"Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 881 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1282 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 881 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Сәрінжіпов                              - Қазақстан Республикасының
Аслан Бәкенұлы                            Білім және ғылым министрі

Әбіш                                    - Қазақстан Республикасы
Самат Сатыбалдыұлы                        Ұлттық қауіпсіздік комитеті
                                          төрағасының орынбасары
                                          (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Ғұсман Кәрімұлы Әмрин шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады