"Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1267 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «21-1) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекіту;»;
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекiту;»;
      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «29) өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісу;»;
      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «29-1) концессиялық ұсынысты, концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, концессия шартына табиғи монополиялар саласына жататын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде өзгерістер мен толықтыруларды келісу;»;
      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «30-1) сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындау;»;
      53) және 54) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «53) осы іс-қимылды жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін, әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген өзге де қызметті жүзеге асыруын келісу;
      54) осы іс-қимылды жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының қызметіне табиғи монополия субъектісінің қатысу жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуын, сондай-ақ оның «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуын келісу;»;
      17-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) табиғи монополиялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдайды;
      6-2) мыналарға:
      табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын;
      шығындары табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуға бақылауды жүзеге асырады;
      6-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзудiң тәртiбiн бекiтедi;»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2007 года № 943 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2013 года № 1267. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.09.2014 № 1011 (порядок введения в действие см. п. 8).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2007 года № 943 «Вопросы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий» (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 38, ст. 439) следующие изменения и дополнения:
      в Положении об Агентстве Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, утвержденном указанным постановлением:
      в пункте 16:
      подпункт 21) изложить в следующей редакции:
      «21) утверждение технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии субъекта естественной монополии, за исключением региональной электросетевой компании;»;
      дополнить подпунктом 21-1) следующего содержания:
      «21-1) утверждение норм потребления коммунальных услуг по газоснабжению, электроснабжению, водоснабжению, водоотведению и теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета, в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан;»;
      подпункт 24) изложить в следующей редакции:
      «24) утверждение нормативной численности персонала субъекта естественной монополии, за исключением региональной электросетевой компании;»;
      подпункт 29) изложить в следующей редакции:
      «29) согласование годовой сметы затрат, направленных на текущий и капитальный ремонт и другие ремонтно-восстановительные работы, не приводящие к росту стоимости основных средств, субъекта естественной монополии, за исключением региональной электросетевой компании;»;
      дополнить подпунктом 29-1) следующего содержания:
      «29-1) согласование концессионного предложения, технико-экономического обоснования концессионного проекта, конкурсной документации, проекта договора концессии, в том числе при внесении в них изменений и дополнений, изменения и дополнения в договор концессии в части порядка формирования и утверждения тарифов (цен, ставок сборов) на услуги (товары, работы), относящиеся к сфере естественных монополий;»;
      дополнить подпунктом 30-1) следующего содержания:
      «30-1) определение обоснованной величины объема потребления физическими лицами регулируемых услуг в сфере водоснабжения в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан;»;
      подпункты 53) и 54) изложить в следующей редакции:
      «53) согласование осуществления субъектом естественной монополии иной деятельности, разрешенной Законом Республики Казахстан «О естественных монополиях и регулируемых рынках», за исключением субъектов естественных монополий малой мощности, субъектов естественных монополий, оказывающих услуги аэропортов, которыми представляется уведомление о проведении данных действий;
      54) согласование приобретения субъектом естественной монополии акций (долей участия), а также иными формами его участия в коммерческих организациях, осуществляющих деятельность, разрешенную для него Законом Республики Казахстан «О естественных монополиях и регулируемых рынках», за исключением субъектов естественных монополий малой мощности, которыми предоставляется уведомление о проведении данного действия, а также случаев участия субъекта естественной монополии в деятельности расчетно-финансового центра по поддержке возобновляемых источников энергии в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области поддержки использования возобновляемых источников энергии;»;
      пункт 17 дополнить подпунктами 6-1), 6-2) и 6-3) следующего содержания:
      «6-1) принимать решения о включении субъектов, осуществляющих деятельность в сферах естественных монополий, в государственный регистр субъектов естественных монополий либо об исключении из него;
      6-2) осуществлять контроль:
      за исполнением субъектом естественной монополии тарифной сметы;
      за закупками, затраты на которые учитываются при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии;
      6-3) утверждать порядок ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов по каждому виду регулируемых услуг (товаров, работ) и в целом по иной деятельности;»;
      пункт 24 изложить в следующей редакции:
      «24. Аппарат Агентства возглавляется ответственным секретарем, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов