«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агент көрсететін қызметтерге төленетін 2013 жылға арналған ақы 64495000 (алпыс төрт миллион төрт жүз тоқсан бес мың) теңге мөлшерінде бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент көрсететін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов