Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Газды қайтару жөніндегі мәміленің бағаларын белгілеу туралы" 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 420 және "Газбен өзара алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы" 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қазандағы № 1150 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Газды қайтару жөніндегі мәміленің бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 420 қаулысында:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2011 жылғы 7 қаңтардағы Табиғи газды қарызға алу туралы келісімге сәйкес «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Газпром» ашық акционерлік қоғамының уәкілетті ұйымы арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы 2013 жылы газды экспортқа өткізу кезінде 2011 жылғы қараша – 2013 жылғы сәуірде пайдаланылған және «АлматыГазТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген газды «Азиялық Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайтару мақсатында Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен жабдықтау үшін Орта Азиялық газының бірдей көлемін:»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1 336 000 000 текше метрге дейінгі көлемдегі өзбек газын Қарашығанақ кен орнының өңделген газына қарсы жеткізу жолымен Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін әкелместен, «Түркіменстан – Қытай» магистральдық газ құбырының «Баймұрат» газ өлшеу станциясында өлшей отырып, Өзбекстан/Қазақстан шекарасында – 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары болып белгіленсін.»;
      2) «Газбен өзара алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Өзбекстан Республикасы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін өзбек газының және Ресей Федерациясы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Ресей газының тең көлемін 3 465,5 миллион текше метрге дейінгі көлемде Қарашығанақ кен орнының өңделген газына қарсы жеткізу жолымен 2013 жылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Газпром» ашық акционерлік қоғамы уәкілеттік берген ұйым «GAZPROM Schweiz AG» арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы Қазақстан Республикасы/Ресей Федерациясы шекарасы, «Александров Гай» газ өлшеу станциясы DАР шарттарымен 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары болып белгіленсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2013 года № 420 "Об установлении цен сделки по возврату газа" и от 30 апреля 2013 года № 421 "Об установлении цены сделки, осуществляемой по взаимообмену газом"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2013 года № 1150

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2013 года № 420 «Об установлении цен сделки по возврату газа»:
      в пункте 1:
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      «1. Установить цены на газ по сделке, заключаемой между товариществом с ограниченной ответственностью «КазРосГаз» и уполномоченной организацией открытого акционерного общества «Газпром», при реализации газа на экспорт в 2013 году в целях возврата газа товариществу с ограниченной ответственностью «Азиатский Газопровод», использованного с ноября 2011 года по апрель 2013 года и переданного товариществу с ограниченной ответственностью «АлматыГазТрейд» в соответствии с Соглашением о займе природного газа от 7 января 2011 года для газоснабжения внутреннего рынка Республики Казахстан путем встречных поставок равного количества среднеазиатского газа:»;
      подпункт 2) изложить в следующей редакции:
      «2) в объеме до 1 336 000 000 кубических метров узбекского газа на границе Узбекистан/Казахстан с замером на газоизмерительной станции «Баймурат» магистрального газопровода «Туркменистан – Китай» без ввоза для потребления на территории Республики Казахстан на переработанный газ Карачаганакского месторождения – 85 долларов США за 1000 кубических метров.»;
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2013 года № 421 «Об установлении цены сделки, осуществляемой по взаимообмену газом»:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Установить цену газа по сделке, заключаемой между товариществом с ограниченной ответственностью «КазРосГаз» и уполномоченной открытым акционерным обществом «Газпром» организацией «GAZPROM Schweiz AG», для обеспечения газом внутреннего рынка Республики Казахстан в 2013 году путем встречных поставок равного количества узбекского газа, поставляемого на границу Республика Узбекистан / Республика Казахстан, и российского газа, поставляемого на границу Российская Федерация / Республика Казахстан, на переработанный газ Карачаганакского месторождения в объеме до 3 465,5 миллионов кубических метров – 85 долларов США за 1000 метров кубических на условиях DAP граница Республика Казахстан / Российская Федерация, газоизмерительная станция «Александров Гай».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов