Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беретін және талап ету құқығын басқаға беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлғаны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 733 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 693 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2014 № 693 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және 01.01.2016 дейін қолданылады).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 90-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына және 99-бабы 1-тармағының 14-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы:
      1) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын беретін;
      2) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлға болып айқындалсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Об определении юридического лица, которому банк, являющийся национальным институтом развития, контрольный пакет акций которого принадлежит национальному управляющему холдингу, уступает права требования по кредиту (займу), и доходы которого от уступки права требования, полученные в связи с выкупом у банка, являющегося национальным институтом развития, контрольный пакет акций которого принадлежит национальному управляющему холдингу, прав требований по кредитам (займам), подлежат исключению из совокупного годового дохода

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июля 2013 года № 733. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2014 года № 693

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.06.2014 № 693 (вводится в действие со дня его подписания, подлежит официальному опубликованию и действует до 01.01.2016).

      В соответствии с подпунктом 4-1) пункта 2 статьи 90 и подпунктом 14-2) пункта 1 статьи 99 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить акционерное общество «Инвестиционный фонд Казахстана» юридическим лицом:
      1) которому банк, являющийся национальным институтом развития, контрольный пакет акций которого принадлежит национальному управляющему холдингу, уступает права требования по кредиту (займу);
      2) доходы которого от уступки права требования, полученные в связи с выкупом у банка, являющегося национальным институтом развития, контрольный пакет акций которого принадлежит национальному управляющему холдингу, прав требований по кредитам (займам), подлежат исключению из совокупного годового дохода.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов