Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ережеде:
16-тармақта:
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекіту;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекiту;»;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісу;»;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) концессиялық ұсынысты, концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, концессия шартына табиғи монополиялар саласына жататын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде өзгерістер мен толықтыруларды келісу;»;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындау;»;
53) және 54) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«53) осы іс-қимылды жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін, әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген өзге де қызметті жүзеге асыруын келісу;
54) осы іс-қимылды жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының қызметіне табиғи монополия субъектісінің қатысу жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуын, сондай-ақ оның «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуын келісу;»;
17-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) табиғи монополиялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдайды;
6-2) мыналарға:
табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын;
шығындары табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуға бақылауды жүзеге асырады;
6-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзудiң тәртiбiн бекiтедi;»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов