Агент көрсететін қызметтерге төленетін ақының 2013 жылға арналған мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 1196 қаулысы

      «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агент көрсететін қызметтерге төленетін 2013 жылға арналған ақы 64495000 (алпыс төрт миллион төрт жүз тоқсан бес мың) теңге мөлшерінде бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент көрсететін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Об утверждении размера оплаты услуг агента на 2013 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 ноября 2013 года № 1196

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 4-1 Закона Республики Казахстан от 10 марта 2004 года «Об обязательном страховании в растениеводстве» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить оплату услуг агента на 2013 год в размере 64495000 (шестьдесят четыре миллиона четыреста девяносто пять тысяч) тенге.
      2. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан осуществить оплату услуг агента за счет средств, предусмотренных Законом Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2013-2015 годы» для государственной поддержки развития агропромышленного комплекса, в соответствии с договором, заключенным между уполномоченным государственным органом в области растениеводства и агентом, в течение пятнадцати календарных дней после его заключения.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов