Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 881 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының
Аслан Бәкенұлы Білім және ғылым министрі
Әбіш - Қазақстан Республикасы
Самат Сатыбалдыұлы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
төрағасының орынбасары
(келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Ғұсман Кәрімұлы Әмрин шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов