Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және "Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн соманың, қарыздардың бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкiлеттi органдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 973 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының 3-тармағын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.12.2015 № 973 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативi бекiтiлсiн.

2. Мемлекеттік басқарудың тиісті салаларына (аяларына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органдар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға алдағы үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның республикалық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.05.2018 № 289 қаулысымен.

4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 448 қаулысымен
бекітілген

Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір
бөлігін аудару нормативі

Ескерту. Нормативке өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.09.2014 № 1023 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

Таза табыс

3 000 000 теңгеге дейін

таза табыс сомасынан 5 пайыз

Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз

Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз

Таза табыс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз

Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз

Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз


2. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2012 жылдың қорытындылары бойынша 0 пайыз мөлшерінде аудару нормативі белгіленеді.

3. "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін кезеңіне 12 пайыз мөлшерінде аудару нормативі белгіленеді.

4. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 5 пайыздан көп емес мөлшерде белгіленеді.

5. Қылмыстық-атқару жүйесі және сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру саласында өндірістік қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 2015 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша 0 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 448 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

1. "Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-құжат).

2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 шілдедегі № 636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 267-құжат).

3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 315 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 177-құжат).

4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2297 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 47-құжат).

5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қазандағы № 1077 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 539-құжат).

6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1502 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 141-құжат).


Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода республиканских государственных предприятий и внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1339 "Об утверждении перечня уполномоченных органов, ответственных за взимание поступлений в республиканский бюджет, за возврат из бюджета и (или) зачет излишне (ошибочно) уплаченных сумм и осуществляющих контроль за поступлениями в бюджет неналоговых поступлений, поступлений от продажи основного капитала, трансфертов, сумм погашения бюджетных кредитов, от продажи финансовых активов государства, займов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 мая 2013 года № 448. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 973

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.12.2015 № 973, за исключением пункта 3 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Примечание РЦПИ!
В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 134.

В соответствии с пунктом 2 статьи 140 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1. Утвердить прилагаемый норматив отчисления части чистого дохода республиканских государственных предприятий.

2. Уполномоченным органам по руководству соответствующими отраслями (сферами) государственного управления представлять в срок до 1 мая года, предшествующего планируемому, в уполномоченный орган по управлению государственным имуществом прогнозные суммы части чистого дохода, подлежащие перечислению в республиканский бюджет на предстоящий трехлетний период, а также размер чистого дохода, перечисленного республиканским государственным предприятием в республиканский бюджет в отчетном году.

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 24.05.2018 № 289.

4. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр

Республики Казахстан      С. Ахметов

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 2 мая 2013 года № 448

Норматив отчисления части чистого дохода республиканских
государственных предприятий

Сноска. Норматив отчисления с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 25.09.2014 № 1023 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Норматив отчисления части чистого дохода республиканских государственных предприятий в республиканский бюджет определяется следующим образом:

Чистый доход до 3 000 000 тенге

5 процентов с суммы чистого дохода

Чистый доход от 3 000 001 тенге до 50 000 000 тенге

150 000 тенге + 10 процентов с суммы, превышающей чистый доход в размере 3 000 000 тенге

Чистый доход от 50 000 001 тенге до 250 000 000 тенге

4 850 000 тенге + 15 процентов с суммы, превышающей чистый доход в размере 50 000 000 тенге

Чистый доход от 250 000 001 тенге до 500 000 000 тенге

34 850 000 тенге + 25 процентов с суммы, превышающей чистый доход в размере 250 000 000 тенге

Чистый доход от 500 000 001 тенге до 1 000 000 000 тенге

97 350 000 тенге + 30 процентов с суммы, превышающей чистый доход в размере 500 000 000 тенге

Чистый доход от 1 000 000 001 тенге и свыше

247 350 000 тенге + 50 процентов с суммы, превышающей чистый доход в размере 1 000 000 000 тенге


2. Для республиканского государственного предприятия "Актауский международный морской торговый порт" устанавливается норматив отчисления в размере 0 процентов по итогам 2012 года.

3. Для республиканского государственного предприятия "Казаэронавигация" устанавливается норматив отчисления в размере 12 процентов на период с 2012 до 2014 года.

4. Для республиканских государственных предприятий, осуществляющих производственно-хозяйственную деятельность в области здравоохранения, норматив отчисления устанавливается в размере не более 5 процентов.

5. Для республиканских государственных предприятий, осуществляющих производственную деятельность в сфере уголовно-исполнительной системы и организации трудовой занятости осужденных, устанавливается норматив отчисления в размере 0 процентов по итогам 2015 – 2018 годов.

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 2 мая 2013 года № 448

Перечень
утративших силу некоторых решений Правительства

Республики Казахстан

1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1297 "О нормативах распределения чистого дохода государственных предприятий на праве хозяйственного ведения" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 44, ст. 441).

2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2003 года № 636 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1297" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 28, ст. 267).

3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 2005 года № 315 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1297" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 15, ст. 177).

4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2297 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1297" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 4, ст. 47).

5. Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 октября 2010 года № 1077 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1297" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 56, ст. 539).

6. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1502 "О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1297" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 10-11, ст. 141).