"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 1235 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 727 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, 177-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2013 жылғы 15 қарашадағы
№ 1235 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 21 сәуірдегі
№ 376 қаулысымен   
бекітілген      

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін
бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар
өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу тәртібін айқындайды.
      2. Жария тыңдаулар өткізудің мақсаты тұтынушылар мен уәкілетті орган үшін табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жолымен тариф саясаты саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту болып табылады.
      3. Жария тыңдаулар - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) немесе оның шекті деңгейінің жобасын мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды және табиғи монополиялар субъектілерін шақыра отырып өткізілетін талқылау рәсімі.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
      4. Жария тыңдауларды өткізу қағидаттары:
      1) жариялылық;
      2) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтау.
      5. Уәкілетті орган жария тыңдауларды өткізгенге дейін жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарландыруды:
      1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін жалпы тәртіппен бекіту кезінде күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей;
      2) Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастырады және табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, аптасына кемінде екі рет шығатын баспасөз басылымдарында жариялайды.
      Мерзімді баспасөз басылымдарында алдағы болатын жария тыңдаулар туралы хабарландыруды жариялау туралы талаптар реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қуаты аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
      6. Алдағы болатын жария тыңдаулар туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді:
      1) тыңдауларды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан орнын;
      2) тыңдаулардың өткізілетін күні, орны мен уақытын;
      3) табиғи монополия субъектісінің атауын және өтінім берілген реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерін;
      4) ақпарат алуға болатын жария тыңдауларды ұйымдастырушының және табиғи монополия субъектісінің байланыс телефондарын;
      5) уәкілетті органның және табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсының мекенжайын (болған жағдайда) қамтиды.
      7. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын талқылау жөніндегі жария тыңдауларды өткізу кезінде уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, тиісті жергілікті мемлекеттік басқару органдарын шақырады.
      8. Қуаты аз табиғи монополия субъектісі жария тыңдауларды өткізгенге дейін жария тыңдауларды өткізу күні, орны мен уақыты туралы тұтынушыларды және мүдделі тұлғаларды хабардар етеді.
      9. Жария тыңдаулар:
      1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлерін бекіту кезінде бекіту туралы шешім қабылдағанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей;
      2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде бекіту туралы шешім қабылдағанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей;
      3) Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде бекіту туралы шешім қабылдағанға дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей;
      4) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде бекіту туралы шешім қабылдағанға дейін күнтізбелік бір күннен кешіктірмей өткізіледі.
      10. Табиғи монополия субъектісі жария тыңдауларды өткізу күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
      реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын;
      реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру себептері туралы экономикалық негізделген есептері бар ақпаратты береді.

