Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
«ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1179-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
«Орынбаев - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы Президентінің көмекшісі
Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасы
Аслан Бәкенұлы Білім және ғылым министрі»;
мына:
«Сұлтанов - Қазақстан Республикасы
Бақыт Тұрлыханұлы Президенті Әкімшілігі Басшысының
орынбасары
Қаппаров - Қазақстан Республикасы
Нұрлан Жамбылұлы Қоршаған ортаны қорғау министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасы
Болат Бидахметұлы Қаржы министрі»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Сұлтанов - Қазақстан Республикасы
Бақыт Тұрлыханұлы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі, төрағаның орынбасары
Қаппаров - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Нұрлан Жамбылұлы орта және су ресурстары министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасы Өңірлік
Болат Бидахметұлы даму министрі»;
көрсетілген құрамнан Қайрат Нематұлы Келімбетов, Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев