"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1484 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығын қараңыз.


      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1484 қаулысымен     
бекітілген        

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мен оның облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің филиалдары) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарындағы кеңсеге жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Шарттарды жасасу көрсетілетін қызметті берушінің құқықтық қамтамасыз ету және кадрлық жұмыс және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші филиалдарындағы шартты жасасуға жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының статистикалық ақпаратын ұсынуға жауапты бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы алдын ала сұрау салуды (статистикалық көрсеткіштің атауын, аумақтық бөліністі және кезеңді көрсете отырып) қағаз тасығышта не электрондық форматта (сканерленген сұрау салу) жібереді, оны сұратылып отырған статистикалық ақпараттың болуын не болмауын айқындау үшін көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдары бір жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушыға сұратылып отырған статистикалық ақпараттың болуы не болмауы туралы растау жолданады.
      Қағаз тасығышта не электрондық форматта (сканерленген өтінім) жолданған біржолғы өтініш бойынша сұратылып отырған ақпараттың болуы туралы растауды алған кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған сәтке дейін рұқсат етілетін күту уақыты көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарына құжаттардың топтамасын ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн.
      Шарт жасасқан жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін барынша рұқсат етілетін күту уақыты шартта баяндалады.
      2) Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарына құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілетін барынша ұзақ күту уақыты – 15 минут.
      3) Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін барынша ұзақ уақыты – 20 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген қағаз тасығыштағы статистикалық ақпарат.
      Көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің электрондық нұсқасын алу мүмкіндігі ұсынылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша интернет-ресурста орналасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес белгілейтін бағалар бойынша ақылы көрсетіледі.
      Төлем тәсілі – қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Төлем төлеуге ұсынылған шотқа сәйкес немесе кіріс-кассалық ордер бойынша (филиалда қолма-қол ақшамен есеп айырысу кезінде) жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының төлем тапсырмасында төлем шоты үзінді көшірмесінің нөмірі мен күнін көрсетуі талап етіледі.
      8. Мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика туралы заңнамасының 26-бабында айқындалған тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтеусіз негізде көрсетіледі.
      9. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
      2) көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарына жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) жеке тұлғалар үшін:
      деректемелерді міндетті түрде көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкерлер үшін) көшірмесі;
      бақылау чегі не төлем туралы түбіртек.
      2) заңды тұлғалар үшін:
      деректемелерді міндетті түрде көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе филиалды есептік тіркеу туралы анықтаманың (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе филиалды есептік тіркеу туралы куәліктің) көшірмесі;
      бақылау чегі не төлемнің жүргізілгені туралы банктің белгісі бар төлем тапсырмасы.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін қажет құжаттарды ұсынғанын растайтын құжаттар:
      1) біржолғы өтініш құжаттардың толық топтамасымен жіберілген жағдайда құжаттардың толық топтамасын қабылдау туралы белгі қойылады;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға шарт жасасқан жағдайда – шарттың екінші данасы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарындағы кеңсеге жауапты тұлғаларға Агенттіктің www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statbase.kz интернет-ресурстарында орналастырылған мекенжайлар бойынша не Агенттік басшысының атына 010000 Астана қ., Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, 8-қабат, № 816 кабинет мекенжайы бойынша кеңсеге жазбаша нысанда беріледі, телефоны 8 (7172) 74 97 79, 8 (7172) 74 97 89.
      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарында немесе Агенттікте кеңсеге жауапты тұлғалардың шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
      Шағым еркін нысанда ресімделеді. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы; заңды тұлғаның – толық атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарына және Агенттіктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына шағым жіберуге құқығы бар.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін есепке алумен
өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының аталған мемлекеттік қызмет көрсетілетін үй-жайлары толтыру үлгілері, қажетті құжаттардың тізбесі бар стенділермен жабдықталған және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандустар) жасалған.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Агенттіктің www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statbase.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының телефондары арқылы не шартта көрсетілген телефон арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414, көрсетілген қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының телефондары Агенттіктің www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statbase.kz интернет-ресурстарында көрсетілген.

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату
кестесінде көзделмеген статистикалық
ақпаратты ұсыну» мемлекеттік    
көрсетілетін қызмет стандартына   
қосымша               

Жеке тұлғалар үшін өтініштің үлгісі 
_______________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің немесе
_______________________________________
көрсетілетін қызметті беруші     
_______________________________________
филиалының толық атауы)       
_______________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,      
_______________________________________
әкесінің аты, толық)        

Өтініш

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес статистикалық ақпаратты
_____________________________________________________________________
         (статистикалық ақпаратты алу мақсаты көрсетілсін)
________________________________________________________________ үшін
    (мемлекеттік қызметті көрсетудің қажет етілетін нәтижесі
            көрсетілсін: қағаз немесе электрондық)

ұсынуыңызды сұраймын.

      Қосымша: ______ п.

Жеке тұлғаның деректемелері:
Жеке куәліктің нөмірі        ________________________________________
ЖСН                          ________________________________________
Нақты мекенжайы              ________________________________________
Телефоны мен факсы           ________________________________________
Электрондық мекенжайы        ________________________________________

______________   ____________________________________________________
(қолы, күні)                 (тегі, аты, әкесінің аты)

Заңды тұлғалар үшін өтініштің үлгісі

Заңды тұлғалардың бланкісі үшін орын

_______________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің немесе
_______________________________________
көрсетілетін қызметті беруші    
_______________________________________
филиалының толық атауы)       
_______________________________________
(заңды тұлғаның            
_______________________________________
толық атауы)             

Өтініш

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес статистикалық ақпаратты
_____________________________________________________________________
          (статистикалық ақпаратты алу мақсаты көрсетілсін)
________________________________________________________________ үшін
    (мемлекеттік қызметті көрсетудің қажет етілетін нәтижесі
            көрсетілсін: қағаз немесе электрондық)

ұсынуыңызды сұраймын.

      Қосымша: ______ п.

Заңды тұлғаның деректемелері:
БСН                           _______________________________________
ЖСК                           _______________________________________
БСК                           _______________________________________
Нақты мекенжайы               _______________________________________
Телефоны мен факсы            _______________________________________
Электрондық мекенжайы         _______________________________________

Басшы ____________   _______________________________________________.
       (қолы, мөр)               (тегі, аты, әкесінің аты)

Орынд.: _________________
Тел.: ___________________

Өтінішке қосымша

Р/с

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең

















Об утверждении стандарта государственной услуги "Представление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1484. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2015 года № 829

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.10.2015 № 829 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ и.о. Министра национальной экономики РК от 27.03.2015 г. № 258.


      В соответствии с подпунктом 3) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги «Представление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утвержден          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 31 декабря 2013 года № 1484

Стандарт государственной услуги
«Представление статистической информации,
не предусмотренной графиком распространения
официальной статистической информации»

1. Общие положения

      1. Государственная услуга «Представление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации» (далее – государственная услуга).
      2. Стандарт государственной услуги разработан Агентством Республики Казахстан по статистике (далее – Агентство).
      3. Государственная услуга оказывается Республиканским государственным предприятием на праве хозяйственного ведения «Информационно-вычислительный центр Агентства Республики Казахстан по статистике» (далее – услугодатель) и его филиалами по областям, городам Астане и Алматы (далее – филиалы услугодателя).
      Прием заявлений для получения государственной услуги осуществляется через канцелярию услугодателя и (или) лиц, ответственных за канцелярию в филиалах услугодателя. Заключение договоров осуществляется через отдел правового обеспечения и кадровой работы услугодателя и (или) лиц, ответственных за заключение договора в филиалах услугодателя. Выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется через отделы, ответственные за представление статистической информации услугодателя, и филиалов услугодателя.

2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Сроки оказания государственной услуги:
      1) Для получения государственной услуги услугополучатель направляет предварительно запрос (с указанием наименования статистического показателя, территориальной разрезности и периода) на бумажном носителе либо в электронном формате (отсканированный запрос), который рассматривается услугодателем и (или) филиалами услугодателя для определения наличия запрашиваемой статистической информации в течение одного рабочего дня, по итогам которого услугополучателю направляется подтверждение о наличии либо отсутствии запрашиваемой статистической информации.
      При получении подтверждения о наличии запрашиваемой информации по разовому заявлению, направленному на бумажном носителе либо в электронном формате (отсканированное заявление), допустимое время ожидания до момента получения результата оказания государственной услуги 15 (пятнадцать) календарных дней с момента сдачи пакета документов услугополучателем услугодателю и филиалам услугодателя.
      В случае заключения договора, максимально допустимое время ожидания до момента получения результата оказания государственной услуги оговаривается в договоре.
      2) Максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов услугополучателем услугодателю и филиалам услугодателя – 15 минут.
      3) Максимально допустимое время обслуживания услугополучателя – 20 минут.
      5. Форма оказания государственной услуги: бумажная.
      6. Результат оказания государственной услуги: статистическая информация, не предусмотренная графиком распространения официальной статистической информации на бумажном носителе.
      По требованию услугополучателя предоставляется возможность получения электронной версии результата оказания государственной услуги.
      7. Государственная услуга оказывается платно по ценам, устанавливаемым Правительством Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области государственной статистики, размещенным на интернет-ресурсе по адресу, указанному в пункте 14 настоящего стандарта государственной услуги.
      Способ оплаты – наличный и безналичный расчет. Оплата производится согласно выставленному счету на оплату или по приходно-кассовому ордеру (при наличном расчете в филиале). При оплате по безналичному расчету услугополучателю требуется указать в платежном поручении номер и дату выписки счета на оплату.
      8. Государственным органам в порядке, определенном статьей 26 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике", государственная услуга оказывается на безвозмездной основе.
      9. График работы:
      1) услугодателя – с понедельника по пятницу включительно с 09.00 до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов, кроме выходных (суббота, воскресенье) и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан;
      2) филиалов услугодателя – с понедельника по пятницу включительно с 09.00 до 18.00 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.00 часов, кроме выходных (суббота, воскресенье) и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан.
      Прием осуществляется в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
      10. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя к услугодателю и (или) филиалам услугодателя:
      1) для физических лиц:
      заявление по установленной форме согласно приложению к настоящему стандарту государственной услуги с обязательным указанием реквизитов;
      копия документа, удостоверяющего личность;
      копия свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя (для индивидуальных предпринимателей);
      контрольный чек либо квитанция об оплате.
      2) для юридических лиц:
      заявление по установленной форме согласно приложению к настоящему стандарту государственной услуги с обязательным указанием реквизитов;
      копия справки о государственной регистрации юридического лица или учетной регистрации филиала (свидетельства о государственной регистрации юридического лица или учетной регистрации филиала) с присвоением бизнес-идентификационного номера;
      контрольный чек либо платежное поручение с отметкой банка о проведении платежа.
      Документами, подтверждающими, что услугополучатель представил необходимые документы для получения государственной услуги, являются:
      1) в случае направления разового заявления с полным пакетом документов ставится отметка о принятии полного пакета документов;
      2) в случае заключения договора на получение государственной услуги – второй экземпляр договора.

3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия)
услугодателя и (или) их должностных лиц по вопросам
оказания государственных услуг

      11. В случае обжалования решений, действий (бездействий) услугодателя и (или) филиалов услугодателя, и (или) их должностных лиц жалоба подается в письменной форме в канцелярию услугодателя и (или) лицам, ответственным за канцелярию, в филиалах услугодателя по адресам, размещенным на интернет-ресурсах Агентства www.stat.gov.kz и услугодателя www.statbase.kz, либо на имя руководителя Агентства в канцелярию по адресу: 010000, город Астана, улица Орынбор, дом № 8, здание «Дом министерств», подъезд № 4, 8 этаж, кабинет № 816, телефон 8 (7172) 74 97 79, 8 (7172) 74 97 89.
      Подтверждением принятия жалобы является регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии услугодателя и (или) лицами, ответственными за канцелярию в филиалах услугодателя или Агентства, с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу, сроков и места получения ответа на поданную жалобу.
      Жалоба оформляется в произвольной форме. В жалобе физического лица указываются его фамилия, имя, отчество, почтовый адрес; юридического лица – полное наименование, почтовый адрес, исходящий номер и дата. Жалоба подписывается услугополучателем.
      О результатах рассмотрения жалобы услугополучателю сообщается в письменном виде.
      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя и (или) филиалов услугодателя и Агентства, подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации.
      В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель имеет право подать жалобу в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.
      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, рассматривается в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.
      12. В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги, услугополучатель имеет право обратиться в суд в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

4. Иные требования с учетом особенностей
оказания государственной услуги

      13. Помещения услугодателя и филиалов услугодателя, в которых оказывается данная государственная услуга, оснащены стендами с перечнем необходимых документов с образцами их заполнения и имеют условия для людей с ограниченными физическими возможностями (пандусы).
      14. Адрес места оказания государственной услуги размещен на интернет-ресурсах Агентства www.stat.gov.kz и услугодателя www.statbase.kz.
      15. Услугополучатель имеет возможность получения информации
о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа по телефону единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг, по телефонам услугодателя и филиалов услугодателя, либо по телефону, указанному в договоре.
      16. Номер единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг: 1414, номера телефонов услугодателя и филиалов услугодателя указаны на интернет-ресурсах Агентства www.stat.gov.kz и услугодателя www.statbase.kz.

Приложение            
к стандарту государственной услуги
«Представление статистической 
информации, не предусмотренной
графиком распространения   
официальной статистической  
информации»           

Образец заявления для физических лиц
______________________________________
(полное наименование       
______________________________________
услугодателя или филиала услугодателя)
от ___________________________________
(фамилия, имя, отчество      
___________________________________
физического лица, полностью)  

                             Заявление

      Прошу представить статистическую информацию согласно приложению
к настоящему заявлению, для _________________________________________
                   (указать цель получения статистической информации)
в __________________________________________________________________.
    (указать желаемый результат оказания государственной услуги:
                        бумажный или электронный)

      Приложение ______ л.

Реквизиты физического лица:
Номер удостоверения личности ______________________
ИИН                          ______________________
Фактический адрес            ______________________
Телефон и факс               ______________________
Электронный адрес            ______________________

_________________ _______________________________________________
(подпись, дата)               (фамилия, имя, отчество)

Образец заявления для юридических лиц

                   Место для бланка юридического лица

______________________________________
(полное наименование        
______________________________________
услугодателя или филиала услугодателя)
от ___________________________________
(полное наименование юридического
______________________________________
лица)                

                              Заявление

      Прошу представить статистическую информацию согласно приложению
к настоящему заявлению, для _________________________________________
                   (указать цель получения статистической информации)
в __________________________________________________________________.
     (указать желаемый результат оказания государственной услуги:
                        бумажный или электронный)

      Приложение ______ л.

Реквизиты юридического лица:
БИН               ______________________
ИИК               ______________________
БИК               ______________________
Фактический адрес ______________________
Телефон и факс    ______________________
Электронный адрес ______________________

Руководитель _______________ ______________________________.
            (подпись, печать)   (фамилия, имя, отчество)

Исп.: _________________
Тел.: _________________

Приложение к заявлению

№ п/п

Наименование статистической информации

Территориальная разрезность

Период