2. Жария тыңдауларды өткізу тәртібі

      11. Тыңдаулар уәкілетті орган айқындаған үй-жайда кедергісіз кіруді қамтамасыз ету арқылы өткізіледі.
      12. Жария тыңдаулар өткізу үшін уәкілетті орган қызметкерлерінің ішінен жария тыңдаулардың төрағасы (бұдан әрі - төраға) тағайындалады. Төраға қуаты аз табиғи монополия субъектісінің өтінімдерін қарауды қоспағанда, уәкілетті орган қызметкерлерінің ішінен жария тыңдаулардың хаттамасын жүргізетін хатшыны тағайындайды.
      13. Хаттама жазбаша нысанда жасалады.
      14. Төраға әрбір жария тыңдауға регламент белгілейді.
      15. Төраға белгіленген уақытта тыңдауларды ашады, олардың мақсатын және күн тәртібін жариялайды. Төраға қатысушыларды тыңдауларды өткізу регламентімен таныстырады.
      16. Өз сөзінде табиғи монополия субъектісі өзі көрсететін реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ұсынылып отырған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейіне немесе оның шекті деңгейіне растаушы фото, бейне материалдарды қоса бере отырып, егжей-тегжейлі түсініктеме және негіздеме береді.
      17. Төраға жария тыңдауларда сөз сөйлейтіндерге сұрақтар қояды, қаралып отырған мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіреді, тыңдауларға қатысушының тыңдау регламентін бұзатын, сондай-ақ жария тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ сөзін бөледі.
      Жария тыңдауларды өткізу кезінде тәртіпті бұзатын адамға төраға ескерту жасайды. Тәртіпті қайта бұзған жағдайда тыңдауларға қатысып отырған адам үй-жайдан шығарылады.
      18. Жария тыңдауларға қатысушылар қаралып отырған мәселелер бойынша өз көзқарастарын (болған жағдайда) білдіреді, сөз сөйлеушілерге сұрақтар қояды, өз сөздерінде көмекші материалдарды (плакаттар, кестелер және тағы басқалар) пайдаланады және жария тыңдаулардың хаттамасына сөйлеген сөзін жазбаша қоса береді.
      19. Төраға тыңдаулардың қорытындысын шығарады және жария тыңдауларды жабады.
      20. Жария тыңдауларға қатысушылар білдірген пікірлер ұсынымдық сипатқа ие және назарға алынады.
      21. Жария тыңдауларды өткізу процесінде хаттама жасалады, онда осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген ақпарат, сондай-ақ жария тыңдаудың басталуы мен аяқталуы, сөз сөйлегендердің тегі, аты-жөні туралы мәліметтер және сөйлеген сөздер мәтінінің қысқаша мазмұны мен тыңдаулардың нәтижелері қамтылады. Барлық хаттамалар нөмірленеді және жеке папкаға тігіледі.
      22. Жария тыңдаулардың хаттамасы жария тыңдаулар өткізген уәкілетті органның мұрағатында жария тыңдаулар өткізілген күннен бастап үш жыл бойы сақталады.
      23. Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер табиғи монополия субъектісінің келісімінсіз жария тыңдауларда жария етуге жатпайды.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 376 "Об утверждении Правил проведения публичных слушаний при рассмотрении заявок на утверждение тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 2013 года № 1235. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2015 года № 727

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.09.2015 № 727 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 376 «Об утверждении Правил проведения публичных слушаний при рассмотрении заявок на утверждение тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий» (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 17, ст. 177) следующие изменения:
      в заголовок и пункт 1 вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;
      Правила проведения публичных слушаний при рассмотрении заявок на утверждение тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 15 ноября 2013 года № 1235

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 21 апреля 2013 года № 376

Правила проведения публичных слушаний при рассмотрении заявок
на утверждение тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных
уровней на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов
естественных монополий 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения публичных слушаний при рассмотрении заявок на утверждение тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 июля 1998 года «О естественных монополиях и регулируемых рынках» (далее - Закон) и определяют порядок проведения государственным органом, осуществляющим руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, (далее - уполномоченный орган) публичных слушаний при рассмотрении заявок на утверждение тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий.
      2. Целью проведения публичных слушаний является усиление системы защиты прав потребителей в сфере тарифной политики путем обеспечения прозрачности деятельности субъектов естественных монополий для потребителей и уполномоченного органа.
      3. Публичные слушания - процедура обсуждения проекта тарифа (цены, ставки сбора) или его предельного уровня на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии с приглашением представителей государственных органов, потребителей и их общественных объединений, средств массовой информации, независимых экспертов и субъектов естественных монополий.
      Иные определения и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан о естественных монополиях и регулируемых рынках.
      4. Принципы проведения публичных слушаний:
      1) гласность;
      2) соблюдение баланса интересов потребителей и субъектов естественных монополий.
      5. Уполномоченный орган до проведения публичного слушания размещает на своем интернет-ресурсе и опубликовывает в печатных изданиях, распространяемых на соответствующей территории административно-территориальной единицы, на которой субъект естественной монополии осуществляет свою деятельность, объявление о проведении публичных слушаний с выпуском не реже двух раз в неделю:
      1) при утверждении тарифов (цен, ставок сбора) или их предельных уровней на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии в общем порядке не позднее, чем за пятнадцать календарных дней;
      2) при утверждении тарифов (цен, ставок сбора) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии в соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона не позднее, чем за семь календарных дней.
      Требования об опубликовании в периодических печатных изданиях объявления о предстоящем публичном слушании не распространяются на субъектов естественных монополий малой мощности при утверждении тарифов (цен, ставок сбора) на регулируемые услуги (товары, работы).
      6. Объявление о предстоящем публичном слушании включает следующие сведения:
      1) наименование и местонахождение организатора слушаний;
      2) дату, место и время проведения слушаний;
      3) наименование субъекта естественной монополии и вид услуг (товаров, работ) на утверждение тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней, на которые подана заявка;
      4) контактные телефоны уполномоченного органа и субъекта естественной монополии, по которому возможно получение информации;
      5) адрес интернет-ресурса уполномоченного органа и субъекта естественной монополии (при наличии).
      7. При проведении публичных слушаний по обсуждению проектов тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий, включенных в местный раздел Государственного регистра субъектов естественных монополий, уполномоченный орган приглашает соответствующие органы местного государственного управления с указанием сведений, предусмотренных пунктом 6 настоящих Правил.
      8. Субъект естественной монополии малой мощности до проведения публичных слушаний информирует потребителей и заинтересованных лиц о дате, месте и времени проведения публичных слушаний.
      9. Публичные слушания проводятся:
      1) при утверждении предельных уровней тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии не позднее, чем за тридцать календарных дней до принятия решения об утверждении;
      2) при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии не позднее, чем за пятнадцать календарных дней до принятия решения об утверждении;
      3) при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии в соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона не позднее, чем за семь календарных дней до принятия решения об утверждении;
      4) при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии малой мощности не позднее, чем за один календарный день до принятия решения об утверждении.
      10. Субъект естественной монополии после опубликования информации о дате проведения публичных слушаний представляет по требованию участников публичных слушаний:
      проекты тарифных смет, тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) или их предельных уровней;
      информацию о причинах повышения тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) или их предельных уровней с экономически обоснованными расчетами.

2. Порядок проведения публичных слушаний

      11. Слушания проводятся в помещении, определяемом уполномоченным органом, с обеспечением беспрепятственного доступа.
      12. Для проведения публичных слушаний из числа сотрудников уполномоченного органа назначается председатель публичных слушаний(далее - председатель). Председатель назначает секретаря публичных слушаний из числа работников уполномоченного органа, который ведет протокол, за исключением рассмотрения заявки субъекта естественной монополии малой мощности.
      13. Протокол составляется в письменной форме.
      14. Председатель устанавливает регламент на каждые публичные слушания.
      15. Председатель в назначенное время открывает слушания, объявляет их цель и повестку дня. Председатель ознакамливает участников с регламентом проведения слушаний.
      16. В своем выступлении субъект естественной монополии дает подробное разъяснение и обоснование предлагаемому уровню тарифа (цены, ставки, сбора) или его предельного уровня на предоставляемые им регулируемые услуги (товары, работы) с приложением подтверждающих фото, видео материалов.
      17. Председатель задает вопросы выступающим на публичных слушаниях, излагает свою позицию по рассматриваемым вопросам, прерывает выступление участника слушаний, нарушающего регламент слушаний, а также выступления, не имеющие отношение к теме публичных слушаний.
      Лицу, нарушающему порядок во время проведения публичных слушаний, председатель делает предупреждение. При повторном нарушении порядка лицо, участвующее в слушаниях, удаляется из помещения.
      18. Участники публичных слушаний высказывают свою точку зрения (при наличии) по рассматриваемым вопросам, задают вопросы выступающим, используют в своем выступлении вспомогательные материалы (плакаты, графики и другие) и прикладывают письменное выступление к протоколу публичных слушаний.
      19. Председатель подводит итоги слушаний и закрывает публичные слушания.
      20. Мнения, выраженные участниками публичных слушаний, носят рекомендательный характер и принимаются к сведению.
      21. В процессе проведения публичных слушаний ведется протокол, в котором отражаются информация, указанная в пункте 6 настоящих Правил, а также сведения о времени начала и окончания публичных слушаний, фамилии, инициалы выступавших, краткое изложение сути выступлений и результаты слушаний. Все протоколы нумеруются и подшиваются в отдельную папку.
      22. Протокол публичного слушания хранится в течение трех лет со дня проведения слушания в архиве уполномоченного органа, проводившего публичные слушания.
      23. Сведения, составляющие коммерческую и иную охраняемую законом тайну, не подлежат оглашению на публичных слушаниях без согласования с субъектом естественной монополии.