"ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1410 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

«ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1179-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:
      ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

      «Орынбаев                  - Қазақстан Республикасы
      Ербол Тұрмаханұлы            Президентінің көмекшісі

      Сәрінжіпов                 - Қазақстан Республикасы
      Аслан Бәкенұлы               Білім және ғылым министрі»;

      мына:

      «Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасы
      Бақыт Тұрлыханұлы            Президенті Әкімшілігі Басшысының
                                   орынбасары

      Қаппаров                   - Қазақстан Республикасы
      Нұрлан Жамбылұлы             Қоршаған ортаны қорғау министрі

      Жәмішев                    - Қазақстан Республикасы
      Болат Бидахметұлы            Қаржы министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасы
      Бақыт Тұрлыханұлы            Премьер-Министрінің орынбасары -
                                   Қазақстан Республикасының Қаржы
                                   министрі, төрағаның орынбасары

      Қаппаров                   - Қазақстан Республикасы Қоршаған
      Нұрлан Жамбылұлы             орта және су ресурстары министрі

      Жәмішев                    - Қазақстан Республикасы Өңірлік
      Болат Бидахметұлы            даму министрі»;

      көрсетілген құрамнан Қайрат Нематұлы Келімбетов, Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады