Газбен өзара алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысы

      «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өзбекстан Республикасы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін өзбек газының және Ресей Федерациясы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Ресей газының тең көлемін 3 465,5 миллион текше метрге дейінгі көлемде Қарашығанақ кен орнының өңделген газына қарсы жеткізу жолымен 2013 жылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Газпром» ашық акционерлік қоғамы уәкілеттік берген ұйым «GAZPROM Schweiz AG» арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы Қазақстан Республикасы/Ресей Федерациясы шекарасы, «Александров Гай» газ өлшеу станциясы DАР шарттарымен 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары болып белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.10.2013 № 1150 қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады