Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 861 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қоса беріліп отырған өзгерістердің 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының үшінші, төртінші, жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын және 3-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 641 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
көрсетілген Үлгі ережеге 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 641 қаулысына 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 641 қаулысына 2-қосымша |
|
Үлгі ережеге 1-қосымша |
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпарат
Жалпы мәліметтер
Тапсырыс берушінің БСН | Тапсырыс берушінің СТН | Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде) | Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде) | Сатып алу жылы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Сатып алу жоспары
р/с № | Жоспар тармағының түрі | Сатып алу нысанының түрі | Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды (ТЖҚЖ сәйкес) | Мемлекеттік тілдегі сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы (ТЖҚЖ сәйкес) | Орыс тіліндегі сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы (ТЖҚЖ сәйкес) | Мемлекеттік тілдегі сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша сипаттамалары (сипаты) (ТЖҚЖ сәйкес) | Орыс тіліндегі тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаты) (ТЖҚЖ сәйкес) | Қосымша сипаттама (мемлекеттік тілде) | Қосымша сипаттама (орыс тілінде) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
Сатып алу тәсілі | Өлшем бірлігі (ТЖҚЖ сәйкес) | Саны, көлемі | Бірлік құны, теңге | Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге | Сатып алуды жүзеге асырудың жоспарлы мерзімі (ай) | Тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызмет көрсету мерзімі | Елді мекен коды (ӘАОЖ сәйкес) | Алдын ала төлем мөлшері, % |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
* ТЖҚС – тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратта ақпаратты толтыру жолдар бойынша, мынадай тәртіппен әрбір тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет бойынша жеке жүзеге асырылады.
Жалпы мәліметтер
1-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (болған жағдайда толтырылады).
2-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
3-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің қазақ тіліндегі атауы көрсетіледі.
4-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі.
5-баған. Сатып алу жоспарының жылы көрсетіледі (мысалы: 2012).
Сатып алу жоспары
1-баған. Жылдық сатып алу жоспары жазбасының (позициясының) реттік нөмірі көрсетіледі (реттік нөмірі нүктесіз бүтін сандармен жазылады).
2-баған. Жоспар тармағының түрі көрсетіледі.
3-баған. Сатып алу мәнінің түрі (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет) көрсетіледі.
4-баған. "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы" анықтамалығына сәйкес 17 белгі деңгейінде тауар коды не 14 белгі деңгейінде жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.11.00.00.00.01.10.1).
5-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қазақ тіліндегі атауы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
6-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
7-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес қазақ тілінде сатып алу мәнінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
8-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес қазақ тілінде сатып алу мәнінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
9-баған. Қазақ тілінде сатып алу мәнінің қосымша сипаттамасы көрсетіледі.
10-баған. Орыс тілінде сатып алу мәнінің қосымша сипаттамасы көрсетіледі (аталған баған толтыру үшін міндетті болып табылмайды).
11-баған. Сатып алу тәсілі көрсетіледі.
12-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес өлшем бірлігі көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
13-баған. 11-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі.
14-баған. Теңгемен сатып алу мәнінің бірлігі үшін бағасы көрсетіледі.
15-баған. Теңгемен жоспарланатын сатып алу сомасы көрсетіледі.
16-баған. Сатып алу рәсімдерін өткізудің жоспарланатын айы көрсетіледі.
17-баған. Жоспарланатын жеткізу мерзімі көрсетіледі (ерікті жолақ).
18-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес елді мекен коды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу орны көрсетіледі.
19-баған. Жоспарлы аванстық төлем мөлшері көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 641 қаулысына 3-қосымша |
|
Үлгі ережеге 2-қосымша |
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер
туралы ақпарат
Шарттар тізіліміндегі жазбаның нөмірі | Жазбаның соңғы өзгертілген күні | Тапсырыс беруші | Сатып алуды жүзеге асыру тәсілі | Сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі | Сатып алудың қорытындысы шыққан күн | Шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері | Шарт | |||
атауы | СТН | БСН | күні | нөмірі | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
кестенің жалғасы
Шарт валютасының коды | Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің (ТЖҚС-ке сәйкес) коды | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (ТЖҚС-ке сәйкес) атауы | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаты) | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаты | Тауар туралы ақпарат | Бірлік үшін бағасы, теңгемен | Саны | Сомасы, теңге | |
тауар өндірілген ел | тауардың мәртебесі | ||||||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
кестенің жалғасы
Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат | Шарт орындалған күн | Шарттың қолданылуы тоқтатылған күн | ||||||||
Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.) | Орналасқан жері (мекенжайы) | СТН | БСН, ЖСН | Өнім берушінің елі | Телефон және факс | Шарт бойынша | Іс жүзінде | Іс жүзінде тапсырыс берушінің төлегені, теңгемен | Күні | Негізі және себебі |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 |
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпаратта ақпаратты толтыру есепті кезең үшін әрбір жасалған шарт туралы жеке жолға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады.
1-баған. Шарттар тізілімінде 20 мәнді нөмір жазбасын жүйе автоматты түрде толтырылады.
2-баған. Сатып алу шартына өзгеріс енгізілген жағдайда күні "күн, ай, жыл" (00.00.0000. мысалы, 04.10.2013.) форматында көрсетіледі.
3-баған. Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі.
4-баған. Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге тапсырыс берушінің салық төлеуші ретіндегі тіркеу нөмірі көрсетіледі.
5-баған. Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
6-баған. Сатып алу тәсілі мәтіндік бөлігі мен код аймағының мәнінің мынадай сәйкестігіне қарай көрсетіледі:
тендер – 1;
баға ұсыныстарын сұрату - 2;
бір көзден сатып алу – 3;
ұйымдастырылған электрондық сауда-саттық – 4;
тауар биржалары арқылы – 5;
кепілдендірілген тапсырыс – 6.
7-баған. Сатып алу өткізілетіні туралы хабарламаға берілген нөмір көрсетіледі.
8-баған. Сатып алу қорытындылары шыққан күн "күн, ай, жыл" (00.00.0000. мысалы, 04.10.2013.) форматында көрсетіледі.
9-баған. Құжаттың "күн, ай, жыл" (00.00.0000.) форматында күні, нөмірі мен атауы (мысалы, № 54, сатып алу қорытындыларының хаттамасы) көрсетіледі.
10-баған. Шарт жасалған күн "күн, ай, жыл" (00.00.0000.) форматында көрсетіледі.
11-баған. Шартқа берілген нөмір көрсетіледі.
12-баған. Шарт валютасының коды валюталардың сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.
13-баған. Тапсырыс беруші сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің коды Тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.
14-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы Тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.
15-баған. Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаты) Тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.
16-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қосымша сипаттамасы көрсетіледі.
17-баған. Тауар өндірілген ел елдердің анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
18-баған. Тауардың мәртебесі, егер: толық өндірілген болса – 1, қайта өңдеуге ұшыраған болса – 2 деп көрсетіледі.
19-баған. Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірлік бағасы (нүктеден кейінгі екінші ондық мәнге дейін дәл) теңгемен көрсетіледі.
20-баған. Тауарлардың саны 19-бағанда аталған тауарлардың өлшем бірлігіне сәйкес көрсетіледі.
21-баған. Шарттың сомасы теңгемен (нүктеден кейінгі екінші ондық мәнге дейін дәл) көрсетіледі.
22-баған. Заңды тұлғаның толық атауы немесе тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуші – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты шартқа сәйкес көрсетіледі.
23-баған. Заңды тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы субъектісінің, қаланың (елді мекеннің), көшенің почталық мекенжайы, атауы, үйінің, кеңсесінің (егер бар болса) нөмірі, жеке тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы субъектісінің, қаланың (елді мекеннің), көшенің почталық мекенжайы, атауы, жеке тұлғаның тұрғылықты орны бойынша тіркелген үйінің, пәтерінің нөмірі көрсетіледі.
24-баған. Өнім беруші – салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
25-баған. Заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі.
26-баған. Елдердің анықтамалығына сәйкес өнім беруші резиденті болып табылатын ел көрсетіледі.
27-баған. Өнім берушінің телефоны және факсы (бар болса) көрсетіледі.
28-баған. Шарттың талаптарына сәйкес шарттың қолданылуы аяқталуының жоспарлы күні "айы, жылы" форматында (00.0000) көрсетіледі.
29-баған. Шарттың орындалған күні шарттың "күні, айы, жылы" форматында (00.00.0000.) көрсетіледі.
30-баған. Шарттың ақысын төлеу есебіне жүзеге асырылған төлемдер сомасы теңгемен не шартта көрсетілген валютада көрсетіледі.
31-баған. Өзге себептермен шарттың қолданылуының орындалуы немесе орындалмауы тоқтатылған күн "күні, айы, жылы" форматында (0000.00.00.) көрсетіледі.
32-баған. Шарт қолданысының тоқтатылу негіздемесі мен себебі оның бұзылуына байланысты немесе өзге себептері бойынша көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 641 қаулысына 4-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.