"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 948 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 165-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 16, 17, 24, 25 және 26-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 27-1 және 27-2-жолдармен толықтырылсын:

      « 

27-1.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (жаңа редакция)

БП (келісім бойынша)

наурыз

мамыр

қыркүйек

И.Д. Меркель

27-2.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БП (келісім бойынша)

наурыз

мамыр

қыркүйек

И.Д. Меркель

      »;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 29-1, 29-2 және 29-3-жолдармен толықтырылсын:

      «

29-1.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі (жаңа редакция)

БП (келісім бойынша)

мамыр

маусым

қыркүйек

И.Д. Меркель

29-2.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БП (келісім бойынша)

мамыр

маусым

қыркүйек

И.Д. Меркель

29-3.

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

БП (келісім бойынша)

мамыр

маусым

қыркүйек

И.Д. Меркель

      ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады