Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2015 жылғы 1 қыркүйектегі 
№ 727 қаулысына     
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Заңды тұлғаларды қала салушыларға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 325 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 9, 78-құжат).
      2. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, 177-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 484-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 157 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 85-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 215 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 11, 103-104-құжаттар).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 276 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 900 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 35, 385-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 92-құжат).
      8. «Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 521 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 305-құжат).
      9. «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 604 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 512-құжат).
      10. «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 734 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 585-құжат).
      11. «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 838-құжат).
      12. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 6, 124-құжат).
      13. «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 107 қаулысы.
      14. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 1368 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1117-құжат).
      15. «Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1568 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 50-құжат).
      16. «Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 521 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 690 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 592-құжат).
      17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1467 және «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 107 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 738 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 626-құжат).
      18. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 1235 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 893-құжат).
      19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат).
      20. «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 107 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1566 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 85, 1075-құжат).
      21. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1467 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 47 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 34-құжат).
      22. «Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 86 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 5, 56-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады