«Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беретін және талап ету құқығын басқаға беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 733 қаулысына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 733 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 90-бабының 2-тармағының 4-1) тармақшасына, 99-бабының 1-тармағының 14-2) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 59-ө өкімінің 2-тармағының 1-4) тармақшасын орындау үшін әзірленді.
Қаулыда «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамын:
1) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын беретін;
2) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлға ретінде айқындау көзделген.
Қаулының мақсаты мыналар:
1) кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-дан «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ға беру;
2) «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-дан кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алған табыстарды жиынтық жылдық табыстан алып тастау болып табылады.
Қаулы республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі