"Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 881 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1282 қаулысы

«Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы
орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөнінде ұсыныстар
әзірлеуге арналған комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 881 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29
қарашадағы № 1282 қаулысына баспасөз-хабарламасы

      «Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 881 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1282 қаулысы 2013 жылы болған кадрлық өзгерістерге байланысты әзірленді.
      Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған комиссияның құрамына өзгерістер енгізу атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау мәселелері бойынша алқалы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығынын болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға апарып соқпайды.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министірлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз