"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 437 қаулысы

      «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 213-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген 3-бөлімде:
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген 3.1-кіші бөлімде:
      «Қазақстан халқын бiрiктiру факторы ретінде төзiмдi тiлдiк орта құру» деген 3-стратегиялық бағытта:
      «Мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк және бiрiктiру функцияларын кеңейту» деген 3.1.1-міндетте:
      тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шараларда:
      мына:

      «

Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеру жүйесін құру бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру

Х

Х

Х

Х

Х

                                                                    »

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

Қазақ тілін латын графикасына ауыстыру жөніндегі дайындық жұмысын жүргізу

-

-

Х

Х

Х

                                                                   »;

      мына:

      «

Мемлекеттiк тiлдi қолдану саласын кеңейту және мәртебесін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

Х

Х

Х

Х

Х

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Мемлекеттiк тiлдi танымал етуге, оның беделін арттыруға және қолдану саласын кеңейтуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

Х

Х

Х

Х

Х

                                                                   »;

      мына:

      «

Қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелендіру жұмыстарын ұйымдастыру (ономастика, терминология, антропонимика саласында)

Х

Х

Х

Х

Х

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру, жаңғырту және жүйелендіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (ономастика, терминология, антропонимика саласында)

Х

Х

Х

Х

Х

                                                                   »;

      «Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау» деген 3.1.2-міндетте:
      тiкелей нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шараларда:
      мына:

      «

Шет тiлдерiн оқыту үдерiсiнiң кең бiлiм беру кеңiстiгiн сақтау жұмыстарын жүргізу

Х

Х

Х

Х

Х

                                                                    »

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

Үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған шараларды әзірлеу

-

-

Х

-

-

                                                                   ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады