"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10883 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2020 № 24 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
М. Құсайынов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 258 бұйрығымен бекітілген

"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.08.2019 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті жеке және заңды тұлғалар үшін (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" ШЖҚ РМК және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары" (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал);

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) көрсетілетін қызметті беруші арқылы баламалы негізде жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) портал, Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде өтініш берілген сәттен бастап күнтізбелік 11 (он бір) күн;

      2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияда немесе көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтініштерді қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық /қағаз.

      6. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес статистикалық ақпаратты беру туралы хабарлама;

      осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартатыны туралы хабарлама.

      Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы:

      ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қағаз жеткізгіште беру;

      осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес статистикалық ақпаратты электрондық форматта беру туралы хабарлама;

      осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартатыны туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз.

      7. Мемлекеттік қызмет "Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) бекітілген бағалар бойынша ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша прейскурант Министрліктің www.economy.gov.kz., Министрліктің Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      Төлем тәсілі – қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейлі банк арқылы төлемге берілген шотқа сәйкес жүргізіледі.

      Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау берілген жағдайда төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

      Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлем кезінде көрсетілетін қызметті алушының төлем шотының үзінді көшірмесінің нөмірін және күнін төлем тапсырмасында көрсету талап етіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

      2) мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы көрсеткен жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру графигі жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) портал арқылы:

      электрондық сұрау;

      төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек және төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы).

      2) Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы (жеке басты куәландыратын құжат бойынша; өкілеттікті растайтын құжат бойынша немесе сенімхат бойынша):

      осы Стандартқа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініштер;

      төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек және төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы).

      Мемлекеттік корпорация жұмыскері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгесі көзделмесе, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат негізінде жеке басты куәландыратын құжатты (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін дайын құжаттарды жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес жоқ құжатты көрсетіп қолхат береді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай:

      1) егер сұратылып отырған статистикалық ақпарат құпия болып табылған немесе "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес респонденттің келісімі болмаған;

      2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған;

      3) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Министрлік, Мемлекеттік корпорация басшысының атына не портал арқылы осы Стандарттың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген Министрліктің, порталдың, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған мекенжайлар мен телефон нөмірлері бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы электронды нысанда беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен инициалдары берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш білдіргені туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы стандарттың 16-тармағында көрсетілген Бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға болады.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайлар мен телефондар бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, құжаттар қабылдау қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуді 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы Мемлекеттік корпорация жұмыскері тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізеді.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаны портал арқылы пайдалануға, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай:

      1) Министрліктің – www.economy.gov.kz;

      2) Комитеттің – www.stat.gov.kz;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – www.egov.kz;

      4) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің – www.statdata.kz. интернет-ресурстарда орналастырылған

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 55-24-22, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

Статистикалық ақпаратты беру туралы хабарлама 20_____ жылғы "___" ________________

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің 20____жылғы №____сұрауыңызға_________ деректер қалыптастырылғанын және көрсетілетін қызметті алушының электронды мекенжайына жолданғандығын хабарлайды.

      Директор ____________________

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі,
аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
не ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

      Сіздің 20__ жылғы____________ №_______ сұрауыңызға "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2015 жылғы 27 наурызда № 258 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10883 2015 жылы 29 сәуірде болып тіркелген) бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының _______ тармақшасына сәйкес "АЕО" РМК Сізге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартатындығын хабарлайды.

      Директор ___________

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі,
аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
не ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10883 болып тіркелген) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызмет қағидаларының 18-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1)________________________________________;

      2)________________________________________.

      ұсынбауыңызға байланысты "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін қажетті құжаттарды қабылдаудан бас тартады

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы) (Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері)

      Орындаушы:

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_____________

      Телефоны__________

      Алдым:

      Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      қолы ______________

      20____ жылғы "___" _________

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Нысан
  Заңды тұлғаның бланкісіне
арналған орын
____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
кімнен
_______________________
(заңды тұлғаның
___________________________
толық атауы)

Заңды тұлғалар үшін өтініш

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес _____________________________________

      _________________________________________________________________

      (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)

      үшін статистикалық ақпаратты ______________________________________

      ______________________________________________ беруіңізді сұраймын.

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қажет етілетін нәтижесі көрсетілсін:

      электронды немесе қағаз)

      Қосымша: ______ парақта.

      Заңды тұлғаның деректемелері:

      Бизнес сәйкестендіруші номері _____________________________

      Жеке сәйкестендіруші коды _____________________________

      Банктік сәйкестендіруші коды _____________________________

      Заңды мекенжайы _____________________________

      Нақты мекенжайы _____________________________

      Телефоны және факсы _____________________________

      Электрондық мекенжайы _____________________________

      Басшы ________________ ________________________________________.

                  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Орындаушы: _________________

      Телефон: _________________

      Өтінішке қосымша

Р/с №

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең

















  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
5- қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің
толық атауы)
кімнен______________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
___________________________
әкесінің аты (болған жағдайда)
толық)

Жеке тұлғалар үшін өтініш

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес _______________________________________

      ___________________________________________________________________

      (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)

      үшін статистикалық ақпаратты ________________________________________

      ________________________________________________ беруіңізді сұраймын.

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қажет етілетін нәтижесі көрсетілсін:

      электронды немесе қағаз)

      Қосымша ______ парақта.

      Жеке тұлғаның деректемелері:

      Жеке куәліктің нөмірі _____________________________

      Жеке сәйкестендіруші номері _____________________________

      Нақты мекенжайы _____________________________

      Телефоны және факсы _____________________________

      Электрондық мекенжайы _____________________________

      _____________ _____________________________________________

      (қолы, күні) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Өтінішке қосымша

Р/с №

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады