Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 12.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 99-бабына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 45, 55-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Әскери қызметшілерге кооперативтік тұрғын - жай, жеке тұрғын үй салуға өтемсіз қаржы көмегін көрсету тәртібі және осы мақсатқа бөлінген ақшалай қаржының нысаналы түрде пайдаланылуын бақылау туралы нұсқауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қарашадағы № 1207 қаулысының;

      2) "Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарын қоспағанда) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы № 593 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2002 ж., № 16, 170-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 912 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 1-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2004 ж., № 31, 430-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 тамыздағы
№ 1091 қаулысымен
бекітілген

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңдарына сәйкес әзірленді және әскери қызметшілерге тұрғын үй берудің бірыңғай тәртібін көздейді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары мемлекеттік мекемелерінің жедел басқаруындағы қызметтік тұрғынжайларды беру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілеріне (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, курсанттар мен кадеттерді қоспағанда) және олармен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелері – зайыбына (жұбайына), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе олардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балаларына, күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) жиырма үш жасқа толмаған балаларына және жұбайының (зайыбының) балаларына, он сегіз жасқа дейін мүгедек болған балаларына (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) және жұбайының (зайыбының) мүгедек балаларына, әскери қызметшінің асырауындағы ата-анасына әскери қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үйді жалға алғаны (жалдағаны) үшін мақсатты ақшалай өтемақы төлеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 685 қаулысымен.

2. Тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін есепке алу

      3. Тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін есепке алуды қызметтік тұрғын үйлерді есепке алу жөніндегі функциялар жүктелген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – жауапты құрылымдық бөлімше) жүзеге асырады.

      4. Бірыңғай кезектілік 2013 жылғы 1 қаңтарда кемінде он жыл әскери қызметте тұрған келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы алғаш баянат берген күні бойынша жасалатын тізімдер бойынша, ал 2013 жылғы 1 қаңтарда әскери қызметке түскен соңғы күн бойынша күнтізбелік есептеумен он және одан да көп жыл әскери қызметте тұрған әскери қызметшілер үшін Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңдарына сәйкес қызмет басталған күні бойынша белгіленеді.

      Әскери қызметші есепке қою туралы баянатты тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына береді және ол қызмет өткеріп жүрген құрылымдық бөлімшеде (құрылымдық бөлімше) тіркеледі.

      Баянатқа қосымша:

      1) отбасы құрамы туралы анықтама;

      2) қызмет орнынан анықтама;

      3) баянат берген күнге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын алынған әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы (болуы) туралы анықтама (анықтама әскери қызметшілерге жыл сайын беріледі);

      4) қызметтік тізім;

      5) бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғын үйді тапсыру туралы анықтама;

      6) әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, балаларының туу туралы куәліктерінің және неке (некені бұзу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері, әскери қызметшінің отбасы мүшелері бар болған кезде (баянат берген күнге дейін 10 күн бұрын);

      7) отбасында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін науқастанулар тізімінде аталған кейбір созылмалы сырқаттардың ауыр түрлерімен ауыратын мүшелердің бар болуы туралы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы қоса беріледі;

      8) жиырма үш жасқа дейінгі күндізгі оқу түрінде оқитын білім ұйымынан анықтама;

      9) мүгедек тобы бойынша он сегіз жасқа толмаған отбасында мүгедек бала бар болса халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедек туралы анықтама;

      10) балалардың құқығын қорғау саласындағы уәкілетті органнан кәмелетке толмаған қамқорлығында және қамқорлық ету туралы анықтама;

      11) әскери қызметшінің отбасы мүшесінде оларды тану туралы соттың шешімі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 № 538 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Баянат тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімше ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 4-тармағындағы талаптарға сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген кезде құрылымдық бөлімше оларды әскери қызметшіге толық пысықтау үшін қайтарады. Әскери қызметші 10 жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшеге қайта өтініш жасайды, бұл ретте баянат оны құрылымдық бөлімшеде алғаш тіркелген күн берілген болып саналады.

      6. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғын үйге мұқтаж деп тану Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарында көзделген негіздемелер бойынша тұрғын үй комиссиясының отырысында баянат тіркелген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Қабылданған шешім туралы әскери қызметшілер жазбаша түрде хабардар етіледі. Бұл ретте тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күн және кезектілік нөмірі немесе мұқтаж деп танудан бас тарту себебі көрсетіледі.

      7. Әскери қызметші жаңа қызмет орнына ауысқан кезде тұрғын үйге мұқтаждар тізімдеріндегі кезектілік осы Қағидалардың 4-тармағымен белгіленген күн бойынша сақталады.

      8. Әскери қызметшілерді тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алу "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған негіздемелер бойынша жүргізіледі.

      9. Əскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшілердің (қаза табуы (қайтыс болуы) əскери қызметші құқыққа қайшы əрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектестерден) масаңдануы не өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен дəлелденген жағдайлардан басқа кезде) отбасы мүшелері олар тұрғын үймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 685 қаулысымен.

      10. Тұрғын үй комиссияларының жұмыс тәртібін құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсанда № 1420 қаулысымен бекітілген Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді беру және пайдалану қағидаларымен айқындалған тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайды.

      Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй комиссиялары қызметінің тəртібін уəкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 685 қаулысымен.

3. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне қызметтік тұрғын үй беру

      11. Қызметтік тұрғын үй беру кезектілік тізіміне сәйкес тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      12. Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, курсанттар мен кадеттерді қоспағанда) қызметтік тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша пәтерлер немесе жатақханадағы бөлмелер не тұрғын үй-жайлар беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 685 қаулысымен.

      13. Шетелге əскери қызмет өткеру үшін жіберілген əскери қызметшінің тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайы шетелде болатын барлық уақытына сақталады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 685 қаулысымен.

      14. Әскери қызметтен шығарылған әскери қызметшілер тұрып жатқан тұрғын үйді жекешелендіру құқығы бар адамдарды қоспағанда, бөлімнің тізімдерінен алынған сәттен бастап бір ай ішінде оларға берілген қызметтік тұрғын үйлерді тапсырады.

4. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне тұрғын үйді жалға алғаны (жалдағаны) үшін мақсатты ақшалай өтемақы төлеу тәртібі

      15. Тұрғынжайды жалға алғаны (жалдағаны) үшін мақсатты өтемақы – бұл қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған әскери қызметшіге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, курсанттар мен кадеттерді қоспағанда) төленетін ақшалай қаражат (бұдан әрі – өтемақы).

      Тұрғын үйді жалдағаны үшін мақсатты өтемақы төлеу 2013 жылғы 1 қаңтарға әскери қызметте кемінде он жыл болған келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жүргізіледі.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 685 қаулысымен.

      16. Әскери қызметшіге нысаналы өтемақы беру әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерін қызметтік тұрғын үй алуға кезектілік тізімінен алу үшін негіздеме болып табылмайды.

      17. Өтемақы төлеу қызметтік тұрғын үйдің орнына тұрғын үйді жалға алғаны (жалдағаны) үшін шығыстарды өтеу мақсатында жүргізіледі.

      18. Өтемақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      19. Өтемақы төлеу үшін әскери қызметші белгіленген тәртіппен ол әскери қызмет өткеретін әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) атына баянат береді.

      Баянатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жауапты құрылымдық бөлімшенің әскери қызмет өткеру орны бойынша әскери қызметшінің тұрғын үймен қамтамасыз етілмегені туралы анықтамасы;

      2) отбасы құрамы туралы анықтама (отбасы құрамы өзгерген жағдайларды қоспағанда, 1 (бір) рет беріледі);

      3) белгіленген тәртіппен жасалған тұрғын үйді жалға алу (жалдау) шарты.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 № 538 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      20. Өтемақы төлеу мемлекеттік мекеменің қаржы органы ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Өтемақы төлеу туралы бұйрық әскери қызметшінің өтемақы төлеу туралы баянаты тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.

      21. Өтемақы төлеу әскери қызмет өткеру орны бойынша ағымдағы айда өткен ай үшін ақшалай үлес төлеумен бір уақытта жүргізіледі. Желтоқсан айында ағымдағы ай үшін өтемақы төлеу 25-күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      22. Өтемақыларды аудару тұрғылықты жері бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда ашылған алушылардың дербес немесе ағымдағы шоттарына жүзеге асырылады.

      23. Әскери қызметке кірген және одан шығарылған айда өтемақы төлеу нақты қызмет өткерген күндерге барабар жүзеге асырылады.

      24. Жүктілігі және туу бойынша, балаға күтім жасау бойынша қосымша демалыстардағы, іссапардағы, оқудағы, емделудегі әскери қызметшілерге өтемақы төлеу жалпы негіздерде жүзеге асырылады.

      25. Жұбайы мен зайыбы бір елді мекенде әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер болып табылған жағдайда өтемақы жұбайының (зайыбының) әскери қызмет өткеру орны бойынша оған өтемақы төленбейтіні туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы негізінде әскери қызметшілердің біреуіне төленеді.

      26. Әскери қызметшілер бір мемлекеттік мекемеден басқаға қызметтік ауысқан кезде өтемақы төлеу жаңа әскери қызмет өткеру орнына кеткен айда мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) ақшалай үлес төленгеннен кейін ауысқан жағдайда – бұрынғы әскери қызмет өткеру орны бойынша;

      2) ақшалай үлес төленген сәтке дейін ауысқан жағдайда – жаңа әскери қызмет өткеру орны бойынша.

      27. Бір елді мекеннен басқаға ауыстырылған әскери қызметшілерге бұрынғы қызмет орны бойынша көзделген мөлшердегі өтемақы осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынған жағдайда ауысқан айдан кейінгі айдың ішінде сақталады.

      28. Əскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің (қаза табуы (қайтыс болуы) əскери қызметші құқыққа қайшы əрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектестерден) масаңдануы не өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайлардан басқа кезде) тұрғын үйге мұқтаж отбасы мүшелеріне тұрғын үймен қамтамасыз етілгенге дейін өтемақы отбасы құрамының өзгеруін ескере отырып, осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде олардың өтініші негізінде төленеді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 685 қаулысымен.

      29. Тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алынған әскери қызметшіге төленген өтемақы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептен алу үшін негіздемелер туындаған күннен бастап қайтаруға жатады.

5. Өтемақы мөлшерін айқындау және оны төлеу үшін ақшалай қаражат жоспарлау тәртібі

      30. Өтемақының шекті мөлшері әскери қызметші әскери қызмет өткеретін жері бойынша елді мекенде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметші отбасы мүшелерінің санын тиесілі пайдалы алаңының (18 шаршы метр) және жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу (жалдау) орташа құнының нормаларына көбейту жолымен айқындалады.

      Жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алудың (жалдаудың) орташа құны мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланатын оның ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне, статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес айқындалады.

      Елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда өтемақы мөлшері аудан орталығының статистикалық деректері бойынша, ал аудан орталығында статистикалық деректер болмаған жағдайда – облыс орталығының статистикалық деректері бойынша айқындалады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 № 538 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      31. Төлеуге жататын өтемақының мөлшері осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде айқындалады.

      32. Өтемақы мөлшерін анықтау кезінде әскери қызметшінің отбасы мүшесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар есепке алынады, қосымша бөлек бөлме ұсынылады. Көрсетілген қосымша алаң артық деп есептелмейді.

      33. Жоспарлы кезеңге өтемақыға шығыстарды жоспарлауды ағымдағы жылы босатылатын және сатып алынатын тұрғын үй қорлары есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілетін адамдарды қоспағанда, тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілердің жасалған тізбесі бойынша тұрғын үй комиссиясы жүргізеді.

      Осы тізбе ағымдағы жылғы 25 сәуірге дейінгі мерзімде одан әрі жоспарлы кезеңге есептерді жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге жолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады