлiм беру кеңiстiгiн сақтау жұмыстарын жүргізу |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған шараларды әзірлеу |
- |
- |
Х |
- |
- |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов