"Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 538 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 12.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 967-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларында:

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) баянат берген күнге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын алынған әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы (болуы) туралы анықтама (анықтама әскери қызметшілерге жыл сайын беріледі);";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Өтемақы төлеу үшін әскери қызметші белгіленген тәртіппен ол әскери қызмет өткеретін әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) атына баянат береді.

      Баянатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жауапты құрылымдық бөлімшенің әскери қызмет өткеру орны бойынша әскери қызметшінің тұрғын үймен қамтамасыз етілмегені туралы анықтамасы;

      2) отбасы құрамы туралы анықтама (отбасы құрамы өзгерген жағдайларды қоспағанда, 1 (бір) рет беріледі);

      3) белгіленген тәртіппен жасалған тұрғын үйді жалға алу (жалдау) шарты.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Өтемақының шекті мөлшері әскери қызметші әскери қызмет өткеретін жері бойынша елді мекенде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметші отбасы мүшелерінің санын тиесілі пайдалы алаңының (18 шаршы метр) және жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу (жалдау) орташа құнының нормаларына көбейту жолымен айқындалады.

      Жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алудың (жалдаудың) орташа құны мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланатын оның ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне, статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес айқындалады.

      Елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда өтемақы мөлшері аудан орталығының статистикалық деректері бойынша, ал аудан орталығында статистикалық деректер болмаған жағдайда – облыс орталығының статистикалық деректері бойынша айқындалады.".

      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2012 года № 1091 "Об утверждении Правил обеспечения жильем военнослужащих"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2013 года № 538. Утратил силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2018 года № 49.

      Сноска. Утратил силу постановлением Правительства РК от 12.02.2018 № 49 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 1 января 2013 года.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2012 года № 1091 "Об утверждении Правил обеспечения жильем военнослужащих" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 67, ст. 967) следующие изменения:

      в Правилах обеспечения жильем военнослужащих, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 3) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "3) справка об отсутствии (наличии) жилища на праве собственности в данном населенном пункте у военнослужащего и членов его семьи, полученная не позднее, чем за 10 календарных дней до дня подачи рапорта (справка предоставляется военнослужащим ежегодно);";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Для выплаты компенсации военнослужащий в установленном порядке подает рапорт на имя командира воинской части, в которой он проходит воинскую службу (руководителя государственного учреждения).

      К рапорту прилагаются следующие документы:

      1) справка ответственного структурного подразделения о необеспеченности военнослужащего жилищем по месту прохождения воинской службы;

      2) справка о составе семьи (предоставляется 1 (один) раз, за исключением случаев изменения состава семьи);

      3) договор найма (аренды) жилища, заключенный в установленном порядке.";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Предельный размер компенсации определяется путем умножения количества членов семьи военнослужащего на нормы положенной полезной площади (18 квадратных метров) и средней стоимости найма (аренды) одного квадратного метра благоустроенного жилья, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, в населенном пункте по месту прохождения воинской службы военнослужащим.

      Средняя стоимость найма (аренды) одного квадратного метра благоустроенного жилья определяется согласно данным уполномоченного органа в области государственной статистики за январь текущего года, публикуемым на его официальном сайте, в соответствии с планом статистических работ.

      В случае отсутствия статистических данных по населенному пункту, размер компенсации определяется по статистическим данным районного центра, а в случае отсутствия статистических данных в районном центре – по статистическим данным областного центра.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2013 года и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов