Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Газды қайтару жөніндегі мәміленің бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 420 қаулысында:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2011 жылғы 7 қаңтардағы Табиғи газды қарызға алу туралы келісімге сәйкес «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Газпром» ашық акционерлік қоғамының уәкілетті ұйымы арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы 2013 жылы газды экспортқа өткізу кезінде 2011 жылғы қараша – 2013 жылғы сәуірде пайдаланылған және «АлматыГазТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген газды «Азиялық Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайтару мақсатында Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен жабдықтау үшін Орта Азиялық газының бірдей көлемін:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1 336 000 000 текше метрге дейінгі көлемдегі өзбек газын Қарашығанақ кен орнының өңделген газына қарсы жеткізу жолымен Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін әкелместен, «Түркіменстан – Қытай» магистральдық газ құбырының «Баймұрат» газ өлшеу станциясында өлшей отырып, Өзбекстан/Қазақстан шекарасында – 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары болып белгіленсін.»;
2) «Газбен өзара алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өзбекстан Республикасы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін өзбек газының және Ресей Федерациясы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Ресей газының тең көлемін 3 465,5 миллион текше метрге дейінгі көлемде Қарашығанақ кен орнының өңделген газына қарсы жеткізу жолымен 2013 жылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Газпром» ашық акционерлік қоғамы уәкілеттік берген ұйым «GAZPROM Schweiz AG» арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы Қазақстан Республикасы/Ресей Федерациясы шекарасы, «Александров Гай» газ өлшеу станциясы DАР шарттарымен 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары болып белгіленсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов