Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1297 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 N 448 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08 N 315 қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекiту ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

      2. Мемлекеттiк органдарға шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн анықтау кезiнде республикалық бюджетке аударымдардың нормативтерiн осы қаулыға қосымшада көрсетiлгендерден төмен емес етiп белгiлеу ұсынылсын.

      3. Мемлекеттiк басқару органдары шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты:
      1) шаруашылық жүргiзу құқығындағы ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының тиiстi бөлiгiн мемлекеттiк бюджетке толық және уақытылы аударуына тұрақты бақылау орнатсын;
      2) еншiлес кәсiпорындар үшiн таза табысты бөлу нормативтерiн белгiлеу кезiнде ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың Ереженi сақтауын қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2002 жылғы 10 желтоқсандағы 
N 1297 қаулысымен      
бекiтiлген          

Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың
таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу
және бекiту ережесi

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына , Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне , "Мемлекеттiк кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына   сәйкес әзiрлендi және ұлттық компанияларға жатқызылғандарын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ведомстволық бағыныстыларын қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрi - Кәсiпорындар) таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекiту әрi таза табысының тиiстi бөлiгiн мемлекеттiк бюджетке аудару тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08. N 315 , 2010.12.31 N 1502 Қаулыларымен.

1. Таза табысты бөлу нормативтерiн белгiлеу тәртiбi

      1. Кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiнде (бұдан әрi - Бөлу нормативтерi) таза табыс сомасын тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударымға, резервтiк капиталды қалыптастыруға, өндiрiстi дамытуға және өзге де бағыттарға бөлудiң пайыздық ара қатынасы анықталады.
      Бұл ретте:
      1) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының республикалық бюджетке аударымдарының нормативтерi (бұдан әрi - Бюджетке аударымдардың нормативтерi) Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған аударымдардың ең төменгi мөлшерiн есепке ала отырып белгіленедi;
      2) өндiрiстi дамытуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға Кәсiпорындар жiберетiн таза табыстың үлесi Кәсiпорындардың иелiгiнде қалатын таза табыс сомасының кемiнде 60 пайызын құрауы тиiс.

      2. Кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органдары Бөлу нормативтерiн жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн бекiтедi.
      Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн Республикалық бюджетке аударымдардың нормативтерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен (бұдан әрi - Министрлiк) келiсiм бойынша белгiленедi.
      Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн Жергiлiктi бюджеттерге аударымдардың нормативтерi жергiлiктi қаржы органдарымен келiсiм бойынша белгiленедi.

      3. Министрлiкте (жергiлiктi қаржы органдарында) Мемлекеттiк бюджетке аударымдардың нормативтерiн келiсу мерзiмi 10 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
      Мемлекеттiк басқару органдары Бюджетке аударымдар нормативтерiнiң жобаларымен сонымен бiр мезгiлде Министрлiкке (жергiлiктi қаржы органдарына):
      1) жоспарлы жылдың таза табысының нақты бөлiгiн өндiрiстi дамытуға пайдалану қажеттiлiгiнiң экономикалық негiздемесiн;
      2) қоса берiлiп отырған нысан бойынша есептi жылғы тиiстi бюджетке Кәсiпорындар аударған таза табыстың мөлшерi мен сомасы туралы деректердi (есепті жыл үшін таза табыстың бір бөлігін аудару және аванстық аударымдар туралы төлем тапсырмаларының көшірмелерін қоса бере отырып) және алдағы үш жылдық кезеңге арналған таза табыстың мөлшерi туралы деректерді табыс етедi.
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.01 N 636, 2010.12.31 N 1502 Қаулыларымен.

      4. Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн Бөлу нормативтерiн негiзгi Кәсiпорын бекiтедi. Еншiлес кәсiпорындардың бюджетке аударымдарының нормативтерi негiзгi Кәсiпорындар үшiн белгiленгеннен төмен болмайды, ал еншiлес кәсiпорындар өндiрiстi дамытуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға жұмсайтын таза табыстың үлесi олардың иелiгiнде қалатын таза табыс сомасының кемiнде 60 пайызын құрауы тиiс.

      5. Жаңадан құрылған Кәсiпорындар үшiн мемлекеттiк басқару органдары олар мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр айлық мерзiмде осы Ережеде анықталған тәртiппен ағымдағы және алдағы жылдарға арналған Бөлу нормативтерiн бекiтуге мiндеттi.
      5-1. Кәсiпорындардың мемлекеттiк бюджетке аударуға жататын таза табысының бiр бөлiгiн есептеу меншiк капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе егер Кәсiпорын меншiк капиталының мөлшері мемлекеттік бюджетке аударуға жататын таза табыстың бiр бөлiгiне жүргiзiлген есептеу нәтижесiнде терiс болса жүргiзiлмейдi.
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.08.  N 315 қаулысымен.

2. Таза табыстың бiр бөлiгiн тиiстi
бюджетке аудару тәртiбi

      6. Кәсiпорындар Аударымдар нормативтерiне сәйкес корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгі он жұмыс күнiнен кешiктiрмей таза табыстың бiр бөлiгiн мемлекеттік бюджетке аударуды жүргiзедi. Есептеме есептi кезең үшiн кiрiстер мен шығыстар туралы есеп деректерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      Кәсiпорындар мемлекеттiк бюджетке таза табыстың бiр бөлiгiн аванстық аударуды жүргiзе алады.
      Бюджетке таза табыстың бiр бөлiгiн аванстық аударудың артық төленген сомалары есептi жылдың қорытындыларын ескере отырып, келесi қаржы жылының аударымдар шотына есептеледi.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08. N 315 қаулысымен.

      7. Кәсiпорындар бiрыңғай бюджеттiк жiктемеге сәйкес тиiстi кодқа тiркеу есебiнiң орны бойынша мемлекеттiк бюджетке таза табыстың бiр бөлiгiн аударуды жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08. N 315 қаулысымен.

      8. Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру кезiнде Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру күнiне есептелетiн мемлекеттiк бюджетке таза табыстың тиiстi бөлiгiн аудару жөнiндегi мiндеттемелер өткiзу актiсi (бөлу теңгерiмi) бойынша құқықтық мирасқорларына берiледi және құқықтық мирасқорларын мемлекеттiк тiркеген күнiнен бастап бiр айлық мерзiмде орындалуға тиiс.

      9. Мемлекеттiк бюджетке таза табыстың тиiстi бөлiгiн толық және/немесе уақытылы аудармау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08. N 315 қаулысымен.

      10. Кәсiпорындардың таза табысы бiр бөлiгiнiң тиiстi бюджет кiрiсiне уақытылы және толық аударылуын бақылауды Министрлік, орталық атқарушы органдар және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08 N 315 , 2010.12.31 N 1502 Қаулыларымен.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы 
мемлекеттік кәсіпорындардың  
таза табысын бөлу нормативтерін
белгілеу, келісу және бекіту 
ережесіне қосымша      

______________________________________ ведомстволық бағынысты,
(мемлекеттік басқару органының атауы)                       
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың
алынған таза табысы, мемлекеттік бюджетке аударылған сомалары туралы мәліметтер және таза табысының болжамы

------------------------------------------------------------------
Р/с!Кәсіпорын.!                   Есепті жыл
N  !ның атауы !---------------------------------------------------
   !          !                    !   кәсіпорынның пайдаланғаны
   !          !--------------------!------------------------------
   !          ! таза  !  бюджетке  ! сомасы,!  % !  оның ішінде
   !          ! табыс ! аударылғаны!   мың  !    !----------------
   !          ! мың   !------------!  теңге !    ! өндірісті ! %
   !          ! теңге ! сомасы,! % !        !    ! дамытуға  !
   !          !       !   мың  !   !        !    ! мың теңге !
   !          !       !  теңге !   !        !    !           !
------------------------------------------------------------------
1 !     2    !   3   !    4   ! 5 !    6   !  7 !     8     ! 9
------------------------------------------------------------------

таблицаның жалғасы:
------------------------------------------------
    Ағымдағы жыл   !       Болжамды кезең
                   !----------------------------
                   !   жыл   !   жыл  !   жыл
-------------------!---------!--------!---------
таза  ! бюджетке  !  таза   !  таза  !  таза
табыс ! аударуға  !  табыс  !  табыс !  табыс
мың   ! жатады    !  мың    !  мың   !  мың
теңге !-----------!  теңге  !  теңге !  теңге
       !сомасы,! % !         !        !
       !  мың  !   !         !        !
       ! теңге !   !         !        !
------------------------------------------------
   10  !   11  ! 12!    13   !    14  !   15
------------------------------------------------

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1297 қаулысына    
қосымша        

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08 N 315, 2009.12.30 № 2297 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.10.19 N 1077 Қаулыларымен.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың
таза табысынан республикалық бюджетке аударымдардың ең
төменгi мөлшерлерi

P/c
N

Кәсiпорындардың қызмет саласы

Республикалық бюджетке аударымдардың төменгi мөлшерi, %

1

2

3

1

Табиғат қорғау, әлеуметтік қорғау, қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндірiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру

кемiнде 15

2

Қару-жарақты және оған оқ-дәрiлердi, қорғаныс құралдарын, әскери техниканы, оған қосалқы бөлшектердi, оларға жабдықтаушы элементтер мен приборларды әзiрлеу, өндiру, жөндеу; босатылатын әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау

кемiнде 20

3

Бiлiм беру, ғылым, мәдениет және спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру

кемiнде 25

3-1

Денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру

кемінде 5

4

Уран және басқа да бөлiнетiн материалдарды, сондай-ақ олардан жасалатын өнiмдердi өндiру, шығару, тасымалдау, өңдеу, көму және сату; арнайы қорғаныс құралдарын қолдануды қажет етпей оларды пайдалануға жол берiлетiн нормадан асатын мөлшерде радиоактивтiк заттары бар өнiмдердi дайындау және сату

кемiнде 30

5

Бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфиялық қызмет саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру

кемiнде 30

6

Мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсiн және олар үшiн заңнамада қаржыландырудың арнайы тәртiбi белгiленген басқа да инфрақұрылым объектiлерiн ұстау және дамыту

кемiнде 40

7

Энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, магистральдық көлiк, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы және өзiнiң табиғи монополиялық жағдайына және әлеуметтiк-экономикалық мәнiне байланысты тiкелей мемлекеттiк басқаруды қажет ететiн республикалық инфрақұрылымның тіршілігін қамтамасыз етудiң басқа жүйелерi саласындағы шаруашылық қызметтi жүзеге асыру

кемiнде 50

7-1

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне аэронавигациялық қызмет көрсету саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру

Республикалық бюджет комиссиясының тиісті қаржы жылына арналған шешімімен мақұлданған мөлшерге сәйкес

8

Мемлекеттiк құқықтық және жер кадастрларын, Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi қамтамасыз ететiн қызметтi жүзеге асыру

кемінде 50

9

Қару-жарақты және оған оқ-дәрiлердi, қорғаныс құралдарын, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, оларға жабдықтауды элементтер мен приборларды сату

кемiнде 50

10

Дәрі-дәрмектердi, дәрiлiк құралдарды және емдеу препараттарын, медициналық жабдықтарды және аспаптарды дайындау және сату

кемiнде 50

11

Банктік, сақтандыру және өзге қаржылық қызмет

кемiнде 50

12

Почта байланысы және телекоммуникациялар, жалпы республикалық және халықаралық байланыс желiлерiн пайдалану

кемiнде 50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады