Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1502 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 N 448 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шаруашылық жургізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтерін белгілеу, келісу және бекіту ережесінде:
      кіріспедегі «2004 жылғы 24 сәуірдегі» деген сөздер «2008 жылғы 4 желтоқсандағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы «туралы деректерді» деген сөздерден кейін «(есепті жыл үшін таза табыстың бір бөлігін аудару және аванстық аударымдар туралы төлем тапсырмаларының көшірмелерін қоса бере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақтағы «Министрліктің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті» деген сөздер «Министрлік» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады