Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 165-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 16, 17, 24, 25 және 26-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 27-1 және 27-2-жолдармен толықтырылсын:
«
27-1. |
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (жаңа редакция) |
БП (келісім бойынша) |
наурыз |
мамыр |
қыркүйек |
И.Д. Меркель |
27-2. |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
БП (келісім бойынша) |
наурыз |
мамыр |
қыркүйек |
И.Д. Меркель |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 29-1, 29-2 және 29-3-жолдармен толықтырылсын:
«
29-1. |
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі (жаңа редакция) |
БП (келісім бойынша) |
мамыр |
маусым |
қыркүйек |
И.Д. Меркель |
29-2. |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
БП (келісім бойынша) |
мамыр |
маусым |
қыркүйек |
И.Д. Меркель |
29-3. |
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы |
БП (келісім бойынша) |
мамыр |
маусым |
қыркүйек |
И.Д. Меркель |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов